«Керемет той» шақырады!

Продюсерский центр "Керемет той"«Керемет той» продюссерлік орталығына бес жыл толды. Қызықты мәдени шаралар, түрлі кештер, мен тойлар, атақты шетел және отандық өнер жұлдыздарымен кездесулер өткізуде шеберлік, кәсіби біліктілік танытқан орталық аз уақыт аралығында көптің көңілінен шығатын мекемеге айналды. Осы орайда, «Керемет той» продюссерлік орталығының басшысы, әрі құрылтайшысы Әйгерім Түгелден сұхбат алдық.

– Құрметті Әйгерім ханым, ең алдымен Сізді продюссерлік орталықтың бес жылдығымен құттықтаймыз!
– Рахмет. Қуаныштымын. Иә, аталмыш орталықтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. 2004 жылдың мамыр айынан бастап жұмысқа кірістік. Мен университетте оқып жүргенде осы идея ойыма келіп, оны міндетті түрде жүзеге асыру керек деп ойладым. Міне, сөйтіп 5 жыл бойы қажырлы еңбек етіп, тер төгіп жұмыс істеудемін.
«Керемет той» шақырады!– Атқарылған жұмыстар туралы айтып өтсеңіз?
– «Керемет той» продюссерлік орталығы түрлі салтанатты мерекелер, кештер өткізуге мүмкіндік береді. Әр демалыс күндері үйлену тойларын, туған күндерін және мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, шетел мен Отынымыздың жұлдыздарының қатысуымен түрлі кездесулер, кештер ұйымдастырамыз.
«Керемет той» шақырады!– Осы орталықты құрудағы мақсатыңыз не?
– Мақсатымыз – туған күндерді, үйлену, қыз ұзату, күміс, алтын тойларды жоғарғы дәрежеде өткізу болып табылады. Мұнда жоспар бойынша белгілі өнерпаздардың қатысуымен кештер, өткізіледі. Ең бастысы, той өткізу туралы кеңестер, тойға қызмет жасайтын өнерпаздар, мейрамханалар, көліктер мен безендіру орындарының барлық деректері бөліп жазылып қояды. Әр тойға байланысты кештің сценарийі жазылып, тиісті бейнероликтер дайындалады. Бұл арқылы той иесі кештің қалай, қандай дәрежеде өтетінін алдын ала елестете алады. Сонымен бірге, кәсіби әртістердің қатысуымен театрландырылған көрініс көрсетіледі. Әрине, бұл тойдың сәнін келтіріп, қонақтардың демалуына мүмкіндік береді. Мақсат еліміздегі тойды мүмкіндігінше жүйелеп, мәдениетті түрде, әдемі өткізу болып табылады. Яғни, нағыз қазақ тойына жақындату. Әрине, бәрі мүмкін емес, бірақ көп еңбек ету керек. Табысқа жету үшін табанды жұмыс істеу қажет.
«Керемет той» шақырады!– Бұл орталық ашылғалы бері қандай игі шаралар өткіздіңіздер?
– 2006 жылы «Құлагер» ипподромында Елбасының туған күніне және Астана күніне арналған «Қазанат – замана желімен жарысқан» атты ұлттық ат спортының тамаша мерекесін ұйымдастардық. Осындай мерекелерді өткізу 2007 жылы да жалғасын тапты. Атап айтсақ, 2007 жылы Астанадаға «Қазанат» ипподромында «Базис А» компаниясының «Триумф Астананың» ашылуын және Астана қаласының Нотариалдық палатасының 10 жылдығын ұйымдастырдық.
«Керемет той» шақырады!– Қандай өнер жұлдыздарының концерттерін ұйымдастырдыңыздар?
– Атақты шет ел және өз еліміздің жұлдыздарымен қызықты кездесулер өткізіп, концерттер өткіздік. Мәселен, Ресей, Өзбекстан мемлекетінің жұлдыздары Әзиза Мұхамедовамен мен Атхамбек Юлдашев және қазақ жұлдыздары Нұрлан Абдуллин, Парвиз Назаров пен Ситора Назарова, Қыдырәлі және Қарақат, Мәдина Садуақасова, Қайрат Баекенов және т.б. кездесу өтіп, олардың концертттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Елордамызда жыл сайын өтетін «Жас қанат» жас орындаушылардың байқауының өтуіне де біз атсалысып отырмыз.
«Керемет той» шақырады!– Қазіргі таңда не көп, той көп, онымен қоса асабалар да жетіліп артылады. Тойларды жүргізетін асабалар туралы не айтасыз?
– Жоғарыда айтып өттім, біздің мақсатымыз өнерпаз азаматтарды халыққа таныстыру, мәселен, белгілі асабалар тарихта қалыпты дегенді естімеген боларсыз. Кітаптан оқымаған боларсыз. Міне, осы танылмаған өнерпаздарды осы продюссерлік орталық арқылы тани аласыз. Біздің орталықта өз ісінің кәсіби шебері, әрі талантты асабалар жұмыс істейді. Осындай дарынды асабалардың арқасында қаншама тойларды өткіздік. Өнер дегеніміз, ең алдымен, бәсеке ғой. Оның жолы әлмисақтан осылай бәсекеге, тайталасқа, күреске, қамшылауға құрылған. Сондықтан сындарлы сыннан сағы сынбай, жағы талмай өткен жан ғана осы заманда өмір сүре алады. Бүгінгі күнге дейін 50-ге тарта үйлену және қыз ұзату тойын ұйымдастырдық. Қазақ – тойшыл халық. «Той – халықтың қазынасы» деп жатамыз. Шама жетсе, жағдай келсе, салтанатты той өткізгенге не жетсін?! Осы тұрғыда, тойдың асабасына да көп нәрсе байланысты. Егер тойды қызықты өткізгіңіз келсе – бізге келіңіз! Өйткені бізде тойларды қызықты, мәдениетті әрі жоғары дәрежеде ұйымдастырады.
– Әйгерім ханым, алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз?
– Идея және жоспарлар көп. Атқаратын шаруалар одан да көп. Алдымызда үлкен асулар мен белестер тұр. Мақсат – солардан сүрінбей, желіп өту. Негізгі ойымыз – туған еліміз – Қазақстан Республикасының өсіп- өркендеуіне, дамуына, шарықтауына үлес қосу, қолдан келген қызметті белсенді түрде көрсету.
– Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан «Қазанат» журналының тілшісі
Аягүл Сәдуақас