Целиноград-озат аудан!

Ауданға 90 жыл толады

1928-2018

Желтоқсан айының соңғы күндерінде бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылынып, «жүйрікітен-жүйрік озар жарысқанда» дегендей, жеңімпаздардың аттары аталынып, құрметке бөленеді. Қолдағы деректерге көз жүгіртсек, сондай жеңімпаз аудандардың бірі де бірегейі Ақмола облысының Целиноград ауданы болып шығады. Жеңіс қашанда оңайлықпен, өзінен-өзі келе қалмайды. Бұл игілікті табыстың артында сол ауданда тұратын жұмысшылар мен тұрғындарының   және аудан әкімдігінің аумақтың әлеуметтік –экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі жанқиярлық еңбектері бар. «Жақсының жақсылығын айт, мерейі өссін» демейме, Целиноград ауданының қол жеткізген жетістігіне  облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиның зор қолдаумен қамқорлығы ерекше ықпал етіп келеді.

Жалпы алғанда бүгінгі таңда Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшіліктер   және 6615 ауылдар бар.

Ал, Целиноград ауданы 54 елді –мекендер мен 18 ауылдық округтерге біріктірілген. 2018 жылы ауданның құрылғанына 90 жыл толады.

2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені  ашылды.

2017 жылы «Аналар рухы» атты керемет мешіт салынды. Бұл күнде, Ақмол селосы адам танымастай өзгерді. Ауылда жаңа ғимараттар мен кешендер бой түзеді. Жаңа аурухана, жаңа стадион, жаңа көшелер мен алаңдар пайда болды.

Целиноград ауданы – өзінен түлеп ұшқан ұлы тұлғаларымен де мақтана алады. Атақты балуан, Кеңес Үкіметінің кезінде бүкіл әлемді мойындатқан, Француз күресінен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ, классикалық күрестен аса ауыр салмақтағы әлемнің, Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы – Қажымұқан Мұңайтпасов – осы өңірдің тумасы.

Ал, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері, ұшқыш, авиация генерал-майоры Талғат Бигельдинов те біздің ауданда туылған.

Ал, соғыс жылдары Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген.

Айтарымыз, целиноградтықтар аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлының білікті басшылығымен   биылғы берекелі еңбектерін баянды ете отырып, келесі 2018 жылы да дәл осындай нәтижеден көрінуге бүгіннен бастап негіз қалап, білекті түріп, белді буып отыр. Алда біздің ауданды үлкен асулар мен биік белестер тосып тұр. Аудан халқына жаңа жетістіктер мен   жеңістер тілейміз!

 

Сәдібек Түгел- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Целиноград ауданының құрметті азаматы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білеміз…

Елімізде мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастаған. Медициналық …