«Туған жердің болашағы туралы менің арманым»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің

9 сынып оқушысы Абылкасимова Назерке

Әр жанның дүниеге шыр етіп түскен сәтінен бастап  ыстық саналатын қасиетті де қастерлі мекені туған жері. Менің де туған жерім қашанда алыстап кетсем де қасиетті болып қала береді. Олай болса біз де болашаққа көз тастап көрелік. Болашақта ауылдарға аса көңіл бөлінсе қала да көркейетіні анық. «Ауылсыз қала болмас». Менің арманым ауылда қызмет атқару. Елге қажетті мамандық иесі болу. Біздің ауылдың адамдары жаны жайсаң, қамқоршыл, қонақжай, берекесі жарасқан бірлікті ту еткен тамаша ауыл. Мен болашақта ауылыма қажетті жолын жөндеп арнайы айналасына демалыс орындарын ашар едім. Ауылшараушылығына қажетті мамандарды даярлайтын оқу орындарын ашу да менің арманым. Жыл сайын көркейген шағын ауылым Астананың іргесінде орналасқанына қуанамын. Егер де осы армандарым орындалса балалықта арман еткен қиял арманымыз бақ болып қонар еді.

Көз алдымда болашақ ауылым. Қаз-қатар сымдай тізілген үйлердің барлығы да екі қабатты зәулім үйлер. Әр аулада ересектермен балаларға арналған алаңдар, серуендейтін  бау-бақша, балаларға арналған жаңа балабақшалар. «Біздің ауылдың асыл қариялары», «Біздің ауылдың жастары», «Біздің ауылдың өнері», «Біздің ауылдың білімділері» сынды шаралардың өтуі.

«Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз»  атты акциялардың ұйымдастырылуы. «Таза көшелер» байқауы., Интернет желісі қосылған арнайы орталықтар, т.б.

Болашақ арман орындалуы үшін барлық қадам  бүгіннен басталары сөзсіз. Сондықтан ерінбей еңбек етіп, бірлесе жұмылып берекеде бір адамдай қол ұшын беру.

Болашақ туған жер туралы арманымның жүзеге асатындығына сенімдімін. Өйткені мені қоршаған өз ортам, білім берген ұлағатты ұстаздар, ақыл-кеңесін берер ата-анам, қиындықта демеу болар жолдастарым барында мен еш аянып қалмасм анық.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуда рөлдік ойындардың маңызы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …