Целиноградтықтар Елбасы күнін ерекше атап өтті!

               2017 жылдың 28 қарашасы күні бүкіл Целиноград ауданының ізгі-жақсылары мен майталман еңбеккерлері, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің басшылары аудан орталығы Ақмол селосына ат басын бұрды. Аудандық мәдениет үйінің кең залында бас қосқан көтеріңкі көңілді, жарқын жүзді целиноградтықтар бірін-бірі құттықтап, ізгі тілектерін айтуда. Бүгін, аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлының  тікелей бастауымен және ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы күні ерекше аталынып өтті. Аудан басшысы мазмұнды әрі тартымды баяндама жасады. Өз сөзінде Малғаждар Саттарұлы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер көшбасшылығы мен Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалау жолындағы ерен еңбектері мен ерліктерін кеңінен баяндады. Әкімнің әсерлі баяндамасын ұйып тыңдаған жұрт дуылдатып қол соғып ризашылдықтарын білдіріп отырды. Бұл дегеніңіз қарапайым халықтың Елбасыны зор құрмет тұтып, сыйлайтындығын білдіреді. Ия, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың бағына туған Ұлы Тұлға, нағыз лидер, стратег Ел Президенті!

Бақ қонып, құт дарыған Целиноград ауданы күн санап құлпырып, өсіп-өркендеп келеді. Ауданда оңды өзгерістер көп. Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, аудан тұрғындарының әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі арта түсуде. Білікті басшылықтың нәтижесінде экономикалық мәселелер шешімін табуда. Шағын және орта кәсіпкерлікке барынша мол қолдау көрсетілініп келеді. Жаңа тұрғын үйлер, жаңа ғимараттар бой түзеуде. Ауылдардың жолдары күрделі жөндеуден өткізілуде. Аудан басшысының тамаша еңбегінің арқасында Ақмол селосы адам танымастай өзгеріп, құлпырып, жайнап тұр. Стадион, аурухана, тұрғын үйлер ғимараттары елді–мекенге көрік беріп тұр. Ал, «Аналар рухы» атты мешіттің салынуы ел мақтанышына айналды. Әкімдіктің алдында жаңа аллея салынуда. «Нағыз жүйрік Аламан жарыста танылар» – дейді біздің дана халқымыз. Целиноградтықтар  ең жақын астаналық аудан  деген атқа лайық қызмет жасап, Елбасы сенімін абыроймен атқарып, аудан Туын жоғарыда ұстап келеді! Әрқашан биіктен көріне беріңдер, қадірлі целиноградтықтар!

Жаңару мен жасару үстіндегі Целиноград ауданына жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Сонымен қатар, біздер, бұл күні күміс көмей әнші әрі атақты хирург, медицина ғылымының докторы, профессор Серік Тоқпановтың керемет концертін көру бақытына ие болып, дарынды музыканттың орындауындағы алпысыншы, жетпісінші және сексенінші жылдардағы танымал әндерді ұйып тыңдап, өнердің бесігінде тербелдік.

 

Сәдібек Түгел-Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Целинорад ауданының құрметті азаматы, жазушы-журналист.

Сондай-ақ, оқыңыз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білеміз…

Елімізде мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастаған. Медициналық …