Азия чемпионы

14317570_1751034871830609_5927309796180951244_nОҚО, Созақ ауданының тумасы Перизат Қадірбекова жастар арасында – Азия чемпионы
Ауданның төл тумасы, күрес өнерін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастаған таукенттік Перизат Қадірбекова бүгінде еліміздің алдыңғы қатарлы спортшысына айналған. Жапонның дзю до өнерінің шеберіне айналған қыз, күн сайын машығын арттырып, түрлі жарыстардан аудан қоржынына ғана емес, еліміздің намысын абыроймен қорғап, жүлде салып жүр.

14370224_1751031271830969_4785962458775189860_nЖақында ғана Индия мемлекетінің Кочиде қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қарсы келгеннің бәрін ұтып чемпион атанды. Алғашқы жаттықтырушысы, дзю до өнерінің қыр- сырын үйреткен Марғұлан Саржанов: «Оқушымның осындай жеңістерге жеткеніне қуаныштымын. Жас кезінен күрес өнеріне икемі бар болатын. Біраз баптап, жасөспірімдер арасында түрлі жарыстарға салып байқап көрдім. Қарсы келгеннің бәрін жеңіп, қатарластарынан озып жүрді. Болашағына үмітпен қараймын» – дейді.
Перизат Қадірбекова қазіргі таңда еліміздің жастар арасындағы ұлттық құраманың мүшесі. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеттің 2 курс студенті.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Туған жердің болашағы туралы менің арманым»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Зайкенова Зарема Туған …