Ұлттық спорт

Мелс Наримановты еске алуға арналған  VI-ші  ашық облыстық турнир жоғары деңгейде өтті.

Ұлан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Қазақ Совет Социалистік Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мелс Наримановты еске алуға арналған  2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында дәстүрлі VI-ші  ашық облыстық турнир өткізді. Жарыста Бесқарагай, Глубокий, Жарма, Зырян, Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үлан аудандары және Семей, Зайсан, Өскемен қалаларынан спортшылар қатысты. Барлығы 180 спортшы. Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлан ауданының әкімі  Батырбаев Даулет Бахитович, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, белгілі жазушы, …

Толығырақ оқу»

Ұлттық спорттың төрешілері, олар кімдер?

Сәдібек  Түгел.  Ел Егемендігіне және Тәуелсіздігіне сәйкес республикамызда ұлттық спорт түрлері қанатын кеңге жайып, өсіп-өркендеп келеді. Оның айқын айғағы деп кең байтақ Қазақстанның барлық облыстары мен аудан-қала, ауылдарында жиі-жиі өткізіліп тұратын ат бәйгелері – «Аламан», «Тоқ бәйге», «Құнан», «Жорға», «Көкпар», «Бүркітші», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Сайыс», «Жекпе-жек», «Алыпсоқ», «Қазақша күрес», «Тоғызқұмалақ», «Желмая» жарыстарын айтуға болады. Бұл тұста мына сұрақтар туындайды. Осы жарыстар қалай, қандай деңгейде өтеді? Төрешілер кімдер?

Толығырақ оқу»

Атбегі Нәбен!

Құдайға шүкір, бүгінгі юбиляріміз Нәбидолла Ақанұлы Кикебаевтың өзінің ақыл-парасатымен, білімі мен біліктілігінің, талпынысы мен талмай ізденісте болуының арқасында қол жеткізген атақтары жетерлік. Ол ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор, ғылым академиясының академигі, жылқы тұқымының авторы, ірі ғалым, мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры және тағы басқалары. Олары бір төбе. Солармен қатар, бүкіл Қазақстан халқы зор құрметпен айтатын Нәбидолланың екінші тау атағы бар. Ол- «Атбегі Нәбен»- «біздің Нәбен» деген құрметті аты. Менің біздің Нәбенмен танысуым …

Толығырақ оқу»

«Көкжүйріктің» шабысы-ай!

Бәйге десе, оның ішінде «Аламан»десе делебесі қозбайтын қазақ баласы жоқ шығар деп ойлаймын бұл әлемде. Ол туралы поэзияның Құлагері атанған ақиық ақын Ільяс Жансүгіров ағамыздан артық айтқан адам жоқ:- «Жанына еліміздің жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жәутең қаққан. Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. Халықпыз артық көрген атты тақтан. Қызық-ау біздің бәйге қырда шапқан, Шыдар ма қазақ қаны ұшып кетпей Аттарға шаң …

Толығырақ оқу»

Жүрекжарды…

«Қазақ халқының мақтанышы, біртуар азаматы Дәулет Тұрлыхановтың біз үшін бағасы зор. Өзінің асқан шеберлігі мен парасаттылығының арқасында талай асуларды бағындырып, ел мәртебесін асқақтатты. Қазақ спортының нағыз майталманы, шынайы жанашыры Дәулет Тұрлыханов өскелең ұрпаққа өшпес үлгі – өнеге, терең із қалдыра білген азамат».

Толығырақ оқу»