Жаңақала мектеп-гимназиясы
Жаңақала мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларына «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға аудандық ІІБ-нің жол техникалық бөлімінің инспекторы К.Жүзжасаров қатысып, оқушыларға жол жүру ережелері туралы мəлімет берді. 4-сынып оқушыларының тақырыпқа сай ұйымдастырған көрінісі 1-сынып оқушыларының көңілінен шықты. Шара соңында 2-сынып оқушылары «Жаяу», «Жолын болсын жолаушы» əндерімен аяқтады.