ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ

Тәуелсіздікке 25 жылsam_7472

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  осындай тақырыппен аудандық жастар ресрстық  орталығы мен аудандық білім бөлімімен бірлескен жобасы аудан орталығындағы білім беру ұйымдарында бастау алды. Жобаның алғышқы күнгі жиын  Шетпедегі ғалым Берекет Жұмалиев атьындағы орта мектепте болып өтті. Аталмыш жиынның  мақсаты – еліміздің 25  жылында жеткен жетісіткері мен ауданымыздың  осы жылдар ішіндегі толағай табыстарын жасұрпаққанасиахттау,патриоттық рухты күшейту, қиын қыстау кезеңдердегі ел өмірімен етене таныстыру,сол уақытта қызмет жасаған ардагерлермен жүздесу болып табылады

Жастармен кездесуге Маңғыстау  аудандық ардагерлер ұйымының мүшесі, ҚР білімберу ісінің үздігі,биылғы жылғы облыстық «Үлгілі отбасы» байқауының жеңімпазы Алдаберген Құрмашев  келді.

Жиынды орталық басшысы А.Қонарбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға А.Құрмашевпен бірге мектептің жоғары сынып оқушылары, мектеп ұстаздары қатынасты. Шарада алдымен тәуелсіздік жылдарындағы қазақ халқының басынан өткерген қиыншылықтар мен табыстары, Президент сайлауы, алғашқы төл теңгеміз туралы жанжақты қамытлған баяндама оқылды. Баяндаманы тәлімгер Сандуғаш Аманқосова жасады.      20161006_111558

Бұдан соң А.Құрмашев сол жылдардағы өзінің еңбек жолымен таныстырды. А.Құрмашев: «Мен 1991 – 1994 ж.ж  Шетпедегі №4 мектепте директор қызметінде болдым. Сол  жылдары басымыздан өткізген қиыншылықтар адам айтса нанғысыз болды. Оқулықтарымыз   жетіспеді, мұғалімдеріміз жалақсыс мардымсыз болғандықтан жұмыстан бірінен соң бірі шығып жатты. Өте қиын жағдайларды бастан кешірдік. Кейін міне еңсемізді тіктеп барлық қиындық атаулыны жеңіп егемен ел болдық. Қазір құдайға шүкір бұл проблемалардың біреуі жоқ.» деді.

Тарихи тағылымға мол шара бұдан әрі А.Мендалиев атындағы орта мектепте жалғасын тапты. Бұл кезедсуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,елақсақалы Аманқос Ертілеуов қатысып сол кездегі коммуналдық  шаруашылық  жағдайды алға тартып, жастарға өткен күндер жайында әңгімесін мазмұнды етіп жеткізді.   Бұдан соң жиын    Нұн Жұбаев атындағы орта мектепте өтті. Бұл кездесуге шежірешіақсқала Шаймұрза Байпақов қатысып жастарға сол кездегі  халықтың әлеуметтік рухани даму жағынан әңгіме шертті.

Барлық кездесулерде жастар тарапынан сұрақтар қойлып,тұшымды жауап терберілді. Жиындар соңы аудандық жастар орталығы даярлаған «Тәуелсздіктің табыстары» атты деректі фильм көрумен аяқталды.

«Бүгінгі кездесуде мен ерекше рухани байлық тарихи тағылым алдым деуге болады. Қзақ халқының басынан небір түрлі оқиғалар өткендігін естіп көзіме жас алдым. Тәуелсзідік бізге оңай келмеген екен. Қиындықтың бәрін жеңдік. Бұл алдымен Елбасының салихалы саясатының жемісі дегім келеді. Елбасыма рахмет айтқым келеді. Бүгінде біз дамыған 50 елдің қатарындамыз. Құдайға шүкір осыған да тәубе етемін.» дейді ғалым Нұн Жұбаев атындағы   орта мектептің 10 сынып  оқушысы Динара Жақсылықова.

 

Әлия Сейтназарова

Аудандық жастар

орталығының бас маманы

 

Маңғыстау ауданы.                     

 

Сондай-ақ, оқыңыз

 Өмір үшін игерілген сабақ…

 Көкшетау қ. «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық келісім сарайында 2016 жылдың 14-ші қазанында «ҚР Тәуелсіздігінің 25 …