Дәстүрлі педагогикалық тамыз кеңесі

18 тамызда елордада Тәуелсіздік сарайында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық платформа міндеттерін іске асыру аясында «Білімді ел – Мәңгі ел» атты білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі педагогикалық тамыз конференциясы өтті.

Тамыз кеңесі жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары, мұғалімдер, ата-аналар қауымы, БАҚ өкілдері, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП қатысты. Сонымен бірге еліміздің білім беру саласының жетістіктерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Тамыз кеңесін халықаралық, республикалық интеллектуалды, шығармашылық және спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ашты. Ең алдымен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндама жасады. Ол соңғы жылдары білім саласы қол жеткізген жетістіктер туралы айта келе, елімізде 450 мемлекеттік және жеке сектор салған 2200 жаңа балабақша ашылып, 1 миллионнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, биыл мұғалімдер жалақысының өскенін ерекше атап өтіп, алдағы жоспарлармен де бөлісті. Алдағы жоспарда 2017 жылы орыс тілінде білім алатын балаларға қазақ тілін үйретудің жаңа коммуникативтік технологиясы енгізілбек. Оқу ордаларының 25 пайызы 2-3 жыл ішінде сандық бейне құралдармен жабдықталмақ. Ал ұстаздар үшін диплом сапасын анықтайтын индикатор енгізу көзделіп отыр.

Конференция барысында бірқатар панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Білікті мамандар «Үш тілде оқыту», «Академиялық ортадағы инновациялардың кадр даярлау сапасындағы рөлі», «Педагогтардың кәсіби дамуы» мен «Арнайы және инклюзивті білім беру үрдісі» сынды тақырыптар аясында баяндамалар жасады. Сондай-ақ, 18-19 тамыз күндері Конгресс-холлда Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп, арнайы көрме өткізілді. Көрмеде білім беру ұйымдары өзінің инновациялық технологиялары мен бағдарламаларын енгізуге бағытталған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Бiлiм саласы қызметкерлерiнiң республикалық тамыз кеңесi барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев баяндама жасап, бүгiнгi таңда елiмiзде 9 мыңнан астам балабақша жұмыс iстеп жатқандығын, орта білім беру саласындағы оң өзгерістерді атап өтті. Өзіндік нұсқадағы алғашқы дипломдарды ЖОО-лар 2021 жылы беретіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар «Орта білім беру саласындағы біздің басты жетістіктеріміздің бірі, бұл 2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысының ұлғаюы. Бұл маңызды мәселе. Біз мұғалімдердің еңбек ақы төлеу жүйесінің өзгерістері бойынша жұмысты жалғастырудамыз және олардың еңбектерін түсінеміз. Алайда, білім беру сапасы да өсу керектігін ұмытпауымыз керек. Осы бойынша жұмыс жасаймыз»,- деді Ерлан Сағадиев. Сондай-ақ кадрларды қайта даярлау маңыздылығына тоқтала келе кадрларды қайта даярлау бойынша бағдарлама ауқымды болып табылатындығын, осы жазда бастауыш сынып оқушыларының 73 мың мұғалімі жаңартылған мазмұн бойынша біліктілік курсынан өткендігін атап өтті. «Бір ай бұрын ҰБТ мен КТА аяқталды. Білім беру грантына ие болғандардың тізімі шықты. Қайырымдылық гранттарды беру бойынша 87 ЖОО алды. Биыл ҰБТ жаңа формат бойынша өтті. Бірінші рет тесттен өтпеген балалар қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Абитуриенттер сондай-ақ, орта деңгейден өтпесе де, ақылы түрде ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алды. Бұл студенттердің оқуға жолдама алуын жеңілдетті», – деді өз баяндамасында.

Өз сөзінде министр айтып өткендей, МЕСБ жаңа бағдарламасы кезеңімен 30 пилоттық мектепте қабылдаудан өтуде. Е.Сағадиевтің мәлімдеуінше бірінші сыныпқа арналған базалық оқулық дайын болды. Бұл туралы «Менің оған көзім жетті. Толық шығарылды. Қазір мектептерге оқулық жеткізу жүзеге асуда. Жалпы, базалық оқулықтар өте зор мәнге ие. Бұл өңірлер арасындағы білім алу сапасын да арттырады, оған қоса, бюджеттік қаржының тиімділігіне де әкеледі, одан әрі біз олардың мазмұнымен жұмыс істейтін боламыз», – деді министр.

Алдағы уақытта 2-3 жыл ішінде барлық мектеп түрлерінің 25 % сыныбын бейне жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлануда. Бұл шамамен 50 000 жинақ. Министр бұл жөнінен «Біз, баспагерлерге авторлардың бейнесүйемелдеуі бар қосымша базалық кітаптарды бастауын ұсындық және бұл мұғалімдер үшін қосымша көмек көзі болады. Оқыту барысында қосымша ұлттық құрал ретінде бейне материалдар мен интерактивті сабақтар тиімді болады. Олар оқу үрдісін көрнекті және есте қаларлықтай етеді. Мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасы пайда болады. Интернет желісіне мүмкіндігі жоқ мектептерде сандық ресурстар мектеп серверлерінде орналастырылуы мүмкін және мезгілімен жаңартылады»,-деді. Министрдің мәлімдеуінше бүгінгі күні 700-ден астам оқушы қазақстан мен шетелде жасалған осындай ресурстарды пайдаланады. Мұғалімдердің ойынша, оның нәтижесі оңтайлы. Ұстаздармен байланыс жасауға жаңа қадамдар жасалуда. «Қазір ашық диалог жүйесі қалыптасуда, біз әрбір оқытушыға ақпаратты жеке жеткізе аламыз. Біз елдің барлық ұстаздарынан е-mail жинап алдық», – деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ мұғалімдер еңбегін төлеу жүйесін өзгертуді жалғастыратындығын айтып өтті. «Орта білім саласында біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі – ол 2016 жылдан мұғалімдер жалақысын арттыруға қатысты. Бұл ең маңызды мәселе. Біз педагогтың жұмысы оңай емес екенін түсінеміз, алайда мұғалімнің сабақ беру сапасы да сәйкесінше өсуі керек. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», – деді.

Өз сөзінде: «Тәуелсіздік алған жылдары білім саласы бірталай табыстарға қол жеткізді. Үлкен және маңызды жұмыстар атқарылды. 450 мемлекеттік балабақша салынды. Жекеменшік балабақшалар саны 10 есе өсіп, яғни 2200-ге дейін жетті. Бұл жеке инвестицияның 100 миллиард теңге қаржысы. «Балапан» бағдарламасының арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 2,5 есеге өсіп, 82 пайызды құрады. Биыл алғаш рет балабақшаларда 400 мың орынға мемлекеттік тапсырысқа қаржы бөлінді. Бүгін біз мектепке дейінгі дайындықпен балалар жүз пайыз қамтамасыз етілді деп айта аламыз», – деп мәлімдеді.

Сонымен бірге министр Ерлан Сағадиев Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваға балабақшалардың ашылуына байланысты:

«Құрметті, Дариға Нұрсұлтанқызы, сіздің қолдағаныңызды қалаймыз. Қазір біз балабақшалардың ашылуына атсалысқан кәсіпкерлерге мемтапсырысты бір жылға емес, ұзақмерзімге созуын қалап отырмыз. Бұл мемлекеттік шара балабақшаның ашылуына құйылатын жеке инвестицияларды ынталандырады. Оларға тұрақты табыс үшін кепілдік береді», – деді.

Бұдан әрі педагогикалық тамыз кеңесі жұмысында Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева сөз сөйлеп, Білім беру тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарына тоқталды. Ең алдымен үш тілді білім беру жүйесін енгізуге 2 жылдан астам уақыт бар екендігін және Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалатындығын баса айтты. Бұл жайында «Біз ұстаздарды қажетті біліммен даярлайтын боламыз. Қазірдің өзінде мұғалімдер белсенділік танытып жатыр. 5 мыңнан астам ұстаз өздерінің еркімен 4-9 айлық тілдік курстарға жазылған. Бұл кезде олардың жұмыс орны мен еңбекақысы сақталады»,- деді ол. Д.Назарбаева ұстаздардың дайындық деңгейін біз 2018 жылы бағалаймыз және сараптама нәтижесін Елбасына баяндалатындығын айта келе ұстаздардың дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқтығын, қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді. керісінше, орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Қосымша екі пән қазақ әдебиеті мен қазақ тариxы қазақ тілінде оқытылатын болады. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі тілді оқытудың жеңілдетілген заманауи әдісін әзірлеп жатқандығын атап өтті.

2017 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеу алынып тасталуы мүмкін деп мәлімдеді. Премьер-Министрдің орынбасары айтқандай, қазіргі таңда БҒМ электрондық тестілеу бойынша орталық салу МЖӘ аясында қарастыруда. Ең бастысы оқулықтармен қамтамасыз етілуі жайында өңірлердің барлық мектептері сапалы оқулыққа қол жеткізетіне уәде берді. «Бүгінде бірыңғай оқулықтардың 95 пайызы басылды. Өз уақытында жеткізу мәселесі министрліктер мен әкімдіктердің бақылауында тұр. Мен әрбір әкімге хабарласып, оқулықтарды уақытында жеткізу мәселесіне көңіл бөлуін сұраймын», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Д. Назарбаева. Айтып өткендей, қазір екінші сынып үшін оқулықтар әзірленуде және жоспарда мектептерді бейнеқондырғымен қамту да баршылық. Бұл туралы «Біз ақпараттық технологиялар заманында өмір сүріп жатырмыз. Бұл ұстаздардың жұмысын әлдеқайда жеңілдете түседі. Бұл қондырғылармен барлық мектептер қамтылады. Барлық мектептер таңдаулы болуы керек. Жаңа қондырғылар үздік білім беру бағдарламаларына, ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бізге барлық өңір мектебіндегі сапаны арттыруға көмектеседі», – деді.

Республикалық тамыз кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева ұстаз мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.

Баяндама соңында Д.Назарбаева биыл білім және ғылым министрлігі өте ауқымды жұмыс атқарғанын, панельдік сессиялардың толық сериясы өткізілгендігін, мектепке дейін білім берудің ауқымды спекторы талқыланғандығын айтып, барлық білім саласындағы педагогикалық қызметкерлерге жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетулеріне өз тілегін білдіріп: «Бүгін біз өз өмірлерін ағартушылыққа арнаған ұстаздармен тікелей әңгімелесе аламыз. Біз сіздермен білім беру саласында жұмыс істейміз, оның маңызы әрбір қазақстандық үшін өте маңызды. Бұл салада мәселе аз емес, алайда біз алға ілгерілеуді көріп отырмыз. Біз дұрыс жолды таңдағанымызға сенімдіміз. Тамыз кеңесі білім беру саласының барлық мәселелерін талқылайтын ең ірі ашық диалог болып есептеледі. Тамыз кеңесі білімді дамытуға немқұрайлы қарамайтын өз ісінің мамандарын жинайды», – деді.

Жиын соңында  білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, алдағы оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындықтары талқыланып, Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанның ең үздік мұғалімдеріне алғыс хаттар табыс етті.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуда рөлдік ойындардың маңызы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …