Жаңалықтар

Алматыда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел тоғызқұмалақтан өткен турнирге қатысты

Турнирді  ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің Алматы қалалық сайлауалды  штабы ұйымдастырды. Басты мақсат- ұлттық құндылықтар қатарына жататын зияткерлік ойын түріне жас ұрпақтың ынтасын оятып, бұқаралық спорт түріне айналдыру.

Толығырақ оқу»

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты, Астананың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан дарынды журналистерді еске алу кешін өткізді.

Толығырақ оқу»

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел елордада «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық!» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысын ашқан танымал жазушы – журналист, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел: «Менің сайлауалды бағдарламамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық ат спорты ойындарын дамыту, жемқорлыққа тосқауыл, демография мәселесіне зор көңіл бөлу, мұның бәрі де қоғамымызда жас ұрпақ тәрбиесінде өзекті болып табылады»,- дей келе ұлттық құндылықтарды ұлықтау басты назарында екенін жеткізді.

Толығырақ оқу»