Халық өлшемдері

Халық өлшемдеріХалық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографииясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Оны төмендегідей бөлуге болады.

Салмақ өлшемдері:

Мысқал — 1 грамм

Қадақ — 400 грамм

Келі — 1 килограмм

Пұт — 16 килограмм

Батпан — 100 килограмм

Ұзындық өлшемдері:

Елі — 1,5 сантиметр

Тұтам, сынық сүйем — 14-15 сантиметр

Сүйем — 17-18 сантиметр

Қарыс — 20–22 сантиметр

Кез — 50 сантиметр

Аршын — 75 сантиметр

Құлаш — 1,80 метр

Қашықтық өлшемдері:

Адым (қадам) — 1 метр

Таяқ тастам — 1015 метр

«Әй» дейтін жер — 100 метр

Дауыс жететін жер — 250-300 метр

Шақырым — 1 километр

Тай шаптырым — 4-5 километр

Қозы көш жер — 5-6 километр

Мерзім (уақыт өлшеуіші) :

Бір сәт — 1 секунд

Сұт пысырым — 5-10 минут

Бие сауым — 1,5 сағат

Ет пысырым — 2,5-3 сағат

Бір түн, бір күн — 24 сағат

Апта — 7 күн

Ай — 30-31 күн

Тоқсан — 3 ай

Жыл — 365 күн

Ғасыр — 100 жыл

1 мүшелмен — 12 жыл

1 мүшел — 13 жас

2 мүшел — 25 жас

3 мүшел — 37 жас

4 мүшел — 49 жас