«Құлыным»

Балалар әніне жиі қалам тербеп жүрген композитор

Рухы өр, намысы берік қазақтың өнері ешқашан жетімсіремейді. Оған дәлел Қытайдағы қандастарымыз арасындағы белгілі әнші және композитор Бағдат Естемесұлының жазған әсем әндері. Еңбегін ел жаттап, әні Алтайдан Арқаға дейін шырқалып жүрген ағамыздың жазған балалар әні де аз емес.

Толығырақ оқу»

Қытайдағы 10 жасар қиссашы

Қытайдың «Қос тілді оқыту» саясаты ондағы рухы биік қандастарымыздың еңсесін баса қоймағанын тағы бір рет дәлелдегіміз келеді. Санжы облысы Ашылы мектебінде өткен шығармашылық кездесуіміз соның куәсі. Ондағы қауашағын жаңа жарған балалардың талабына тамсанып, талантына бас имеске болмас. «Өрге салса шын жүйрік, шынымен, өршеленеді» екен. Ондағы жеткіншектеріміз қазақ балаларының қағілез, алғыр болатынын қытайларға мойындатып қана қоймай өз ұлтының асыл мұраларын жалғаушы және оны әлемге танытатын ұлт болашағы екенін де әйгілеп отыр. …

Толығырақ оқу»

Шеттегі ұрпақты ішке тартудың төте жолы

Сәдібек Түгел, «Ұлы дала қырандары» қозғалысының тең төрағасы: – «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының «Түгел» медиа орталығы бар. Медиа холдингке бірнеше БАҚ қарайды. Оның ішінде осы басқосуды ұйымдастыруға ұйытқы болған балаларға арналған «Құлыным» журналы да бар. Жуырда осы басылымның қызметкері Майгүл Сұлтан Қытай Халық Республикасына (ҚХР) арнайы іссапармен барып, сол жақтағы қазақ жеткіншектерімен кездесіп, жағдайларымен танысып қайтқан болатын. Жыл басынан бері алты санын жарыққа шығарып үлгерген «Құлыным»-ның таяу күндері жетінші нөмірі …

Толығырақ оқу»