Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Жаңажол ауылында «Армысың! Әз Наурыз» атты мерекелік шара ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Биылғы наурыз мерекесін ұйымдастырушылар: Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебі ұжымы, Ұлы Дала қырандары мәдени-спорттық әлеуметтік қозғалысы теңтөрағасы Сәдібек Түгел және ауыл жастары. Мерекеге жиналған тұрғындар ең алдымен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеген көріністермен мектеп ұжымының оқушылары және ұстаздар қауымы әзірлеген концерттік бағдарламаның куәсі болды. Наурыз мерекесін жаңажолдықтар да кең көлемде атап өтті.
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа