Тоғызқұмалақ – ойшылдар ойыны

Қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсысы болса да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ал, осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен халық жиналған думанды-сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келген. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерек- ше мағыналары болған» – деп тегін айтпаса керек. Қазақтың ұлттық ойын-дары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты сонымен қатар байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Себебі, ойынға қатысу үшін, алдымен оған адамның тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату, асық ойыны т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие. Міне, осындай ерте заманнан келе жатқан, терең ойды талап ететін, халық даналығы қалдырған, ежелгі ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ.
Ұлттық ойындар туралы ең алғашқы деректер XІІІ ғасырдан бастап, қағаз бетіне түскен. Оны сол уақытта Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сау ықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинап, Еуропа жұртшы -лығына таныстырған итальяндық саяхатшы Плано Карпини болды. Одан кей -ін де қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған ғалымдар бар. Соның бірі этнограф Н. Пантусов ең алғаш рет «Тоғызқұмалақ» ойыны ның фотосуреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне түсірген. 1906 жылы Н. Пантусов «Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған» деп жазды. Одан кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ. Мұсабаев жүргізген этнографиялық зерттеулері нәтижесінде «Тоғызқұмалақтың» тас бетінде қашалып салынған таңбалары табылған. Ең алғаш тоғызқұмалақ жайлы кітап жазған түркітанушы С. Аманжолов болған. Ал, Базарбек Төтенаевтың «Қазақтың ұлттық ойындары» атты кітабында Тарбағатай тауының Сайқан жоталарының бірінде, Қоржынбай жайлауының етегінде жартасқа салынған тоғызқұмалақ тақтасы бар екенін. Сонымен қатар, Ақшұқыр деген тас төбенің үстінде, тегіс тасқа тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашалып салынғаны жайлы жазылған. Неміс ғалымдарының зерттеуінше тоғызқұмалақтың 4 мың жыл бұрын Қазақстан мен Қырғызстан аумағында тұрған тайпалардың ойыны болғанын айтады. Мәліметтерге сүйенсек ертеде тоғызқұмалақ ғұндардың әскери-танымдық ойыны болған екен. Ғұндар Мөде басқарған кезінде тоғызқұмалақ ойынын «Орда» деп атаған. Сол кезде бұлай аталуының да өзіндік сипаты бар. Бұл ойынды «Қойшылар алгебрасы» яғни, малшылар математикасы деп те атайды. Себебі, тоғызқұмалақты ертеректе ауыл қойшылары жайлауда бір төбенің басына жиналып, қойдың құмалағы-мен ойнайтын болған. Тоғызқұмалақ ойынының аса бір өзіндік ерекшелігі күрделі құрал-жабдықтарды қажет етпеген. Бұрын ойыншылар жерді қазып, ойын тақтасын дайындаған. Бұл ойынның халық арасында кеңінен таралуына толық мүмкіндік туғызды. Тіпті, мықты ойыншылар өзімен ойнауға тұрады-ау деген қарсыластарын басқа рулы елдің арасынан іздеп барып ойнағанда жанкүйерлерін, ақыл -кеңес беретін адамдарын өздерімен бірге ертіп те жүрген. Тоғызқұмалақ ойыны өткен ғасырда ең кеңінен тараған ойын болған. Алғашқы кезінде тоғызқұмалақ ойыны үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болған. Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі үлгісі 1948 жылы қалыптасты. Ойынның классикалық ережесін жасауда МұхтарӘуезов пен қазақ сахнасының мақтанышы, КСРО халық әртісі Қалибек Қуанышпаевтың еңбегі зор. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақ ойыны жетілген тоғыз отаулық классикалық ережесімен ойналады. Ойынның жүрісі оңнан солға қарай бағытталады. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының аты бар. Бірінші отау- таңдық, екінші отау- көшпелі, үшінші отау – атөтпес, төртінші отау – атсұратар, бесінші отау – бел, алтыншы отау –белбасар, жетінші отау- қандықақпан, сегізінші отау – көкмойын, тоғызыншы отау – маңдай. Әр отаудың бұлай деп аталуының өзіндік тарихи маңызы бар. Өйткені ойынның ойналуы толығымен осы отау аттарына негізделген. Кейінірек тоғызқұмалақ ойынының тақтасы ағаштан жасалып, әрбір отаудың маңдайына «а» әрпінен бастап тоғыз отаудан солдан оңға қарай –а,б,в, г, д, ж, з, и әріптерімен белгіленген. Бұл тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға әріптік белгілер қойған Шәймерден Ыбыраев болатын. Ал ойынды бұлай белгілеу жазу кезінде қиындық туғызғандықтан, 1974 жылдан бастап әріптік белгіден, сандық белгіге көшірілген – оның авторы С. Тілеубаев. 1948 жылы тоғызқұмалақ ойынының алғашқы біріншілігі өткен деген дерек бар. Оған небәрі төрт адам қатысқан, ал жеңімпаз болып, Жамбыл облысының тұрғыны Шорман Өтегенов танылған. Ал 1970 жылдарға дейін Республика деңгейінде бірнеше рет аймақтық біріншіліктер өткізіліп тұрған. Осы біріншіліктерде он реттен аса жеңіске жеткен Рақымбай Ақмамбетов деген кісі болған.
1974 жылы алғаш рет қазақ СССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Кейіннен 1977 жылы Республикалық федерация ұсынысымен, республика чемпионына «спорт шебері» атағын беруді мақұлдады. Сол жылға дейін Қазақ СССР-ның ресми түрдегі чемпионы атағын Қостанайлық Д.С. Поляков бес рет ұтып алды. Қазақ СССР жекелей чемпионаттары 1977 жылға дейін ашық түрде өткізіліп тұрды.
1980 жылы тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізілді. 1991 жылы белгілі тоғызқұмалақшы Б. Азымжанов пен М. Тәникеев тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына заман талабына сәйкес түзетулер мен өзгерістер енгізіп, ойынның кодексін жаңашалап жазып шықты. 1991 жылға дейін жекелей чемпионатта ерлер мен әйелдер бірге сайысқа түсіп келді. 1997 жылдан бері елбасы Н.Ә. Назарбаев жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы ардагерлері мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттарын бөлек өткізу ісін жүзеге асырды. 2004 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясын жаңа құраммен қайта сайлады. Ал 2005 жылдан бастап әр ойыншының жек дәрежесін (рейтингтік) есептеу тәртібі енгізілді. Қазіргі таңда жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлдар мен қыздар және ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар бар. Сонымен қатар жекелей чемпионаттар, шапшаң ойнау чемпионаттары өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, республикалық, халықаралық жастар жеңімпазы Серік Ақтаев т.б.

Сондай-ақ, оқыңыз

Еркін күрес

2016 жылдың 17-18 қыркүйегі аралығында «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жəне» …