Ұлыстың Ұлы күнін Жаңажол ауылы жоғары деңгейде атап өтті.

Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Жаңажол ауылында «Армысың! Әз Наурыз» атты мерекелік шара ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Биылғы наурыз мерекесін ұйымдастырушылар: Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебі ұжымы, Ұлы Дала қырандары мәдени-спорттық әлеуметтік қозғалысы теңтөрағасы Сәдібек Түгел және ауыл жастары. Мерекеге жиналған тұрғындар ең алдымен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеген көріністермен мектеп ұжымының оқушылары және ұстаздар қауымы әзірлеген концерттік бағдарламаның куәсі болды. Наурыз мерекесін жаңажолдықтар да  кең көлемде атап өтті.

Күн мен түннің теңеліп, тіршілік атаулының оянып, айналаны шуаққа бөлейтін бұл кезін қазақ ежелден-ақ асыға күтетін. Ендеше, бағзыдан келе жатқан ұлық мерекені ауыл жұртшылығы да аса құрметпен қарсы алып, ұлттық ойындармен арқан тартыс, қазақша күрес, қол күресі, жабағы тай жарысымен дүбірлетіп өткізді. Алғашқы наурыз мерекесін Жаңажол ауылында ұйымдастырған да осы ауданның құрметті азаматы Сәдібек Түгел ағамыз еді. Сол үрдіс сабақтасып тай жарысымен, жабағы тай жарысын өткізу дәстүрлі міне қайта өткізілді. Ауыл балаларының қыстай үйреткен тайлары жарысқа қосылып, ауыл балалары қуанышқа бөленді. Думанды шарада түрлі спорттық жарыстар өткізілді. Қол күресінен 1 орынды Дәурен Тұяқов, 2 орынды Дидар Тұяқов, 3 орынды Дастан қартаев иеленді. Арқан  тартысында 1 орынды Бекжан Бекенов, 2 орынды Талғат Джунусов, 3 орынды Жақия Аманжолов иеленді. Кір тасын көтеруден 1 орынды Қ.Аманжолов, 2 орынды Ә.Тұяқов, 3 орынды Д.Тұяқовтар иеленді. Қазақша күрес тартысты өтті. 1 Орынды Сағынбек Мадияр, 2 орынды Қиса Төлеген, 3 орынды Т.Алданыш иеленді. Ұлы дала Қырандары мәдени-спорттық әлеуметтік қозғаласының ұйымдастыруымен өткен жабағы тай жарысында 1 орынды Сағынбек Мадияр, 2 орынды Камалиев думан, 3 орынды Бақытбек Ислямбек иеленді.Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталып, мақтау қағаздары табыс етілді. Ұлттық ойындарда демеушілік көрсеткен Целиноград ауданы әкімдігімен Қараөткел ауылдық округі әкіміне, ұйымдастырушылар Сәдібек Түгел ағамызға және ауыл жастарына  зор ризашылығымызды білдіреміз.

Көктем лебі күн райында ғана емес, көптің көңілінде де әуелеп тұрғандай.  Жаңажолдықтар  бұл күнді  көл-көсір қуанышпен қарсы алды. Әнші-бишілер мереке көрігін қыздыра түсті. Наурыз тойы  9-сынып оқушыларының орындауында «Сәлем саған туған ел» әнімен ашылды. Одан әрі салтанатты шарада құттықтау сөз мектеп директоры Мауленова Қаршыға Қазалиқызы ауыл жұртшылығын Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Қош келдің Наурыз» әнін орындаған 1-сынып оқушылары қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Ұстаздар саханалық қойылымдар көрсетіп, Қыдыр ата, Төле би, Әйтек би, Қазбек билер жиналған ауыл жұртшылығына ақ батасын арнады.

Ауыл  жігіттері арқан тарту, қол тірестіру, гір тасын көтеруден сынға түсті. Мың бұрылған бишілер мен күміс көмей әншілер мереке ажарын аша түсті. Жұртшылық мереке барысында наурыз көже, палау бауырсақтан дәм татты. Мейрам соңында ауыл жастарының ұйымдастыруымен лотереялар ойнатылып ауыл жұртшылығы сыйлықтарға ие болды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлер дәріптелді. Ауыл өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын күні бойы тамашалады. Қариялар жағы баршаны жаңа жылмен құттықтап, ел ынтымағы арта беруін тілесті.

Жыл басында жұртшылықтың жүзінен де жылылық лебі сезіледі. Сондықтан, бұл күні көпшілік бірін-бірі мерекемен құттықтап, ренжіскені татуласып, жақын жандар бір-біріне сыйлық жасасты.

Мұнан соң аудан басшысы бастаған бір топ аудан азаматтары ауданның шығармашылық ұжымдары, колледж және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен әзірленген түрлі қойылымдарды тамашалады. Сонымен қатар, алаңда құрылған киіз үйлерге бас сұғып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан ұйымдастырған ұлттық ойындарды көрісті.

Күн мен түн теңесіп, жер-жаһан жайма шуақ рахат нұрына бөленетін осынау ұлы мерекені жаңа биіктерге деген ұмтылыс пен құлшыныс үстінде қарсы алған аудан тұрғындары, Наурыз тойына келген ауыл ақсақалдары мен қариялары наурыз көжеден дәм татып, ел мен жердің амандығын тілеп, ақ баталарын берісті.

Ақсақалдар бата беріп, елдің бірлік-татулығын тіледі.

 

 

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …