Қазақстанды жаңарту

Ұсыныс.

Бізге жаңару, жасару қажет. Жаратушы иенің күшімен жер-ана, табиғат-ана өзгеріп, өркендеп, құлпырып тұрады. Дәл сондай, әр мемлекетте өз өмірінде оңды өзгерістердің болғанын қалайды. Сөзсіз, ондай ірі жобалар мен бастамалар қоғамға жаңа серпін мен ізгіліктер әкеледі. Ары бармай-ақ, қарт Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсіне жаңа Елорданың қоныс аударуын айтсақта болады. Бұл бір ұлт тарихындағы керемет оқиға болды. Содан бері 19 жыл өтті . Бізге жаңашыл өміршең құрылымдар керек болып тұр. Біріншіден, 14 облыс емес 20 облыс болу қажет. Олар:1. Абай облысы, орталығы Семей қаласы; 2.Көкшетау облысы, орталығы Көкшетау қаласы; 3.Сарыарқа облысы, орталығы Ақмол елді мекені; 4.Торғай облысы, орталығы Арқалық қаласы; 5.Алматы облысы, орталығы Қапшағай қаласы;6. Жетісу облысы, орталығы Талдықорған қаласы; 7.Ұлытау облысы, орталығы Жезқазған қаласы. Халықпен жұмыс істеуде, әсіресе ауыл мен ауылшаруашылығын көтеруде ең тиімді осы құрылымдар болады деп санаймын. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет Министрлігінің орнына «Идеология және қоғам тәрбиесі» Министрлігін құру. Мәдениет Министрілігінен спорты бөліп жеке Агенттік ашу. Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыстарын жетілдіру шараларын қарастырған жөн болады. Сенат пен халықтар Ассамблеясын біріктіру қажет. Көп партиялықтан екі партиялық жүйеге көшкен тиімді болады. Біріншісі демократиялық «Бірлік» партиясы деп аталады, екіншісі консервативтік «Тірлік» партиясы деп аталады. «Тірлік» пен «Бірлік» қатар жүрген мемлекет бәрінен озып, алға шығады. Келесі этап, «Самұрық Қазынаны» тарату. Оның атқаратын шаруаларын экономика Министрлігіне жүктеген дұрыс деп есептеймін.
Жемқорлар мен насильниктер үшін өлім жазасын қайтару. Оларды елдің алдында ату.
Арсыздықпен күресті күшейту. Жұмыссыздықты болдырмау. Пенсияны екі есеге өсіру. Салафиттердің ылаң салуын тоқтату. «Бірлігі мықты ел озады» деген ұранмен жұмыс істеу.

Сәдібек Түгел.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Жолдауға қолдау

Астана қаласында  күн сайын әр мекемеде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы …