Қайсар жігіт

Альберт МурсалимовКүн батысқа қарай ауып ұясына жақындаған кез. Төргі бөлмедегі диванда күннің батуын күтіп, жеңіл киіммен, басы жасттыққа тие сала қор ете түскен, жас жігіт – Сәдібек жатыр. Алғашқы рет мұсылмандыққа бет бұрып, оның бес парызын орындауға ниеттеніп, тілін кәлимаға келтіріп, құранды зерттеп, керекті аяттарын жаттап жүрген. Ораза басталғанына бір жеті болса да әлі төселе алмай, таңғы сәресіге тұрар кезде қара басып, таңғы тәтті ұйқыдан басын көтеруге шамасы келмей, бұрыннан қалыптасып қалған дағдымен, шығыстың ерте шығатын күні арқан бойы көтеріліп терезенің пердесінің арасындағы сауңылаудан сығалап бетіне түскенде бірақ оянып, сәресіден құр қалып – жұмысқа аш кетіп жүрген.
Сәдібек мектепте оқып жүргенде де сабаққа алғыр, класыныдағы оқушылардың алды болып, қоғамдық жүмыстардың қайнаған ортасында жүруге дағдыланған. Мектепте алдымен октябренок болып, оның – ортасында бұйрабас Володяның бала кезгі суреті басылған белгіні омырауына тақты, пионер болып- үш бұрышты қызыл галстукті мойынына ілді, одан класында бірінші болып комсомолдың қызыл билетін қалтасына салып, жүре келе осы ұйымды басқарды. Мектепте оқып жүріп аудандық «Өркен» газетіне үнемі мақала жазып жүрді. Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебін бітірген соң Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Унивеситетін тәмамдады. Журналистік мамандық алып келіп, аудандық «Өркен-Расцвет» газетіне жұмысқа орналасты, одан аудандық атқару комитетіне ауысты, мұнда да көп тұрақтамай өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен, аупарткомның көзіне түсіп, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып алты жыл істеді. Одан кейін Алматы жоғары партия мектебін тамамдап келіп – аудандық партия комитетінде жауапты қызметтерде болды. Аудан басшылығы оған «Ұлан таңы-Уланские зори» газетінің редакторы қызметін ұсынды.
Кезінде Мәскеудегі Орталық партия комитетінен шығып, ауданға лезде жететін қаулы-қарарларды ұқыптылықпен елдің құлағына құйып, оның орындалуын ыждағатпен қадағалап отыратын, қатаң тәртіпке үйренген адам, заманның бұлай төңкеріліп түсетінін біліп пе?! Құранымыз партияның жарғысы, пайғамбарымыз Ленин, Сталин, Маркс, Энегельс,- деп өзінің де, жұрттың да миына сіңіріп, алаңсыз, партияның тапсырмасын орындап, бос уақытта шахмат, биллиард ойнап, ұлтымыздың ұлттық құндылықтарына, ат спорты ойындарына ден қойып, соны зерттеп, газет бетінен түсірмей, үнеміе басы-қасында жүргенін көрген ауданның бірінші басшысы, «Сәдібек, сен байқаймын атқа құмарсың, ат десе ішкен асыңды жерге қоясың, газетіңнің бетінде де, жүрген жеріңде де ат спорт ойындарын насихаттап жүресің. Еңбегің де еш емес, ауданнан ат спорт ойындарының шеберлері шығып келеді. Көкпаршыларың кейінгі кезде облыста ғана емес, республикада да танымал болып келеді. Сен осы атқа байланысты спорт түрлерімен түбегейлі айналысып, соның жетекшісі бол, біз сенің бірінші көмекшің, демеушің болайық»- деген еді. Басшылар сеніп тапсырғасын үйреншікті іске бел шешіп кірісіп, құрған командалары талай табыстарға жетіп, мұқым елге танымал болды. Соның арқасында Сәдібектің де аты шығып, табиғи жолмен ат спорт ойынының облыстағы ең білгірі деген ат жабысты.
Сөйтіп жүргенде, бірақ күнде сүйікті партиямыз шалқасынан түсіп, сыйынып жүрген пайғамбарымыздың шындығында басқа пенде екенін түсінді. Пайғамбарымыз жалғыз, ол – Мұхамбет салалаху ғайлес салам, идеалогиямыз – ісіләм діні, жарғымыз – құран екен. Енді зерттеп қарап отырса компартияның жарғысы мен саясатының өзі, осы құранның негізінде жазылған сияқты. Кеңес өкіметінің дінді, үкіметтен бөліп, «дін-апиын» деп жүргені, құраннан ұрланған адами қағидаттарды ешкім білмесін дегені ме екен кім білсін. Қарап отырса ислам дінінің социализмге де, коммунизмге де зияны жоқ секілді.
Сәдібек құранды зерттей келе ендігі даңғыл жол осы ислам жолы, енді осы жолға түсейін деген байламға келген. Сол ниетпен исламның бес парызының бірі – ораза ұстау болса, бұл талапты да бұлжытпай орындауға ниет еткен.
Күні бойы аштықтан бұратылып, шөлдеп, іші құрғыр да шұрылдап – гүрілдеп қор-қор етіп, «Әй тамаққа қашан барамыз!» – дегендей белгі беріп мазасын кетірсе де, алған бетінен қайтпайтын қайсар жігіт шыдап бақты. Газет редакторының жүрмейтін жері жоқ, бармайтын жиналысы жоқ, ауданда болып жатқан жаңалықты күнбе-күн біліп, газет бетінде жариялап, елді хабардар етіп отыруы керек. Кеңседе күні бойы сарылып отыра бермейді, оған ұжымы да, аудан әкімшілігі де үйренген. Орнында жоқ болса «бір жерде жұмыспен жүрген шығар» дейтін де қоятын.
Жұмыс аяқталуға жақындағанда үндемей кеңсеге жақын жердегі үйіне келді. Күн жарқырап таяуда ұясын баратын емес. Сәл ойланып тұрды да, киімін ауыстырып, кешкі ауыз ашарға дейін жата тұрайын деп жата қалып еді – іле қор ете түсті.
«Тауықтың түсіне тары кіреді» дегендей, түсіне буы бұрқырап былбырап тұрған бір табақ сйыр еті кірді. Табаққа салынған, астында наны бар, жұбайы Қайникамал «Сәдөк азандағы сәресіңді де іше алмап едің, сілең қатқан шығар, отыр, саған арнап өзің жақсы көретін сиыр етін астым»-деп жымиып қарап тұр. Сәдібек пышақты ала-сала жіліктің майлы жерінен үлкендеу бір түйірін кесіп алып ауызға салып жіберді. Әдеттегідей көп шайнап жатпады да, ортасынан тісімен екі бөлді де, қылғытып жіберді. Келесі түйірді, асықпай шайнап, қолына ұстап отырған жіліктің етін қиялап, жапырақтап турап, ортада тұрған табаққа да лақтырып жатыр. Турап болып, бес саусақпен мәнерлеп туралған етті нанымен қосып көптен ет көрмегендей қомағайлана қарбытып, табақтағы етті орталап барып сорпа сұрады. Жас еттің сорпасы да қандай керемет. Екінші кесені сұрап ішті. Қайникамалдың асты дәмдеп, бар өнерін салып пісіргендігі көрініп тұр. Қарны қампйып, бүйірі шығып, ішіне ел қонған соң, столдың ағы бетінде өзінің ет жегеніне қарап, риза болып, күлімдеп отырған жұбайына қарап, түсі бұзылып, маңдайынан суық тер бұрқ ете тұсті.
-Әй, Қайкен-ау мұның қалай, әдейі істедің бе?!
-Не болып қалды, жаным-ау?!-деп сұраулы пішінмен жұбайы түк түсінбей аң-таң.
-Патшам-ау, мен ораза ұстап жүрген жоқ емеспін бе, міне енді құдай алдында күнәхар болдым, енді қайттім!
-Жаным-ау – қашанғы жаныңды қинай бересің. Ең болмаса анда-санда болса да, бір тойып алшы? Томпиып тұатын қозы қарның мен былпылдап тұратын сүбең де жоғалып, қабырғаларың білініп, бетіңнің қызылы да кетіп, көзіңнің нұры қашып барады. Көңіл –күйіңде бұрынғыдай емес, төсекте басың жастыққа тие сала қор ете түсесің, тіпті қасыңда мен бар екенін де ұмыттың, бетіңді бұрып қарамайсың да, теріс қарап жатып аласың. Осы оразаны қоя тұрсаң қайтеді. Кеше өлшеніп 12 келі салмақтан айырылыппын деп едің. Бүйте берсең тіпті ден- саулықтан айырыласың ғой!
-Жаным-ау, ниетімді бұзба, кедергі болма. Оразада әйелге қарауға, шаухат шығаруға болмайды, не қылған түсінбейтін адамсың!
-Түсінемін ғой, тек саған жаным ашиды.
-Жоқ, болмайды, оразаны аяғына дейін ұстап шығамын деп ниет етіп едім, ал сен мені етке тойғызып күнәхар еттің. Енді қайттім?.
-Қайтетіні бар, жарайды, оразаңды ертең қайта жалғастыр. Мен, сен тамақ ішіп қойды деп тіпті ешкімге тіс жармайын.
-Япыр-ай, қандай түсінбейтін адамсың. Сен әдейі істедің бе? Енді қайттім!
Қайникамал столын жасап, ұйықтап жатқан Сәдібекті оятайып столға шақырайын деп қасына келсе, маңдайынан тер бұрқырап, екі беті албырап, күбірлеп біреумен ұрсысып жатыр. Ашуланғанда қабағы қатуланып, аузы бұртиятын еді. «Түсінде біреумен ұрсысып жатыр – ау» деген оймен, иығынан ырғап, «Сәдөк тұр, тамағыңды іш?» деді. «Құры тамағың да, өзіңде!» деген жауап алып аң-таң болып тұрған Қайникамалға, көзін сғырайта ашып бір қарап алды да қайта жұмды. Сәлден соң көзін бажырайта қайта ашып, орнынан атып тұрды.
-Не дедің, естіген жоқпын?
-Ас дайын, беті –қолыңды жуып, столға отырып аузыңды аш, шаршаған шығарсың,-дедім.
-Рас па?
-Сәдөк, сен ораза ұстаймын деп, жаңа мінез шығарып жүрсің. Өзі ауырып қалып жүрмеші? Жүр тамағыңды іш деймін.
-Ә, тамақ іш дейсің бе! Ух, түсім екен ғой, жаман қорқып едім, аузымды мезгілсіз ашып жібердім бе деп. Жарайды ішейік,-деп орнынан тұрып жуынып-шайынып дәретін алып болған соң столға келіп аузын мейізбен ашты. Жаңағының бәрі түс екеніне көзі жетіп қатты қуанды. Тамақ ішіп отырып көрген түсін тағы бір ой елегінен өткізіп шықты. Түсінде айтылған сөздердің бәрі рас, салмағы 12 келіге жеңілдеп, жағы суалып, көзінің үңірейгенін көрген қызметтес әріптестері мен жолдастары «Сәдібек сен немене ауырып қалған жоқсың ба?» деп сұрайды. Бұл «Ораза ұстап жүрмін» дейді. Олар аяушылық білдіреді, әр кім өзінше білгішсініп ақыл айтады. Айтқандарын мұқият тыңдағандай сыңай білдіреді де, бірақ өз ойын жүзеге асыра береді. Неше күн сәресі ішпеседе оразаның талабын толық орындап шықты. Қайсарлық танытып шыдады, ойын жүзеге асырып жеңіп шықты.

Альберт Мурсалимов
22. 09. 2008г.

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

Ауыл   спорты  туралы  ой-пікір

 Оқырмандар    сұраулары  бойынша  басылды  Сәдібек  Түгел  Ұлт үшін ауыл дегеніміз не? Ауыл – қазақтың жан-жүрегі, …