Айтар саған сырым көп

Мөлдір Айтқазықызы,
Астана қаласы
Ай жүзеді ақша бұлтты айналып,
Әлдеқайда сен қарайсың ойланып.
Мен отырмын айтуға бір сөз таппай,
Тілі құрғұр қалғандай – ақ байланып.

Дала да үнсіз,
Біз де үнсізбіз, бұл қалай?
Кетіп тіпті қалар едім бұлдамай.
Саған деген көңілдегі бір нәзік
Құдіреттің жібермей – ақ тұрғаны – ай!
Енді қайттім?
Білдірем – ау тіл қатсам,
Жанарыңда жарқырайды  түнгі аспан.
Естір ең – ау айта алмаған сөзімді
Жүрегімді тыңдатсам.
Маған, шыным, үйір осы көп кесір,
Деп тұрғандай,кеудеңдегі отты өшір!
Жолыққанда сүйген жүрек асығып,
Неге ғана болады екен өкпешіл!?
Үркіп кетті айтылар сөз шалғайға
Жай күндегі жеткізбейтін ой қайда?!
Мылқаулықтан мазаны ала бергенше,
Қу жүрегім қобалжуын қоймай ма?