«Тай жарыс» бәйгесі

2010 жылдың 23 қыркүйегінде «Түгел» баспасөз клубында маңызды баспасөз мәслихаты болып өтті. Күн тәртібінде Республикалық «Тай жарыс» бәйгесі туралы сөз қозғалды. Баспасөз мәслихатына «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Н.Өтешов қатысып, осы бәйгені жоғары деңгейде өтуіне көмектесіп, атсалысуға дайын екендерін білдірді.
Республикамыздың жасөспірімдерінің бойына: ұлттық рухты, патриотизмді, елін, жерін, халқының ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, ұлттық спортын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Республикалық балаларға арналған әдеби-танымдық «Құлыным» журналы, осы жылдың сәуір айында, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Н.Өтешовтің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтің және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Т.Ермигияевтің, келісімдерімен бекітілген Балалар спортын насихаттайтын әдеби-танымдық «Құлыным» журналының кубогіне арналған Республикалық «Тай жарыс» бәйгесінің Ережесі бекітілген болатын. Тай жарыс бәйгесі 4 этаппен өткізу белгіленген. Мамыр, маусым айларында барлық ауылдық жерлерде, ондағы жеңімпаздар аудандық және аудандық дәрежедегі қалаларға жолдама алды. Аудандар мен қалалардың жеңімпаздары облыс орталықтары мен облыстық деңгейдегі қалаларда өтіп, жүлдегерлер, Астана қаласының «Қазанат» ипподромында 10 қазан күні өткізілетін ақтық жарыс Республика чемпионатына жолдама алды.
Жиылыстың қорытындысы бойынша «Нұр – Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен «Тай жарыстан» ҚР тұңғыш чемпионаты 2010 жылдың 10 қазаны күні сағат 12-00-де Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өтетін болды.. Оған әр-бір облыстан бірден-бір жас шабандоз бен жүйрік тай қатысады. Сонымен, Астана және Елорда қонақтарын осы мерекені көруге шақырамыз.

Сондай-ақ, оқыңыз

Целиноград-озат аудан!

Ауданға 90 жыл толады 1928-2018 Желтоқсан айының соңғы күндерінде бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы …