«Не үйрендік, не білдік»

Астана қаласы,

Лесная поляна тұрғын алқабы,

«Алтын дән» балабақшасы тәрбиешісі

Нұрғалиева Райса Нұрғалиевна

 Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту, қарапайым математика, жапсыру.

Тақырыбы:  «Не үйрендік, не білдік».

Мақсаты: Балалардың жыл бойы өткен білімдерін қайталау.

Міндеттері:Қазақстан Республикасы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.Тіл қорын дамыту, математикалық ұғымдарды, геометриялық пішіндерді есте сақтауды үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тапқырлыққа, ізденпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  ойыншық қоян, сандық, хат, көктем мезгілінің суреті, слайдшоу, видео.геометриялық пішіндер, үйдің суреті, жапсыруға арналған дайын пішіндер,үшке дейінгі сандар жиынтығы, желім, шарлар, шығыршықтар.

Сөздік жұмыс:  Қазақстан Республикасы, көктем, қоян, сандық,таңертең, күндіз,түн,оң жақта, сол жақта, ұзын, қысқа, жоғары, төмен , геометриялық пішіндер.

Билингвальді компонент:   Қазақстан Республикасы Республика Казахстана,  көктем весна, қоян заяц, сандық сундук, таңертең утро, күндіз днем, түн ночь, оң жақта справа, сол жақта слева, ұзын длинный, қысқа короткий, жоғары высоко,төмен  низко, геометриялық пішіндер геометрические фигуры.

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберге тұрайық.

Қайырлы таң, Алтын-күн!

Қайырлы таң, Жер-ана!

Қайырлы таң, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Қош келдіңіз, бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз, көңіл күйге сеніңіз

Қош келдіңіз, шыққан күндей жарқырап,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар, балалар!  Мен таңертең балабақшаға келе жатырсам, жолда мына кішкентай сандық жатыр екен. Бұл не сандық деп аузын ашайын десем, ашылмайды.

(Осы кезде есік қағылады.)

Тәрбиеші:  Балалар, бізге біреу қонаққа келген сияқты,есікті ашайық.

(Ішке қоян кіреді, қолында хаты бар, ал өзі ренжулі.)

Қоян:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кішкентай сандықты жоғалтып алдым, сендер көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: (амандасады.)  Иә,  көрдік анау тұр сенің сандығың.

Қоян:  Иә, осы сандық.    (қуанады.)

Маған таңертең осы сандықты және мына хатты пошташы берді. Балаларға апарып бер деп, ал мен болсам, сандықты жоғалтып алғаныма қатты абыржыдым.

Тәрбиеші: Жарайды қамықпа, сандығың табылды ғой, өзің төрге шық, қонақ бол.

Қоян:  Жарайды мен қонақ болам, бірақ мына сандық ашылмайды. Пошташы айтқан, бұл сандықты білімнің арқасында ғана ашуға болады және мына хатта осыған байланысты сұрақтар мен тапсырмалар бар деген.

Тәрбиеші: Ендеше бұл хатты ашып көрейік.

1- тапсырма:

 Қазір жылдың қай мезгілі?

 Көктем мезгілінде неше ай бар, оларды ата?

–  Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата, яғни ауа райы қалай болады?

                      (Видео көктем туралы.)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!  Енді келесі сұрақты оқимын.

 Біз қай Республикада тұрамыз?

–  Біздің Президентіміз кім?

  Өздерің қай қалада тұрасыңдар?

–  Өздерің келетін  балабақшаның аты қалай аталады?

–  Топтарың қалай аталады?

Ал, балалар  біз Қазақстан және Астана туралы тақпақ айтып көрейікші.

Назарәлі:

                    Асқар тауым Қазақстан

Әсем әнім Астанам,

Қазақстан Отаным деп,

Әрқашанда мақтанам.

Дария:  

Бой көтерді бір қала

Ол біздің сұлу Астана.

Астана да бәрі бар,

Қараймыз оған шаттана.

                      (Астана туралы суреттер.)

2- тапсырма:  

Бұл тапсырманы орындамас бұрын  «Бір күндік тәулік мезгілін» есімізге түсірейік.       (таңертең, күндіз, кеш, түн.)

«Сөйлемді аяқта» – дейді

  Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты … ішеміз. (күндіз)

–  Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты … ішеміз.  (кешке)

–  Күн күндіз жарқырап тұрады, ай … жарқырайды.  (түнде)

–  Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды … жасаймыз.  (таңертең)

–  Мына суреттегі сандықтың оң және сол жақтарын салыстырыңдар?

–  Мына суреттегі апалы сіңлілі қыздар, олар бір біріне қатты ұқсайды  қандай айырмашылық бар?  (ұзын – қысқа).

Сергіту сәті: «Қоян»

Ыршып ыршып секіріп,

Қоян келді кеңкейіп.

Аяқтары жаураған,

Қолдары да жаураған.

Жылытпақ боп тырысты.

Жүгірді де қуысты.

Бір жоғары, бір төмен,

Жүр аяқтың ұшымен

Секіреміз, отырамыз,

Аяқтарды жылытамыз.

3-тапсырма:  (слайд- шоу)

Пойызда келе жатқан қандай аң?  (қоян).

Нешеу  (біреу)

Пойыздың неше вагоны бар?  (көп).

Пойыздың дөңгелегі қандай пішінге ұқсайды  (шеңберге).

Вагонның терезесі қандай пішінге ұқсайды?  (шаршыға).

Пойыздың вагондары қандай пішін?  (төртбұрыш).

Пойыздың вагондарын санаңдар?  (1,2,3).

«Сандарды тура және кері санау»

                    1, 2, 3;   3, 2, 1.

Тәрбиеші:  Конверттен шатыры жоқ үйшікті алып шығады.

Ой балалар!  мынау кімнің үйшігі, шатыры жоқ?

Қоян:  Ол менім үйшігім және достарымның да осындай үйшіктері бар. Біз үйшік салғанбыз, бірақ толық бітірген жоқпыз бізге көмек керек. Мен балалардан көмек сұрап, үйшіктің суретін пошта арқылы салып жібергем. Балалар, сендер көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:  Жарайды,  Қоян сен уайымдама балалар көмектеседі.

Д/о: «Үйдің шатырын жапсыру» .

Шарты: Үйлердің шатырын орналастыру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!  Тапсырманы жақсы орындадыңдар, ал мына үйшіктің  шатыры қандай пішін?  (үшбұрыш).

Билингвальді компонент:   Қазақстан Республикасы Республика Казахстан,  көктем весна, қоян заяц, сандық сундук, таңертең утро, күндіз днем, түн ночь, оң жақта справа, сол жақта слева, ұзын длинный, қысқа короткий, жоғары высоко,төмен  низко, геометриялық пішіндер геометрические фигуры.

Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»

Шарты:  Түрлі түсті кішкентай кубиктер (қызыл, сары, жасыл, көк) арқылы шығыршықтың түстері бойынша өз үйлерін табу және балалардан кубиктердің түстерін сұрау.

                 (Ойын ойнағанда музыка әуені ойнап тұрады).

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар, балалар ойынды жақсы ойнадыңдар!

Енді бүгінгі қызықты оқу іс – әрекетімізді қорытындылайық.

–  Сендерге бүгінгі оқу іс әрекетіміз ұнады ма?

 Бізге қонаққа қандай жануар келді?  

–  Қоян мен достарына қандай көмек көрсеттіңдер?

–  Қандай ойын ойнадыңдар?

Жарайсыңдар, балалар!  Сонымен біз «Инемен құдық қазғандай» өз білімімізді тексердік. Енді бізге келген қонағымызды ортаға шақырайық.

–  Қоян, міне сенің және достарыңның үйшігі. Енді мына сандығымыз ашылатын шығар.

Қоян:  Әрине сандық ашылады , өйткені балалар өте білімді екен, тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді, маған көмектесті Рахмет!

Енді мен кетейін, Сау болыңыздар!

Тәрбиеші:  Сандықты ашып ішіндегі сыйлықты балаларға таратып береді.

Балалар ризашылықтарын білдіріп, қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

 Тіл қорын дамыту, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру,  математикалық ұғымдар тәрізді тапсырманы біледі;

Білімнің керектігін игереді;

Ойындарды дұрыс ойнап, дайын пішінді дұрыс жапсыруды меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Сыныптан тыс оқу сабағы – әдебиет сабағының жалғасы.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …