«Туған жердің жетістігі»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің

7 сынып оқушысы Жеңісбай Аружан

Менің туған жерім Қазақстан. Мен осы киелі мекенде дүниеге келгеніме қуаныштымын әрі бақыттымын деп айта аламын. Осы кең байтақ шексіз жері бар, құлпырған орман-тоғайы бар, сөз жеткізсіз қазыналы байлығы бар туған елімнің жеткен жетістігі де Тәуелсіздігіміз. Осындай киелі ұғым Тәуелсіздіктің ақ таңы орнаған күн бақ дарыған күн. Ал Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың арқасында жетістікке жеттік. Туымыз көк аспанда желбіреп, қыран құсымыз биікте самғап, еліміз бақытқа кенелді. Еліміз қарқынды дамып әр ауыл гүлдене түсті. Барлық өңірде жаңадан ғимараттар бой көтеріп,  қаншама жан баспаналы болып қуанышқа кенелді. Жаңадан жолдар салынып, өнеркәсіп орындары ашылып, халық жұмысқа орналасып, көптеген мектептер ашылып, ата-баба дәстүріміз жаңғырды. Біздің Целиноград ауданымыздың өзін алар болсам қаншама жетістіктерге жете білді. Құс фабрикасы ашылып көптеген адам жұмыспен қамтылды. Әсем сәулетті көпқабатты үйлер тұрғызылып, жаңадан «Аналар рұхы» атты мешіт ашылды. Сонымен қатар жетістігі деп ауданның орталығында орналасқан үлкен әрі кең жаңа аурухананы айтар едім. Жеткен жетістіктерінің қатарына білікті маман иелерінің барлығын жатқызуға болады. Ауданның спорттағы намысын әуелеткен жас спортшыларымыз қаншама. Баршаға белгілі Алжир ескерткішінің ауданымызда орналасуы да жетістік. Күміс көмей әншілерімізбен білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болған шәкірттеріміз. Ел намысын жебеген жас өнерпаздарымыз. Қас батырларға орнатылған ескерткіштермен жаңадан салынған спорттық алаң. Қалай десем де туған жерімнің жетістігі мол.

Сондай-ақ, оқыңыз

Сыныптан тыс оқу сабағы – әдебиет сабағының жалғасы.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …