Республикалық «Түгел Медиа» холдингі

2016 жылдың қазан айында 10 қарашаға дейін

балабақша мен мектептер арасында «Біздің балабақша», «Біздің мектеп» атты фоторепортаж байқауын жариялайды!

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

  • Білім ошағын, балабақшаны көпшілікке таныту;
  • Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу;
  • Тәрбиеленушілер, шәкірттерді, тәрбиешілерді және ұстаздарды қолдау;
  • Білім беру мекемесінің жеткен жетістіктерін мадақтау, мектеп өміріндегі атқарылып жатқан іс-шара, қоғамдық шаралар, сыныптан тыс жұмыстары, тәрбиелік іс-шараларды фоторепортаж арқылы қалың қауымға насихаттау;

Байқаудың шарты:

  • фоторепортаж мазмұны компьютерде Times New Roman 14 шрифинде басылып, электронды нұсқада жіберіледі. Фотосуретте түсірілгеннің мазмұнын ашып репортаж ретінде беру. Яғни қысқаша мазмұны. Сурет мектеп немесе балабақшаны толығымен таныстырып тұратын болуы қажет. /Кабинеттер, оқушылардың оқу үрдісіндегі сәті, мектеп, балабақша өмірі/т.б.
  • Қатысушылар: Байқауға балабақша, мектеп оқушыларының және тәрбиешілер мен ұстаздардың, ата-аналардың жұмыстары (фоторепортажы) қабылданады;
  • Қабылдану саны: Тақырыпқа сай мазмұнымен 5 фотосурет болуы тиіс, фоторепортаждың тақырыбының ашылуы мен фотолардың сапасына баса назар аударылады. Фотосурет форматы қатаң түрде JPG болу керек.
  • Бір автор тек бір репортаж жіберуге құқылы. Әр алуан интернет көздерінен алынған немесе өзге де жолдармен алынған фотосуреттер (авторлық құқығы сақталмай) фоторепортажға қатысуға жіберілмейді. Өзге сайттар/блогтардан көшіріліп алынған фотосуреттер қабылданбайды. Компьютерлік монтаждау жолымен жасалған суреттер байқауға жіберілмейді.

            Қабылдану мерзімі: 2016 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады, кешіккен жұмыс қабылданбайды;

Марапаттау: Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздардың жұмысы БАҚ-да және сайтта жарияланады.

Байқаудың талаптары:

  • Фоторепортаж байқауына ұсынылған жұмыстар ешбір байқауға қатыспаған, еш жерде жарияланбаған оқушылардың, ұстаздардың, тәрбиешілердің, ата-аналардың авторлық еңбектері қабылданады.
  • Қатысушы ұсынылып отырған жұмысымен қоса өзі туралы мәліметтерді жолдауы қажет, аты-жөні, (қаласы), (ауданы), (ауылы) балабақшасы/мектебі, тобы/сыныбы, телефоны, эл. поштасы туралы толық мәліметі бар тапсырысты сапалы фотосуретімен төмендегі мекенжайға жолдануы тиіс.

Жолданатын электронды пошта: Астана қаласы, Республикалық «Түгел-медиа» холдингі.

tugel-media@mail.ru

Сондай-ақ, оқыңыз

Жолдауға қолдау

Астана қаласында  күн сайын әр мекемеде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы …