Еліміздегі еңбек мигранттарының 15 пайызынын АИТВ анықталуда

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін адамдардың саны шамамен 50 миллион адамды құрайды.Эпидемияның өсуі, негізінен, инъекциялық есірткіні қолданумен байланысты, бірақ АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуі, гетеросексуалды жұптар арасында да, 20-39 жас аралығындағы еркектермен жыныстық қатынаста болатын еркектер арасында да көптеп кездесуде.

         Аталмыш жұқпа  барлық  елдерде тіркелген. Вирустың таралуына кедейлік, денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігі, алдын алу және емдеу ресурстарының шектеулігі себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ішкі және сыртқы көшіп-қонудың да осы жұқпаның таралуының бірден бір себебі болып отыр. Жұмыс күшімен уақытша тұруға келген азаматтығы жоқ өз елінен тыс жерлерде тұратын азаматтардан жиі анықталып жатады. Оған себеп мигранттар өз отанынан жырақта қара жұмыс иесі болғандықтан қаржының жетіспеушілігі, әлеуметтік жағдайларының төмен болуы, медициналық қызметтерге қолдары жете бермейді. Сондықтан оларда денсаулықтарының нашарлау қаупі  басым болады. Кез-келген жұқпалы ауруларды жұқтыруға бейім тұрады. Сондай-ақ еңбек мигранттары отбасынан алыс тұратындықтан өзін еркін сезініп жыныстық қатынаста серіктесін жиі айырбастайды бұл да әр түрлі жыныстық жұқпалы ауруларды соның ішінде АИТВ жұқпасының таралуына себеп болады.

Медициналық және әлеуметтік қызметтер мигранттарға көмектесуге дайын, бірақ оларға осы контингентпен байланыс орнату қиын. Көбінесе, мигранттар топтастырылып оқшауланған ортада өмір сүреді.Оларды АИТВ-ның алдын алу шараларымен қамтамасыз ету үшін,олардың  жұмыс уақытын және ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескеріп, арнайы тәсілдерді қарастыру қажет.

Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы»  МКҚМ мигранттар арасында денсаулықты сақтау, АИТВ таралу қаупін төмендету мен жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша санитарлық-алдын алу жұмыстарын жиі жүргізуде.

         Орталық қызметкерлері мигранттардың жұмыс орындарына, кәсіпорындарға, құрылыс алаңдарына, жатақханаларға шығып «Еңбек саласындағы АИТВ жұкпасының өзектілігі» тақырыбында семинарлар мен дәрістер ұйымдастырады. Екі тілде ақпараттық парақшалар таратылады.

 

Астанада еңбек мигранттары көбінесе құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Жыл сайын 350-400-ге жуық мигранттар жақын шетелден – Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден келеді, олардың он бес пайызынан «АИТВ-жұқпасы» анықталып отыр. Ондай мигранттар азаматтығы болмауы себепті ақылы қызметке жүгінеді. Елімізде жұмыс бабымен жүрген әр мигрантқа өз денсаулығына, отбасы мен достарының денсаулығына жауапкершілікпен қараған жөн.

 

         Астана қаласы, СПИД-ке қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы  Д.Т. Бексултанова.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел елордада «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық!» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысын ашқан танымал жазушы – журналист, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел: «Менің сайлауалды бағдарламамда …