Ерен еңбегімен ел сенімін ақтаған азамат

Сонау  өткен ғасырлардағы  ержүрек ата – бабаларымыздың бойларындағы   жандарын қиып, қасық қандары қалғанша арпалысып-соғысып жүріп, болашақ ұрпақтарына аманат ретінде  қалдырған дүние жүзіндегі ең бай,  ең әдемі, ең  табиғаты ғажайып өлке Өр Алтай, Асқар Алтай, Асқан Алтай, Асау Ертіс,  соның ішіндегі Ұлан ауданы Қайрат Маратұлы Мусинмен  мен біздер үшін кір жуып, кіндік қанымыз тамып, ат жалын тартып мініп, ер жетіп есейген, кейін үйленіп, отау құрып, балалы – шағалы болған және туған отанымызға адал қызмет атқарған киелі де қасиетті мекеніміз болып саналады. Сондай   азаматтың  бірі  де  бірегейі танымал  шығысқазақстандық кәсіпкер,  «ҚМ компаниялары тобының» бас директоры, ауған соғысының ардагері, Ұлан  ауданының  құрметті   азаматы  Мусин Қайрат Маратұлы

Ұлан ауданы  Өр Алтайдың, Асқар Алтайдың құт қонып, бақ дарыған аудандарының бірі де бірегейі. Біздің ауданнан   тоғыз    Совет Одағының Батырлары, бір Халық Қаһарманы туып өскен. Олар: Ізғұтты Айтықов, Төлеген Тоқтаров, Серікқазы Бекбосынов, Иван Варепа, Хамза Мұхамадиев, Николай Лут, Сергей Борозинец, Колесников Владимир Алексеевич, Трофим Михайлович Клименко және партизан Қасым Қайсенов. Күй атасы – Құрманғазы, ал күй патшасы – Кет-Бұқа бабамыз. Шыңғыс ханнан кейін  екінші тұлға болып саналатын Кет-Бұқа атамыз Шығыс Қазақстан  облысы Ұлан топырағының тумасы. Оған  қарт тарих куә. Айта берсем, таусылмайтын тарих бар. Жоғарыда айтқанымдай ауданымыздың ең басты байлығы, ең басты мақтаныштары осы қасиетті киелі жердің  адамдары.

Сол алтын адамдардың  бірі біздің   Қайрат Маратұлы Мусин бауырымыз! Ол  жаратушы иеміз  алла тағала берген ақыл – парасатымен, әке-шешенің тәлім-тәрбиесімен,  өзінің азаматтық қасиеттерімен ел құрметіне шексіз бөленіп отыр.   Үлкенге – іні, кішіге – қамқор аға бола білген Қайрат бауырымызды    қалың ел  қазағы қолдайды. 

Өз өмірінде Қайрат бауырымыз  алғырлығымен, кәсіби біліктілігімен, ержүректігімен, тазалығымен, туған Отаны – Қазақстан Республикасына, оның ішінде Шығыс қазақстан облысына, Ұлан ауданына деген  ерекше патриоттығымен ерекшеленеді.  Қайраттың  ел үшін  атқарған өнегелі істері көп.  Ол   өз  қаражатына  Ұлан ауданының орталығы  Қасым Қайсенов кентіне    көрік беріп тұрған   үлкен  мешітті,    сәнді де  сапалы  салынған  батырлар  аллеясын   тұрғызды,  халықтың  игілігіне  жаратты. Қыркүйек  айында  Кетбұқа  ноянмен  Төлегетай бабалараға  ақ  түйе  сойып  халықаралық деңгейде Ас  өткізді.   Оған  еліміздің   белгілі  тұлғалары  келіп  қатысты. Ұлттық   ат  ойындарынан   дүбірлі   жарыстар  ұйымдастырылып,  келген   қонақтарға,  жарыс  жеңімпаздарына  сый – сыяпат  көрсетілді. Қайраттың  қажырлығы мен   патриоттық  рухымен   салынған  ғимараттар  мен  ескерткіштердің ұрпақ тәрбиесінде  алатын  ролі   зор екені  анық. Бұл   күнде Қайрат Мусиннің   бастауымен Ұлан  ауданында   және   облыс көлемінде басқада игілікті іс-шаралар жүзеге асуда. «Әке көрген – оқ жанар» дегендей   бауырымыз  Қайрат Мусин  ерен еңбегімен, ойлы бастамаларымен, ұлағатты  істерімен, кәсіби біліктілігімен, отансүйгіштігімен  ата-ана   үмітін және  ел сенімін толық ақтауда.

Бауырыма  ақ тілегім: «Жолың ашық болсын! Ғұмыр жасың ұзақ болсын! Бағың  артып, жұлдызың одан әрі  жарқырай берсін! Туған Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына өз үлесіңді осылай мол қоса бер!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұлы даламыз тұлпарлардың  дүбіріне, шаңырақтарымыз жас сәбилердің күлкісіне тола берсін!

 

Құрметпен,

Сәдібек Түгел,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.

 

Атымтай бол, жомарт бол абыройың барында,

Елдің қамын ойлаған ер азамат бол қашанда.

 

әңгімелескен- Дидар Нұржігіт.

Іскер азамат әрқашанда елді көркейтеді

 

Шығысты бетке алдық. Тақтайдай тегіс жолмен зырлап келеміз. Елордадан шыққалы 1000 шақырымды артқа тастағанда Өскемен шаһары көзге шалынды. Сол жағымызда талай тұлпардың бағы мен бабын сынаған атшабар. Оң жағымызда сылдырап Ертіс өзені ағып жатыр. Осылайша айналаға қарап отырып, Қасым Қайсенов кентіне қалай жеткенімізді де аңғармай қалдық. Бұл тоғыз жолдың торабында тұрған бақ.

Әңгімелесіп отырып, көліктің қай жерге бұрылғанын аңғармаппын. Көліктен шығып, төңірекке көз тастадым. Алдымда Бұхарадағыдай  көне ескерткіш кесенелер тәрізді жарқыраған мешітті көрдім. «Ұланға келдік пе, сонда?…» дедім жүргізушіге. Басын изеп, «Әне орталықтағы күмбезі мен мұндалаған мешітті көрдің бе, Тәж-Махал үлгісінде салынған шығыстағы бірден бір сәулетті мешіт. Бұл кәсібінің нәсібінен Қайрат Маратұлының тұрғызған мешіті. Кент маған жақсы таныс, бірақ келмегелі бірер жылдың жүзі болған. Көп нәрсе өзгеріпті. Кедір-бұдыр жол түгелімен сырылып, жаңа асфальт төселіпті. Сәулетті мешіттің алдында керемет саябақ. Ауылына қарап азаматын таны деген осы»,-деді жүргізуші ағамыз. Жоғары жағына «Қасым Қайсенов кенті» деп жазылған еңселі арка-қақпа алыстан көрініп тұр екен. Ол аздай биік тұғыртастың үстіне үлкен әріптермен ауыл атауы жазылыпты. Сонадайдан жергілікті таксист жігіттер көзге шалынды. Кентке атбасын бұрудағы негізгі мақсат та елдің тыныс-тіршілігімен Қайрат Маратұлының  ел игілігі үшін атқарып жатқан елеулі еңбектерімен  танысу еді, солай қарай жүрдік. Жүздерін күн қақтаған таксист жігіттер бастапқыда бізді көріп тосылып қалды. Жөнімізді айтқан соң ал кеп ашылсын. Бұлар Мусин Қайраттың жерлестері екен, Қайрат ағамыздың атқарған еңбектері жайлы ел азаматы туралы жарыса айтып жатыр. «Ерім деген – ел болмаса, елім дейтін – ер қайдан шығады» демекші бұл ауданның тұрғындары да өз азаматын құрметтей білетін, бірлігі жарасқан ауданның бірі екен.  Бәрі де жергілікті жердің тұрғындары. Ия, «Жақсының жақсылығын айт» демекші Қайрат ағамыз туралы шығыстың әр азаматы жақсы сөздер айтып, шарапатты істерін тізбектеп бергені оның ел алдындағы абыройы.

Әрбір адам парақталмаған кітап тәрізді. Ешкімнің сыртына қарап, баға бере алмасымыз белгілі. Кітапты оқи бастағанда ғана түсінетініміз тәрізді адамды да тек тани бастағанда ғана мойындайтынымыз анық. Ал адамды танытатын тек ісі ғана. Құр сөзбен айды аспанға шығарып, сөзбен дүниені төңкергендер көп. Бірақ ісімен сөзі бір жерден шығып, көңіл толатын жандар сирек.

Алайда, азаматтық, адамдық келбеті жарқын, өз өмірімен өнеге бола алған, елдің шынайы құрметіне ісімен лайықты атанған азамат Қайрат Маратұлы Мусин туралы естіп біз де марқайып қалдық. Жақсының аты туралы естіп жүргеннен гөрі, өзін де танып, білсек деген ниетпен ары қарай Өскеменге жол тарттық. Бүгінде Өскемен қаласы орналасқан қасиетті топырақта қазақтың Қабанбайдай, Қасым Қайсеновтей батырлары дүниеге келген болатын. Біз танысатын азамат та жерлестері айтқандай солар тәрізді батырлығы, батылдығы бойынан табылатын ауған соғысына қатысып оралған бүгінгі күннің батыры деп естіп едік.

Өскеменге келіп қарсы алған жігіт ағасы көзіме жылы ұшырап, жылдар бойы танитын жақын адамымдай әсер етті. Қайрат Мусин есімді азамат  ағамыз кәсіпкер, меценат, рухы бойынан жарқырап көрініп тұрған намысшыл, жерлестері айтқандай Қайрат деген атына сай қайратты әрі қарапайым жан екен. Ойыма: «Істер ниетке байланысты. Кімнің ниеті не болса, қолына тиетіні сол болады» деген ойлар оралды.

Бала күнінен қолында барын басқаларымен бөлісуге дайын тұратын қағілез баласының осы мінезіне қарап, әкесі мен анасы «Осы ұлымыз халқына жақын болып өсетін түрі бар» деп үміт күткен екен. Марқұм әкесі Марат Мұсаұлы кезінде «Әрдайым адал бол, халқыңмен бірге бол» деп жастайынан санасына құйып кеткен сөздерін Қайрат ағамыз қашанда жадында сақтап келеді. Сол бала Қайрат өмір баспалдақтарынан аттаған сайын, әкенің ақылын, ұлық жандардың ұлылығын, қарапайым жандардың кішілігін, алғыс алған жандардың тектілігін жанына балап өсті. Әкесі Марат Мұсаұлы қарапайым шаруа отбасынан шыққан прораб болып ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған, ауыл азаматтары қадірлеген елге сыйлы болған жан.

Туған жері Шығыс өңіріндегі Ұлан ауданының кескін келбетін сақтап қалуда да осы Қайрат ағамыздың еңбегі зор. Бір кездері ауылдағы жұрт қалаға ағылып, талай ауыл қаңырап бос қалып жатқанда да Ұланның бұл топырағы қайта гүлденіп, көркейіп, сақталып қалған еді. Аудандағы мешітке бас сұққандар ел азаматына алғыс айтып, ризашылығын білдіріп жататын көрінеді.

Ендеше өмірінің мәнін тек елім, жерім үшін қызмет ету деп отаншылдық рухты биік ұстаған мақсаты берік, ниеті түзу жанның әдемі әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Өмірлік жолы өнеге

 

– Қайрат аға әңгімеміздің әлқиссасында өмірбаяныңызға қысқаша тоқтала кетсеңіз

  • Ауылда өстік. Балғын балалық шағым ауылда өтті. Көк талды ат қылып мініп шауып жүруші едік. Ауыл адамдары сол кездері бір-біріне қайырымды болатын. Ақсақалдардың әңгімесін ақылын тыңдап өстік. Бала кезде мінезім ұяңдау болды. Дегенмен мектепте сабақты өте жақсы оқыдым. Ауылдың жөні бөлек қой. Туған елдің, жусанның иісі ешқашан мұрнымыздан кеткен емес. Қай жерде болсам да, қайда жүрсемде туған жерді ұмытқан емеспін. Сағыныш деген жүрек түбінде жатады ғой. Өмірбаяныма келер болсам мен 1960 жылы 20-шы маусымда ШҚО, Ұлан ауданының Тасөткел ауылында дүниеге келдім. Бүгінде үш балам екі немерем бар.Екі жоғары білімім бар.
  • 1986 жылы Өскемендегі құрылыс-жол институтын, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін. 2010жылы Риддер қаласының Агротехниқалық колледжін бітірдім.1979-81 жылдарыКеңес Әскері қатарында өз борышымды атқарып, Ауғаныстанда әскери қақтығыстарға қатыстым.1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының мақтау грамотасымен, 1989 жылы «КСРО Қарулы күштерінің 70 жылдығы» мерейтойлық медалімен және 1991 жылы КСРО Президентінің Жарлығымен «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталдым.

1982 жылы бокстан КСРО спорт шеберінен үміткер атандым. Көптеген халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, бірнеше мәрте марапатталдым. 1986-89 жылдары «Өскемен транспорттық-экспедициялық мекеме» техника қауіпсіздігі және қауіпсіз жол жүру инженері болып жұмыс атқардым.1989 жылы «Ука-Снаб» материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының шебері болып жұмыс атқардым. 1993 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастадым. 1999 жылдан осы кезеңге дейін бірнеше мекемелерді біріктіріп, «Группа КМ компаниясын» құрып, осы компанияның бас директоры болып тағайындалдым.2002-2007 жылдары Облыстық мәслихаттың екінші, үшінші шақырылымының депутаты болып сайландым. 2004 жылы Президент «ӨЖҚИ-ШҚМТУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-КМҚМ түлектердің ассоциясының» президенті болып сайландым.2006 жылы Ұлан ауданының Құрметті азаматы мәртебесіне ие болдым.2005 жылы «Жоғарғы жетістіктері үшін» төсбелгісімен, ҚР білім министрлігі, 2006 жылы «Ұлан ауданына сіңірген ерекше зор еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2007 жылы  «Группа КМ компания» экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы жетістіктері үшін Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының «Звезда  содружество» орденімен және дипломымен марапатталдым.2009 жылы Астана қаласында «EXW-TA» мекемесі кәсіпкерліктегі-әлеуметтік жауапкершілігі үшін Қазақстан Республикасының Президенттік «Парыз 2009» атты алтын кубогімен, 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапатталдым. 2011 жылы «Құрмет» орденінің иегері аттандым.2011 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өз қаржымнан К.Кайсенов кентінде мешіт тұрғыздым.2012 жылы «2011 жыл бойынша ең үздік жыл кәсіпкері» болып танылдым.

2015 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өз қаржымнан К.Кайсенов кентінде Ұлы Отан және Ауған соғысында шейіт болған жауынгерлерге «Тырналар» атты ескерткішін орнаттым. 2015 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісіне ие болды. Жуырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына, Алматы қаласының 1000 жылдығына және Елбасы бастамасымен басталған «Ұлы Көштің» 25 жылдығына  және «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының 5 жылдығына арналған Алматы  қаласының   әкімдігімен   бірлесіп  ұйымдастырған  «Ұлы дала  Елі- Ұлттық  Руханияттың  мекені» жаңа  патриоттық-мәдени іс-шарасында салтанатты түрде «Ұлы Дала қырандары» медалімен марапатталдым.

 

Біз осы өмірде қандай азамат ретінде қалыптассақ та, соның бәрі әкенің өсиетімен, ананың қасиетімен болды деп есептеймін»,-дейді.

Бүгінде дүйім елдің Атымтай жомарты сынды айтулы да ардақты азамат тұлғасында танылып қалған Қайрат Маратұлы кәсіпкерлікте қандай іскер де қамқор басшы болса, отбасында асқар таудай үш баланың әкесі, уыздай ұйыған тату-тәтті шаңырақтың отағасы.

 

Отаншылдық рухты биік ұстаған тұлға

 

Тарихи деректерге сүйенсек, 1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15-ші ақпанына дейін он жылға созылған Ауғанстандағы соғысқа 23 мың қазақстандық қатысып, 749 жауынгер майдан даласында қаза болды, 26-сы із-түссіз жоғалды, мыңнан астамы мүгедек болып оралды, мыңы соғыстан кейін елге келіп, қайтыс болды. Ия, деректер осылай дейді.

Жат жерге аттанған бұлардың барлығы да өрімдей жас, 18 бен 21-дің аралығындағы жігіттер еді және көбісі қазақтар болатын. Сонда осыншама қазақстандық отбасы қайғы жұтты, артында аңырап ана, қайғыға батып әке қалды деген сөз емес пе бұл?! Олар аман болғанда бүгінде қаншама ұрпақ өрбіген болар еді, қаншама отбасы мына заманның бейбіт күнін кешер еді?!

Десек те, «Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның тұлғасына қара» деген ұлағатты сөз бар. Әр заман өз ерекшеліктерімен, дарынды өрендерімен, өрелі істерімен тарихта таңба қалдырады. Солардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз  жүрегі отан деп соққан, ауған соғысы ардагері Қайрат Маратұлын атауға болады.

Ия, Ауғаныстандағы соғыс 10 жылға жуық созылған. Қаншама қасіретті бастарынан өткізген жауынгерлердің жасаған ерліктері ұшан-теңіз. Осы ретте Қайрат ағамыздан ауған соғысы жайлы сұрастырдық.

 

– Қайрат Маратұлы, өзіңіз ауған соғысы ардагерісіз. Еске алу қиынға соқса да, ауған соғысы жайлы қысқаша айтып бере аласыз ба?

– Ауған соғысында 18-19 жастағы өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Олар «Соғыс» деген суық сөздің қандай ұғымға ие екендігін білсе де, оның терең мән-жайын ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлкекке салған ауған соғысына мен де қатыстым. Ол жақта қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың біразын көзімізбен көрдік. Ол кезде жас сарбаздардың Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антқа берік болу деген бір ғана міндеті болатын. «Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жастағы өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды, – деп өрбітті әңгімесін Қайрат Маратұлы. 18-19 жастағы жас жігіттер соғыстың не екенін білгенімізбен, оның мән-жайын ұғар-ұқпастан кете бардық дейді. Талайдың тағдырын тәлкекке салған ауған соғысында қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы жазым болды. Олардың біразын көзіміз көрдік. Жас сарбаздардың бір ғана міндеті болды: бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие – Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Мен осы сәтте оқ пен оттың ортасында болып келген ардагерден ауған соғысы туралы кеңірек білгім келді.

Ауғаныстан-жүректегі жара

 

– Көңілсіз болса да көз алдыңызда қалған көріністер аз емес шығар. Оқырмандармен бөлісе кетсеңіз…

Ауған соғысы небір қасіретке толы ғой. Осы тұста Қайрат ағамыз былайша әңгімеледі:

-Қуанышымда шек болмай, студент атанып, оқып жүргенімде әскер қатарына шақырылдым. «Ол кезде 18 жасқа толдың ба, міндетті түрде әскер қатарына шақырыласың. Бармаймын деген сөз жоқ. Ол кезде біздер ата-ананың қанатынан босап, үлкен өмірге енді бет алған 18-19 жасар бозбала едік. Бұл жас – кез келген ер-жігіттің өз әскери міндетін өтейтін шақ қой. Бірақ, өз басым қару асынып, дәл қайнаған қанды майдан ошағына барарым деп үш ұйықтасам түсіме кірмес еді… Дегенмен, ант қабылдағаннан кейін және ержігіт болған соң қандай жағдай болса да міндетімізді өтеуге міндеттіміз. Әскери міндетін ауған жерінде өтеуге аттандырылғандардың бәрі 18 жасар өрімдей жастар болатын. Осылайша 1979 жылы  бір топ жігіт Ауған жеріне Асадабад деген жерге әскери борышымызды өтеуге келдік. 6 ай бойы оқу-жаттығу өткіздік. Жалпақ тілмен айтқанда, мұрты енді тебіндеп келе жатқан біздерді соғысқа дайындады. Қыр-сырына үйретті. 1979 жылдың көктемінде, нақтырақ айтсам, сәуір айында ойламаған жерден Ауғанстан жеріне табаным тиіп, сол жерге келдік. 2-ші батальон десанттық штурмға түсіп, ол жерде әскери борышымды өтедім. Мен батальонның материалдық жабдықтаушысы, командирдің орынбасары болдым. Аптасына бір рет азық-түлік, оқ-дәрі, жанармай тасуға барамыз. Қарап отырсам 55 рет шығыппын.

Әр шыққан сайын автокеруеннің жолына мина қойып кетеді. Таулардың арасымен өткен жолда жауларымыз атқылайтын қапыдан, әр өткен сайын бір шабуылда қалып отырдық. Көлігіміздің қапталы тесілген оқтың ізінен көрінбейтін.  Талайы көз алдымда жарылып, майдандас достарымыз мерт болып жатты. Өз басым менің мінген көлігім 3 рет минаға түсті. Жігіттердің жараланып аяқтарын минаның жарықшасы жұлып әкетіп жатқан сәттерді де көрдім. Ең ауыры өзіміздің қазақ жігіттері мерт болғанда өзегімді өртейтін.  Жүректе қалған жара болды мен үшін.Оларда бір үйдің жалғызы, бір отбасының тірегі, қызығы, ұрпағы еді ғой…

Міне, сол сәттердебірге қатарыңда тұрып, ал ертеңгі күні тек мәйітін көргенде санаңда қорқыныш та, жауға деген өшпендік те қатар өршиді. Қорықпаймын дегеннің бәрі өтірік сөз. Бойыңды қорқыныш билеп, намысыңды қайрай түсетін сол қаралы, қазалы сәттер. Осындай көріністер санаңа кешегі күннің ұмытылмас белгісіндей нық орнайды екен. Өмірге деген көзқарасқа әсер етіп, бір күнгі бейбіт өмірдің қадірін бағалай білесің. Әрбір ағарып атқан таңның қаншалықты қымбат екенін түсінесің. Бозбала болып аттанып, небәрі екі жыл ішінде Отанға өмірді де, өлімді де көрген, есейген шағымызда оралдық. Сондай-ақ, бұндай кезде «Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деп, бір үйдің баласындай бәріміз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығардық».Бұл соғыс талайды үйретті. Сана-сезім де, намысты болуға шыңдады. Әр шыққан жолымызда бізді алдымызда не күтіп тұрғанын білмеуші едік. Тар жол. Тау шатқалынан кенеттен тұтқиылдан шабуыл жасайтын дұшмандар. Барлығы аяқ асты бір мезетте бір сәтте астан-кестен болатын.

Сол сәттерде бізге қолдау көрсеткенқолбасшымыз батальонның командиріБақытжан Ертаев ағамыз еді. Мен сол адамның қол астында болғаныма еш өкінбеймін. Өйткені ол Бақытжан ағамыз нағыз әскери тәсілдерді жетік меңгерген, жауапкершілігімол жан болды. Ауғаныстанда әскери жауынгерлік тәсілдерді жетік меңгеруімізге себепші болған да осы Бақытжан Ертаев қолбасшымыз еді.Біздің батальон ол жақта Құнар өзенінің бойында, Асадабад деген қалада тұрды.

 

Мұнда бізге дейін он сегізін ағылшын дивизиясы кірген екен. Бірақ біреуі де аман шықпаған. Соны ескеріп, қолбасшы БақытжанЕртаев ағамыз ең алдымен сарбаздарға жергілікті жердің тарихын, дәстүрін және дінін сыйлата білуді, намысымызды жебеді, шыңдалуға үйретті.Бұл соғыста қазақ жігіттері берген анттарын орындау үшін аянып қалмады. Олар рухтанып, жауға қарсы шабуылдағанда қорқыныш дегенді мүлдем ұмытып кететін. Осындай қолбасшылықың тәлімінің арқасында осылай командирдің орынбасары да болдым. Ол жер от пен өлімнің арасы. Қаншама жолдастарымыз минадан жазым болды. Әр күніміз қымбат еді. Менде минаға түсіп жараланып қалған кездерім де болдым. Су ішкіліктің арқасы ма маңдайға жазылған тағдыр ма аман-есен елге қайтқанымда Отан қандай қастерлі қымбат екенін ұғындық.

Қаншама азамат қаза тапты. Біздің елімізден қаншама мың азамат Ауған жерінде ажал құшты. Оны Үкіметке жабудың еш қажеті жоқ. Соғыс болды, біз интернационалдық міндетімізді орындадық. Үкімет жіберді, бардық. Ауғанда болған азаматтар – соғыс көрген азаматтар. Олар – батырлар. Сондықтан Ауған соғысына қатысқандарды батырлар ретінде халыққа паш етуміз керек.

Өздеріңіз білесіздер Халық қаһарманы, генерал Бақытжан Ертаевтың ағамыз  халық алдындағы қызметі үшін «Халық қаһарманы» деген еліміздегі ең жоғарғы атақты алды. Әлі күнге дейін біздің қолбасшымыз. Осы атаққа лайық тұлға. Бұл жөнінен Бақытжан Ертаев ағамыз сол кезде де «Бұл – Елбасының бүкіл ауған жауынгерлеріне деген ілтипаты» деген еді. Сондықтан бізге бұдан артық бағаның, бұдан артық құрметтің қажеті жоқ. Мен Ауған соғысына қатысқаным үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталдым. Ұлан ауданының құрметті азаматымын. Халық бізді ұмытып жатқан жоқ. Халқыма разымын. Қай жерге барсақ та құрметтеп, қадірлеп жатады. Бүгінгі күнге осындай нәтижеге жеткеніме Аллаға шүкіршілік айтамын халықтың арқасы, елдің алғысы. Алдағы уақытта да елге жатпай-тұрмай қызмет етерміз деген ойдамыз. Өмірдің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шақтың сүбелі үлесін өзге елде оқ пен от астында өткізгенәр қазақ жауынгері қашанда абыройлы. Он жылғатартасозылғанбұлсоғыстыңаяқталуы да ауырболды. Солкездегіжауынгерлербүгінгібейбітөмірдіңеңбеккерлерісоғысжарасынанайығаалмайкеледі. Бүгінөзімізбенбіргеелдің көсегесінкөгертугеатсалысыпжүргенауғандықардагержауынгерлердіқадірлеп – құрметтеу – өскелең ұрпақтың борышы.Осылайша, қазақ отбасына да қаншама қасірет әкелген айдаладағы Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын деп күрсінді Қайрат ағамыз.

 

– Қайрат аға, өзіңіз Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, запастағы капитанысыз, «Шығыс Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының қызметін қоса атқарып келесіз екен. Осы уақытқа дейін атқарылып жатқан іс-шаралар туралы не айтасыз?

–  Атаулы бірлестік 2009 жылғы 9 қаңтарда Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 20 жылдығына орай құрылған болатын.Ұйым қызметінің мақсаты қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтау, қаза тапқан жауынгерлердің, соғыс мүгедектері мен ардагерлерінің отбасыларына қатысты құқықтарды мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларға сәйкес қорғау және оларға көмек көрсету; жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында жұмыс атқарады.

2014 жылы 9 маусымда Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған мемориалдық кешеннің іргетасын қалау рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынға Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев арнайы шақырылып, алғашқы ірге тасын қалау құрметіне ие болды. Сондай-ақ, жиынға кент тұрғындары, Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 2015 жылдың 20 шілдесінде Қасым Қайсенов кентінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында менің демеушілігімен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлан жерінен шыққан Кеңес Одағының 10 батырына арналған бюстері орнатылды. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қарулы Күштер ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Сенат депутаты Сергей Плотников, жазушы, драматург-аудармашы Роллан Сейсенбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ат спорты федерациясының Президенті Сәдібек Түгел, ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және тағы да басқа құрметті қонақтар қатысты.

Қоғамдық бірлестігі құрылғаннан бастап, ауданда талай іс-шаралар атқарылды. Оқушыларға, жастарға патриоттық тәрбие беруде көптеген  кездесулер ұйымдастырылды, сонымен қатар қоғамдық бірлестік  дәстүрлі оқушылар арасында спорттық шараларды  ұйымдастырып келеді. Аудандық ішкі саясат бөлімі, әкімдіктің қолдауымен ауданда отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында көптеген іс-шараларды атқарудамыз. Аудандағы ауған соғысы ардагерлерімен олардың отбасыларына барынша қолдау көрсетіп келеді. Мектептерде оқушылармен «Ерлік сабақтары» спорттық шаралармен бірге ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен қаладағы сенбіліктер ұйымдастырамыз. Ұлан  ауданы бойынша Ауғанстан соғысында қаза болған азаматтар  және іс-түссіз кеткен азаматтардың есімі жазылған құлыптас орнатылды.

Қасым Қайсенов кентінде Ұлы Отан және Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арнап орнатылған «Тырналар» атты ескерткішінің мәні Ауған соғысы ардагерлерінің жасаған ерліктері ұшан-теңіз болғанымен қанаттары жаралы тырна тәрізді. Қандай хабар болмасын әкелетін тырналар. Екі тырна бейнесінде орнатылған ескерткіштің ортасында мыстан жасалған жылаған ана мүсіні. Қандай соғыс болмасын ана баласы үшін көз жасын төгеді. Бұл соғыс ешкімге абырой әпермеді. Сонымен бірге халқымыздың елдік болмысы мен ерлік қасиеті сынға түскен қаһарлы сынақтың бірі 1941-1945 жылдары адамзат баласына өлшеусіз қасірет әкелген Ұлы Отан соғысы болғаны мәлім. Соғыс жылдары майдан мен тылда кеңестік патриотизм шырқау шыңына жетіп, елдік мақсатқа жұмылдырды. Олардың қатарында Қаһарман батырымыз Қасым Қайсеновте бар. Кешегі Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды батыр аталарымыздың рухымен өстік. Алдағы уақытта Ауған соғысында қаза болған сарбаздардың құрметіне орай спорттық шаралар өткізу, патриоттық тақырыпта іс-шаралар атқару.Ауғанда болған азаматтар – соғыс көрген азаматтар. Олар – батырлар. Сондықтан Ауған соғысына қатысқандарды батырлар ретінде халыққа паш етуміз керек.

Не десек те, осындай отансүйгіштікті биік мақсат етіп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан  «Басты міндетім – отансүйгіштік» деп отаншылдық рухты биік ұстанған Қайрат ағамыздың өзі бір жеке тұлға.

Суреттер сөйлейді

Әр қазақ намысты болса, ұлттың ұпайы түгел болатынына еш күмән жоқ

 

– Қайрат аға, сонау Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары яғни, 1992 жылы Өскеменде болған қазақтар мен шешендер арасындағы қақтығыста бел ортасында  болды деп естиміз, сол сәттерді де айтып өтсеңіз…

 

Бүгінде еліміз аман, жұртымыз тыныш. 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері қазақтың қамқорлығы мен аялы алақаны астында емін-еркін, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл әуелі Елбасының салиқалы саясатының арқасы деп білуіміз керек. Қазақ ешқашан өзге ұлтсың деп ешкімді өзекке тепкен емес. Керісінше қонағын құдайындай сыйлайтын дархан қазақ астындағы жалғыз атын да қонағына сыйлап, жүген ұстап қалатын мінезінен танған емес. Өкінішке қарай ақкөңіл қазақтың осы бір даладай дархан мінезін дұрыс түсінбейтіндер де бар. Сол бір сәт жиырма жылдан аса уақыт өтсе де әлі есімде 1992 жылы Өскемен қаласында қайғылы жағдай орын алды. Қазақтың төрт баласын Кавказ халқының өкілдері 114 жерінен пышақ салып, қатігездікпен өлтірді деген хабар естідік. Бұл деген намысқа тигенмен бір. Оның төртеуі аузынан ақ сүті кетпеген ауылдан

 

келген жас балалар екен. Бозбалалықтың қызығы енді басталаған жастары еді.

 

Сол кезде жүрегінде намысы бар, елім деген, жерім деген барлық аудан, қалалардағы жігіттер бас қостық. Біздің жігіттерге өлім құштырған шешен ұлтының өкілдері тұратын ауылға бардық. Бас жарып, көз шығармасақ та бәрін салиқалы түрде шештік. Қайғылы жағдайға жол берген жоқпыз. Ешкім ешкімге пышақ  салған жоқ. Бірақ біздің бауырларымызға қанжар жұмсаған қатігез азаматтар лайықты жазасын алды. Шешен ұлтының төрт жігіті ұсталынып, түрмеге жабылды деп естідік. Бірақ қашан сот болғаны, олардың қанша жылға сотталғанын бейхабармыз. Сол кезде біздің жүргеніміз рас. Қазақтың балаларының басын кесіп жатқан кезде біз шықпағанда кім шығады? Бұл оқиғаның өзі басыла берген кезде тағы бір жайсыз оқиға орын алды. Шешен ұлтының өкілдерінің біреуі «Оқиғаның басы-қасында осы жүрді, осы бастады бәрін» деп мені көрсеткен болу керек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мені қамауға алып, бір айдай СИЗО-да ұстады. Бұл жерде, шынын айтқанда, менің ешқандай жазығым болған жоқ. Бұл жүрегінде намыс билеген әр азаматтың бас көтерген әрекеті еді. Бұл жағдай белгілі біреулердің көрсетуімен орын алды деп ойлаймын өз басым. Еліміздің түкпір-түкпірінен, Семейден, Ақтаудан, Жамбылдан жан-жақтан қазақтың жігіттері келді сол кезде.

Намысты қолдан бермейтін қазақ үшін, өз жерінде өз елінде бейбіт күнде жас өркендерімізді басындырып, өзгеге қойғанымыз жарамайды. Бұл, әрине, өткен шақ. Дегенмен елімізді мекен еткен әрбір ұлт бір нәрсені түсіну керек. Оларға дәл қазақ ұлтындай қамқорлық танытқан, жанашыр, пана болған ешқандай ұлт жоқ. Олар сол үшін қазақ халқын, елін, жерін құрмет тұтуы, сыйлауы керек. Ел – қазақтікі, жер – қазақтікі екенін түсіну керек. Сонау 1992 жылы қазақтың төрт баласы қанға боялып жатқанда бізді орнымызда тұрғыза алмай алып шыққан да осы намыс. Бір сөзбен айтқанда, ел, жер намысы. Әр қазақ намысты болса, ұлттың ұпайы түгел болатынына еш күмән жоқ.

Кәсібінің нәсібін көріп отырған кәсіпкер

 

Қазақта «Ауылдаста болса – ауызға тиер» деген сөз бар. Бұл ауқатты бір елдің жетімін жылатпай, жесірін тентіретпей, өрісін кеңейтіп, қонысын құтайтып, дала заңдылығын бекем сақтап отырған қуатты тұлғалардың берекелі тірлігін көргенде шыққан сөз болу керек.

Бүгінгінің дәулеттілерінің арасында да қоғамның қисайған тұсын түзеуге, үңірейген жерін толтыруға атсалысып жүрген марғасқа жігіттері баршылық. Кәсібін дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер аз емес. Солардың бірі «Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» дегендей, заман талабына сай еңбек етіп кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі, атанжілікті азамат, арда мінездің иесі көпке кеңінен танымал, белгілі бизнесмен, руханият пен ұлттық спорттың түрлі саласын қолдап жүрген меценат Қайрат Мусин Маратұлы  – қазір де ұлт руханиятына қан құйып, жиған-тергенін ел үшін аянбай жол салып келе жатқан азамат.

Мусин Қайрат есімі жұртшылыққа етене таныс. Ол – «Атымтай жомарттылығымен» көзге түсіп жүрген азамат. Ұлтымыздың рухани құндылықтарының жаңғыруына, ұлттық спорттың насихатталуына зор үлес қосып, қазақтың төл өнерлерінің дамуына қаржылай демеушілік көрсетіп келеді. Қазақ тумысынан жаны жайсаң, кеңпейіл, жомарт халық дегенімізбен, қазіргідей заманда біреудің біреу үшін өз қалтасынан қомақты қаржы шығаратыны сирек. Бойында қайырымдылық қасиеттері бар жанды халық ерекше жақсы көреді. Бүгінде ел аманатын арқалап, көптің алғысын алып, алты Алаштың баласын алаламай, қолынан келген көмегін көрсетіп жүрген Қайрат Маратұлының  қараша қазағына жасаған қайырымды шараларын санамаласаңыз, саусағыңыз жетпейді. Қиясына қыран қонған, асқарында арқарлары асыр салған, өзен-көлдерінің балығы тайдай тулаған, құстары базар шулаған, бауырында байлық шалқыған, тастары кен боп балқыған, шығыстың өңірі талантымен таңдай қақтырған талай тарихи тұлғалар шыққан. Уақыт алмасып, ұрпақпен өмір жалғасып жатады. Сол бір тарихи тұлғалардың ізін басып, ісін жалғастырып жүрген, ұлтымыздың ұлы құндылықтарын бойына сіңірген асыл азаматтарды көргенде көңіліңді мақтаныш сезімі билеп, кәдімгідей марқайып қаласың. Оны тәрбиелеп өсірген ата-анасына риза болып, іштей «сені өсірген ата-анаңнан айналайын!» дейсің. Осындай абзал азаматтардың бірі – өзінің адамгершілік асыл қасиеттерімен, адал еңбегімен, терең білімімен елдің алғысын алып, абыройға бөленіп жүрген, Ұлан ауданының тумасы Мусин Қайрат Мартұлы. Ол өзінің мінсіз мінезімен, кішіпейілдігімен, білімділігімен, іскерлігімен көпшіліктің көзіне ерте ілікті.

Ел арасында өзгеге көмек көрсетуді мақсат етіп, істеген ісінен қуаныш табатын азаматтарымыз жетерлік. Атымтай-жомарттығымен танылған сондай азаматтардың бірі десек те болады.

 

– Қайрат  аға, жеке кәсіпкер ретінде өз кәсібіңізді қашан бастап едіңіз?

 

– Негізі менің тәмәмдаған оқуым Өскемендегі құрылыс жол институты. Оны 1986 жылы инженер-жолшы мамандығы бойынша бітірдім. Оқу орнын тәмәмдаған кезде МАИ қызметкері болсам деген ой болған. Бірақ ол ойым белгілі-белгісіз себептермен жүзеге аспады. Бір жағы сол кездері ел арасында милицияның беделі кете бастады. Әсіресе Желтоқсан оқиғасынан кейін. Сөйтіп ол жолды таңдауға мүмкіндік болмады. Кәсіпкерлікті таңдадық.

Ал, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мені өмірдің өзі жетелеп әкелді. Өзімді осы салада сынап көргім келді. Басында сәл-пәл қиын болғанымен алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді салып еңбек еттім. Осылай жылдар өте кәсіпке бет алдық. Ия, үйде отыра алмаймын. Ішім пысады, әрі жүрмесең, жүгірмесең, жұмыс та өнбейді ғой. Саналы өмірдің өзі ордалы жастан кейін бастала ма деп ойлаймын. Сол жылдары еліміз Тәуелсіздігін алып, бұрынғы Кеңес Одағы құлап, аласапыран болып жатқан кез. Сөйтіп, не керек, коммерцияға шындап ден қойдым. Сонау Алматы қалаларына тауар тасып, бизнестің қазанына түстім де кеттім. Құдайға шүкір, жаман болған жоқпын. Ол кезде заман басқаша, бұрынғыдай экономикалық байланыстар жоқ. Ел мен ел, жер мен жерді біз сияқты саудагерлер байланыстырып тұрған кез. Міне, осылайша, бизнес мені өз иіріміне тарта берді…

1991 жылы еліміз егемендік алғаннан кейін алғы шепте жүріп  осылай 1993 жылдан бастап алғаш кәсіпкерлікпен айналыстық. Сол арқылы отанымыздың аяғынан нық тұруына, жетілуіне, көгеріп-көркеюіне аз да болса үлес қосып, еңбегімізді сіңірдік. Соның нәтижесі ретінде сол кездері қалада ашылған бірнеше жекеменшік кәсіпорындарының жұмысы жанданғанын айтуға болады. Ол кезді еске алмай өтуге болмас. 90-шы жылдары Өскеменде ешқандай өндіріс орындары жұмыс істемей тұрған. Сол кезде, шынын айтқанда, өндірістің көзі базар болды. Жұрт  нәпәқасын базардан тауып, бала-шағасын асырады. Бүкіл халық – мұғалімдер, дәрігерлер өз жұмысын тастап, алып-сатумен шұғылданды, базармен күнін көрді. Қорегін айырды. Біз де өз кәсібімізді сондай бір алмағайып, дүрбелең тұста бастадық. Сөйтіп, ақырын-ақырын жұмысымыз алға басып, базардың бастығының орынбасары, бастығы секілді қызметтер атқардық. Анығын айтқанда, 1995 жылдан 2000 жылға дейін базарда жұмыс істедім. Сол кезде басқа да жұмыстармен айналыстық. Сауда үйін аштық. Қалалық санэпидемистанцияның жұмысын жетілдірдік. «Шығыс-Баспа» деп аталатын ғимаратты сатып алып, баспалық жұмыспен шұғылданған кезіміз де болды. Бүгінгі таңда жарық көретін өзіміздің жекеменшік «Жарнама» деген газетіміз бар. Мұның бәрі сол кезде дұрыс бағыт алып, дұрыс жолда еңбек еткеніміздің жемісі деп білемін. Сонау тоқсаныншы жылдары өндірістің көзі тек базар болды. Бүгіндері азуын айға білеп тұрған «Қазцинк», УМЗ секілді алпауыт кәсіпорындардың ол кезде бірі де істемейтін. Бәрі тоқтап тұрды. Халықтың бәрі базарда болды. Сөйтіп жаңадан тағы бір орын аштық. 2007 жылы жеміс-жидек сататын «Дина» толайым базарын іске қостық.

Базарды әркім әрқалай түсінеді. Базарды оңай нәрсе деп түсінетіндер көп. Аласың да төбесіне шатыр қойып, сауда жасай бересің деп ойлайтындар да бар. Егер бұлай ойлайтындар болса, қателеседі. Ал шын мәнінде базардың не екендігін базарда қызмет істеп, соның отымен кіріп, күлімен шыққан, суығына тоңып, ыстығына күйген адамдар ғана білсе керек. Талай адам базар ашып, қалтасын қампайтып, бүйірін томпайтып, қызылды-жасыл ақшаны судай сапырып, сайран салғысы келген. Талай жігіт жеке кәсіппен айналысып, биікке ұмтылып, асқар шыңды бағындырғысы келген. Бірақ, бұл – барлық адамның қолынан келе беретін кәсіп емес. Бір сөзбен айтқанда, базар оңай шағылатын жаңғақ емес. Базар инемен құдық қазғандай ауырлығы көп жұмыс. Сондықтан оған екінің бірі, егіздің сыңары шыдай бермейді. Мақтанды демеңіз, басынан бастағаннан болар, бұл жұмыс біздің қолымыздан келді. Біз ол жұмыстан пайда көрмесек, зиян шеккен жоқпыз. Кәсіпкер болдық. Аллаға шүкір, ешкімнен кем емеспіз. Сондықтан кәсіпкерлікті таңдағаныма әрқашан қуанамын. Осы кәсіпкерліктің арқасында ел-жұртыма азда да болса пайдамды тигізіп жатырмын. Қазір менің қарамағымда мыңдаған адам қызмет етеді. Солар жұмыс тауып беріп, ел қатарлы өмір сүруіне жағдай жасап отырғаныма өз басым қуанамын. Келешекте де осы бағытта еңбек ете беремін деген ойдамын.

Кәсібіңді жетілдіріп, дамыту үшін күні-түні жұмыс істеу қажет. Қазіргі уақытта ауылдық жерде шағын кәсіпкерлікке жұртшылықтың ынтасы жыл санап артып келеді. Елімізде дені сау ерінбеген адамға мал асырап табысқа кенелуге барлық жағдай жасалынған. Дегенмен ауырлықсыз еш жеңіл болмайтыны белгілі ғой. Меценаттық қалыпты жағдайда. Жыл сайын жолданатын Елбасының халыққа Жолдауы да бағыттары да елдің дамуына өркендеуіне арналған,-дейді.

Осы орайда біз Қайрат Маратұлынан нендей қайырымдылық шараларға қолдау білдіріп, демеушілік жасап жүргенін білмекке ұмтылдық.

Қайырымдылық жасағанның шарапаты Алладан қайтады

 

«Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» дейтін халықпыз. Мешіт салғаныңыз – өз алдына бір төбе, әйтсе де қандай қайырымды істерге ұйытқы болып жүрсіз?Жүрегінде мейірім оты лаулаған адамның қолынан тек игі істер бастау алады. Қайырымдылық шарасына қаншалықты көңіл бөлесіз?Бұл сауалды тек көпке үлгі болсын деген ниетпен ғана қойып отырмын.

– Қайырымдылық жасағанның шарапаты Алладан қайтады. Сондықтан қолыңнан келсе әлсізге көмек бергеннің артықтығы жоқ. Талай игі шарадан кейін арнайы келіп алғысын жаудырып, батасын беріп жатқан ата-аналардың жылы лебізі жанымда естелік болып сақталған. Сондықтан болар, балаларға, жағдайы нашар отбасыларға арналған қайырымдылық шарасынан қол үзбеуге тырысамын. Қайырымды сезінген жанның шынайы күлкісі өмірдің бар ауыртпалығы мен қиындығын ұмыттыра алатын сиқырлы таяқша секілді ғой. Сондықтан қолымда барымды көппен бөлісу мен үшін артық етіп көрген емес, керісінше мейірімді сезінген жанның алғысы мен үшін үлкен мәртебе.  Талай спорттық, қайырымдылық шаралардың, әр түрлі байқаулардың бас демеушісі болдық, көптеген жобаларға демеушілік көрсеттік. Тізбелей берсем көп. Жағдайы нашар, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуға тырысамыз. Қазақ «Не ексең, соны орасың» дейді. Жақсылық жасаған адамға түбі ол жақсылығы қайтып келеді. Оның үстіне, адам жақсылық жасаған кезде сайын рухани байып, көңілің марқайып жүреді.

Қайырымдылық іс-шараларынан біз ешқашан шет қалған емеспіз. Қазір халықта бәрі бар. Аш жүрген адам жоқ деп айтуға болады. Қазіргі қоғамға қажет дүние – имандылық. Бізге жетпей жатқаны осы. Адамдар имандылыққа бас ұрса, қоғамда жаманшылық азайып, иманды ұл мен ибалы қыздарымыздың қатары арта түсер еді деп ойлаймын. Иманды адамдар бір-біріне қиянат жасамайды.

Мешіт не үшін қажет? Иманды адам тәрбиелеу үшін. Ең болмаса, бір жастың осы мешітке келіп, сәждеге бас қоюына себепші болып жатсақ мен үшін бұдан үлкен қуаныш жоқ. Мешіт тұрғызудағы негізгі мұратым сонда ғана орындалады деп білемін.

Осыдан бес жыл бұрын «Туған жерге – тағзым» акциясы бойынша ауданда жиын өткен болатын. Сол кезде бірнеше кәсіпкер азаматтардың басы қосылып, әркім шамасы келгенше туған жеріне көмек қолын созамыз деп уәде берген. Сол кезде мен мешіт салдырам дегенмін.

Мешіт соқпай тұрып-ақ анамды  мұсылманның бес парызының бірі – қажылыққа жіберіп тұратынбыз. «Бес саусақ бірдей емес», әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдеміміз тиген кездер де болды. Бәрін тізбелеп қайтемін?! Амал-ниетімізді бір Құдай қабыл етсе, болды да. Бізге керегі – сол ғана. Ал, мешітке келсек, «Сабақты ине сәтімен», сонау 2001 жылы Қасым Қайсенов кентінде зәулім мешіт көтердік. Жалпы, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсетуді ұмытқан емеспін. Ауған соғысынан оралған уақытта да осы ой санамда жүрді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан майдандас жолдастарымызды еске алып, бата бағыштау үшін мешіттің орны бөлек қой. Лайым өзіміз де үлкен ақсақалдардың өнегесімен өстік. Олардың тағылымды жолын берсін деймін іштей. Олардан үйренетініміз өте көп. Бізге қарап кейіңгі өскелең жас ұрпақ өседі. Еңбегімізді елге танытып, меценат атымызды қалыптастырған ұлттық жобаларға қол ұшын созуды ұмытқан жоқпын, – деді ол сабырлы қалпында.

Ұлан ауданының ор­та­лығы  – Қасым Қай­се­нов атындағы кенттегікүмбезі көк тіреген кең де зәулім мешіттің орналасқан алаңы 860 шаршы метр, биіктігі 27 метр, 4 мұнараның биіктігі 26 метр. 400 орынды имандылық ордасының 200 адамға арналған науқан өткізетін асханасы оның қосалқы бөлмелері, 2 кісілік мәйіт сақтайтын орны, имамның бөлмесі, әйелдердің намаз оқитын бөлмесі, дәретхана, киім ілетін бөлмелері бар.

Ауған соғысының ардагері болып табылатын бұл иманды азамат халқына сыйлы, еліне елеулі, өз ортасында беделді. Мешітті салған Қайрат Мусиннің анасы Мәрзия Рахметоллақызы бастап, ашу лентасы қиылып, азан шақырылып, мешітте екі рәкағат намаз оқылды. Дастарқан жайылып, Өскемен қаласы мешітінің бас имамы Ибрагим Қарнақбайұлы сөз сөйлеп, Құран оқыды. Игілікті шараға орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет арнайы құттықтау жолдады. Енді, міне, Ұландағы еңселі мешіт ел игілігіне айналды.

 «Қайрат мен басқарған батальонда ерлікпен шай­қас­ты. Қазір оның омы­рау­ын­да жиырмадан астам жау­ынгерлік наградалар бар. Елбасының Жар­лы­ғымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Біз Ауған соғысының ардагерлері аты­нан Қайратқа ақбоз ат сый­лаймыз», – деп халық қаһарманы, Бақытжан Ертаев кә­сіп­кердің иығына шапан жау­ып, тұлпар  мінгізді.

Сірә, бұл да оның жасаған жақсылығын міндет етіп, мақтан тұтатын қасиеті жоқ екенін білдірсе керек. Біздің кейіпкеріміз азамат-ердің сойына ғана жарасатын мұндай ірі тірліктерді бұдан кейін де талай рет талай жанға жасады.

– Шынымды айтсам, мен қайырымдылық шараларының бәрін сол кездері өзімнің бір мықты болғанымнан жасадым деп ойламаймын, бірліктің, ұйымшылдықтың арқасы – дейді ол қазір.

Рас, «Жетім көрсең, жебей жүр» деген ата-ана насихатын естіп өскен біздің кім-кімге де қолдан келгенінше көмек бергіміз келіп тұратын,-дейді. Шарапатты істерінің бірі сал ауруына шалдыққан Қасымовтар отбасындағы кішкентай қыздары Толғанайға да емделуіне қол ұшын беріп, сындарлы сәтте азаматтық танытқан ағамыздың бұлда бір игілікті ісі.

Халықта «Бір жетімді қуантсаң, жұмақтың жеті есігі ашылады» деген жақсы сөз бар. Осы жылдар ішінде Қайрат Маратұлы қаншама қайырымдылық шараларын атқарды десеңізші. Осынау өмір-дерекке көз жүгірткенде ең алдымен байқайтыныңыз, бүгінде Қайрат Маратұлының өмірі кез-келген қазаққа үлгі етуге тұрарлық. Оның еңбекқорлығы, жауаптылығы мен қайырымдылығы, жомарттылығы бірден менмұндалайды. Қашан қарасаң ел ортасында жүргені – ауылға, туған жерге, өскен ортаға, ұшқан ұяға жиі атбасын бұрады, кем-кетігін толықтырады, жылағанға жұбаныш, мұңайғанға қуаныш бола білетін, жәрдем беруге қашанда дайын жомарт жүректі жан. Оны ел де тегіннен тегін «Атымтай жомарт» атамаса керек. Қазақ жігітіне лайық жомарттық, ер-азаматқа лайық мәрттік Мусин Қайраттың шынайы болмыс-бітімі. Айта жүрсін деп істемейді, мақтасын деп жасамайды, қандай жақсылық істесе де – адами міндетім, перзенттік борышым деп жасайды.

Маған кейде осы бір келбеті мен кескіні келіскен жандар қазақтың «Түсі игіден түңілме» деген мақалының астарында ақиқат жатқанын ақтау үшін дүниеге келгендей болып  көрінеді. Ал мұндай азаматтар өзгеге қамқор қолын созып, жабыққанға жұбаныш болған сәттері туралы естігенде, есіме арқалы ақын Төлеген Айбергеновтің «Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа, жарқылдаған алмас па, дейсің-ау, дейсің сен оны» деп шымырлап өріліп, шым-шымдап төгілетін жыр жолдары оралады. Ия, Қайрат ағамыздың сөзге тұратын мәрттігі мен өрге шығатын жомарттығын ойға алғанда, ауызға осы «марғасқа» деген сөз бірінші болып түсер еді.

 

Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын

  • Атқарылған істеріңіз жайлы айта отырсаңыз

– Әрине, атқарылған істің игілігін көру, елдің ризашылығын алу дегеннің барлығы атқарылған шаруаларға байланысты. Көмек сұраған ұйымдар мен ұжымдардың, жекелеген ұлттық өнер, спорт жанашырларының сөзін жерге тастағаным жоқ,-деп ойын сабақтады. Шығыс өңіріндегі қазақ күресіне қолдау танытып, жас ақын-жазушылардың Өскеменде өткен республикалық мүшәйрада қаржылай демеушілік көрсеттім. Дегенмен, бағдарлап, бағамдап, мүмкіндігіміз жеткен тұсқа көмек қолымызды созамыз. Меніңше, ауылда да жас мамандарға жағдай туғызу керек. Әрине, бәрін мемлекеттің мойнына артып қойғаннан гөрі, «Көппен көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз жұдырықтай жұмылып, қоғамнан тыс қалмай, әрбір іске атсалысқанымыз дұрыс. «Жастарды ауылға бармайды» деп кінәлай беру дұрыс емес. Олар жас қой, дұрыс демалатын, құрбыларымен дұрыс кеш өткізетін, бос уақытын қызықты өткізетін жер, заманауи орта керек. Оны оларға біз жасамасақ, кім жасайды?!

Елдің елдігі, ердің ерлігі осындай ел басына күн туған қиын шақта көрінсе керек. Осыдан 5-6 жыл бұрын Тарбағатай ауданында су тасқыны болып елді әбігерге түсіргенде біз де азаматтық танытып, қолдан келгенше су тасқыннан зардап шеккен тарбағатайлық ағайындарға көмектестік. «Парыз» қорына қаржы аудардық. Тамақ, киім жөнелттік. Бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып, бір атаның баласындай, қос қолдың саласындай болып қолдау көрсеттік. Біз қандай жағдайда болсын бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Біз бұған әрқашан әзірміз.

2009 жылы «Ең үздік әлеуметтік жоба» атты номинациясы бойынша шағын кәсіпкерліктің арасында елімізде бірінші орынды жеңіп алдық. Елбасының өз қолынан сыйлық алдық. Мұны мен мемлекет басшысысының біздің халыққа істеген жақсылығымызды көріп, еңбегімізді бағалағаны деп түсінемін. Айта берсек, атқарылып жатқан, келешекте атқарылуға тиіс жұмыс көп.

Ұлы Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық жасау – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық жасау – ер кісінің ісі» деген екен. Мен қолымдағы барымды бөлісуге келгенде ешкімді алалаған емеспін. Осы уақытқа дейін ел үшін жасалатын істеріме, бастамаларыма барлық уақытта қолдау білдірді. 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. «Кәсіпкерлік саладағы үздік іскерлігі үшін» алтын медалін иелендім. Бұл менің қоғамдық жұмыстарға деген белсенділігімді арттырды, аз қамтылған отбасыларға үнемі қамқорлық жасауға итермеледі. Мен одан жарлы болып қалған жоқпын, керісінше үлкен абыройға бөлендім.

Өскемендегі құрылысшылардың Мәдениет сарайын да қалпына келтіріп, ел игілігіне жаратуға үлес қостық. Сарайды өз қолымызға алып, соның ішіне үлкен спорт кешенін салдырдық. Біз алған кезде ғимараттың жағдайы нашар болатын. Ыстық су үш жыл қатарынан берілмеген екен. Кішкене тұрып қалған жағдайы болған. Соны алып, ретке келтірдік. Қазір бұл жер жұрт келетін, салауатты өмір салтын насихаттайтын бір тамаша мекенге айналды. «Құрлысышылар мәдениет үйі» деген клубымыз бар.

 

Қала тұрғындары бұл жерге ақысыз келіп спортпен шұғылданады.

Финляндиямен келісімшартқа отырып, сол жақтан мал соятын үлкен цех алып келгенбіз. Өте қымбатқа түсті. Бірақ өте сапалы, барлық стандарттарға лайық. Қозғалып жұмыс істейтін мал соятын орын. Соны сатып алғанымызға біраз жылдан асты. Біраз қиыншылықтар да бар. Әсіресе біздің қырық жамау жолдарымыз шетелдік техникаларға үлкен қиыншылық тудырады. Бұл енді өте керемет техника. Оған қоса Германиядан 350 тонналық үлкен тоңазытқыш сатып алдық. Қазір ол жұмыс істеп жатыр. Үш елдің қатысумен Кедендік одақтың іске қосылғаны белгілі. Сондықтан жақсы жұмыстар істейтін уақыт енді келді ғой деп ойлаймын. Соның уақыты, кезі енді келген секілді. Өйткені қазір біздің алдымызда Ресейге тауар экспорттау міндеті тұр. Сол міндетті атқаруда жаңағыдай кәсіпорындар мен цехтардың маңызы үлкен деп ойлаймын.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында бәріміздің ісіміз ілгері басып келе жатыр деуімізге болады. Мұның бәрі Елбасының дұрыс саясатының арқасы.

Тағы бір үлкен жобамыз бар. Ол – Қабанбай атамызға ескерткіш орнатқанымыз. Бәріміз қазақ болғаннан кейін, оның үстіне ұлы бабамыз осы өңірден шыққаннан кейін атамыздың ескерткіші елге рух беріп, желеп-жебеп тұр  деп ойлаймыз. Байқасақ, соңғы кезде

рі облыс орталығы Өскеменде атқарылып жатқан игі істер жетерлік. Оның бәрі әрине көңілге қуаныш ұялатады. Бір ғана мысал ретінде шаһардағы тұрғызылған үлкен мешіт құрылысын айтуға болады. Бұл мешіт халықтың қаржысына салынды. Арнайы қоғамдық қор құрылған. Қандай да бір жақсы іс қиын уақытта іске асады. Бұл сонысымен де қызық. Өйткені ертең есте қалады. Бұл шараның барлығы – бүгінгі ұрпақ үшін ғана емес, кешегі ұрпағы үшін, елі үшін, атамекен жер үшін қан кешіп, күлдір-күлдір де кісінетіп күреңді мінген батыр да батыл баба рухы алдындағы өтелген парыз болар еді деп ойлаймын. Осындай жұмыстардың басы-қасында жүргеніме өзім ризамын,-дейді.

Ия, Шығыстың азаматтарының қатарындағы Қайрат Маратұлының зарыққанды жебеген, тарыққанды демеген талай игілікті істеріне халық куә болдық. Облыста әрдайым ұйымдастырылып тұратын әлдеқандай бір қайырымдылық шараларының басы-қасынан да осы атпал азаматты ұдайы көріп жүрміз.

Бұл орайда Қайрат Маратұлының ұлттық құндылықтарымызға, әсіресе, ұлттық спортқа ұдайы қамқор болып жүруі тегіннен тегін емес. Өйткені, өзі де спорт адамы. 19

82 жылы бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер атанған. Көптеген халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, бірнеше мәрте марапатталған. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, ел экономикасының әлеуетіне үлес қосқан белгілі бизнесмен әрі меценат Қайрат Мусиннің қоғамда салауатты өмір салтын жандандыру мақсатында демеушілік көрсетпеген саласы жоқ деп айтсақ, аса қателеспеген болар едік. Ең алғаш қазақ спортына көңіл бөлуді спорт секцияларын ашудан бастаған ол, кейінірек қаладан жырақ жатқан аймақтың спортын дамыту ниетімен тұрақты түрде «Ауыл спартакиадасын» ұйымдастырып келеді. Тізе берсеңіз, көзге көрінбейтін шығындары бар, едәуір қаржыны тәуекел етуге тура келеді. Күні бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында Ұлттық ат спортының ойындары, қазақ күресі тұрақты өткізіліп тұрады.

 

Алайда, еліміз Тәуелсіздікке алғаш қол жеткізген жылдары кәсіпкерлікке шындап бет бұрып, нарықтың қыспағына өз іскерлігімен төтеп берген жан. Бұған ол еш өкінбейді. Өйткені, өзі кәсіпкерліктен алыс кеткен жоқ. Бүгінгі кейіпкеріміз өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында іс-шараларды ұйымдастыру төрағасы болып, барлық шараларға демеушілік жасап, жүлдегерлерге берілетін бағалы сыйлықтарды өз мойнына алған еді.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шара жоғары деңгейде өтті

 

Қайрат Маратұлы, өткен жылы өңірде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралардыұйымдастырғаныңызды естідік… – деп сұрай бастағанымызда, сөздің төркінін терең түсінетін ағамыз нені меңзеп тұрғанымызды айтқызбай ұққандай болды:

– Ия, дұрыс айтасыз, тарихы тым тереңнен бастау алатын бұл шара өткен тарихты бүгінгі жас ұрпаққа таныту, – деді кәсіпкер. Сіздің меңзеп отырғаныңыз өткеннің өшпес тарихы ғой. Ата – бабаларымыздың күні бүгінге дейін ескерусіз қалған құнды дүниелерді түгендеуді жақсылықпен қабылдадық.

Қайрат Маратұлы Мусин «Бабамыз батыр Қабанбай» қоғамдық қорының жетекшісі, Қазақ хандығының 550 жылдығын Шығыс Қазақстан облысында мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу бойынша ұйымдастыру кеңесінің төрағасы болып өткен жылы күзде Өскемен қаласында Кетбұға ноян мен Төлегетай бабаны еске алуға арналған іс-шарасын ұйымдастырды.

  • Сіз осы үлкен шараның өтуіне бастамашы болыпсыз. Батыр бабаларымыздың рухына арналып, құрмет көрсетілген той қалай өтті?

 

– Қазақтар қайда жүрсе де өзінің дәстүрі мен мәдениетін, төл тарихын санасында мықты сақтауы керек. Бабаларымызды  еске алуға арналған барлық шаралар алдын ала жоспарланған кестеге сәйкес тыңғылықты ұйымдастырылып, жемісті аяқталды.

Еске алу шарасына Қазақстанның Халық жазушысы «Парасат» орденінің иегері, Тарбағатай, Үржар және Аягөз аудандарының Құрметті азаматы, Мемлекеттік Сыйлықтың Лауреаты, Ұлы жазушы, «Дарабоз» романының авторы, «Соңғы көш» роман-дилогияның авторы –Қабдеш Жұмаділов,

«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, ҚазКСР жоғары кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері, ҚР дипломаты Қалиев Жекен Қалиұлы, жазушы Роллан Сейсенбаев, Қалиев Жексен Қалиұлы, Жезқазғаннан «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров, ҚР еңбек сіңірген дәрігер, мемлекет және қоғам қайраткері,Жезқаған қаласының құрметті азаматыҚыдырбай Нұрпейісов, Алматыдан Нұридин Балқия, Лұқпан Сыздықов,  Жақсыбай Байжігітов, Айдар Құсайнов, Талдықорғаннан «Нақ Бірлік» қоғамдық қорының президенті Аманғазы Шегіров, Қызылордадан келген қонақтарды бастап келген Искаков Дайрабай, Түркістан Құрметті азаматы Мақсұт Атамбаев, Шыңжан университетінің профессоры, Азия қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары 7 дүркін чемпион Айдархан Қабдоллаұлы ағамыз, Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, ШҚМУ бірінші проректоры, филология ғылымдарының докторы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы сынды елге белгілі көптеген тұлғалар қатысты. Ең алдымен ұйымдастыру кеңесі өтті. Ұйымдастыру кеңесінде Мұқан Ақзамов, өлкетанушы Сағди Қапасов ағаларымыздың септігі көп болды. Әр ауданнан жауапты тұлғаларды бекіттік. Олардың қатарында Күршім ауданынан Жанарбек деген азаматымыз, Зырян қаласынан Ержан Ақтанов, Ұлан ауданы бойынша Марат Мұздапаров, Тарбағатай ауданынан Омарбеков Сержан, Катонқарағай ауданы бойынша Ғани Шаймарданов, сонымен бірге Бәделхан Кәмелханұлы ағамыз, Сапарғалиев Манарбек т.б. азаматтар. Іс-шарада сонымен бірге «Шығыс сүт» ЖШС бас директоры Сайлаубаев Сейлжан Жиреньевич, «ALAN MOTORS» компаниясыШығыс Тoйота орталығының директоры Жузенов Съездхан Бегимшеевич, Ақтаев Рүстем, Мұқаш Нұрсеитов, Ербол Шакеров, Талғат Дүйсенбаев, Әділбек Әкенов, Ербол Әбдіхалықов, Қайрат Көпесов, Жұмабек Жәпішов сынды азаматтар іс-шара аясында өтетін барлық шараларға демеушілік жасап, өз үлестерін қосты. Барлық өткен шаралардағы қазақша күрес, бәйге, көкпар, аударыспақ, жыр-байқауларындағы жеңімпаздарға демеушілік жасаған жігіттер бір-бір көлік атады. Іс-шарада Кетбұға ноян мен Төлегетай бабаны еске алуға арналған ғылыми конференция, «Үздік поэма-дастан» байқауы өтті.

Сонымен қатар Халифа Алтай атындағы облыстық мешітте ел бірлігі, жер тұтастығы үшін ат үстінде жүріп арпалысқан бабаларды еске ала отырып, бүгінгі Тәуелсіз еліміздің баянды тірлігі мен ұрпақтың бақытты болашағын тілек еткен Хатым құран түсіріліп, Кетбұға ноян мен Төлегетай бабаны еске алуға арналған бата беріліп, ақ түйе құрбандыққа шалынды. Шара бұдан әрі «Жекпе-жек» сарайындағы түйе палуандар арасында қазақ күресімен ұласып, Меновное кентінде аламан бәйге, көкпармен жалғасты. Арнайы әр ауданнан киіз үйлер тігіліп, көркемөнерпаздар өз өнерлерін халыққа тарту етті.

Батыр бабалардың асына жиналған жұрт әуелі қазақ күресінен сынға түскен сом білекті балауандардың айқасын тамашалады. 20 палуанның ішінен суырылып шыққан төртеуі ақтық сында қарым-қабілеттерін көрсетті. Үшінші орынға тігілген 300 мың теңгені өскемендік Талғат Әміренов алды. Ал, бірінші орынға талас әйгілі Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновтың арасында өтті. «Қазақ барысының» 2013, 2014 жылдардағы жеңімпаздары айқасқанда көрермендер республикалық деңгейде өтіп жатқан аса ірі айқасты тамашалағандай күйде отырды. Нағыз барыстардың, арыстардың айқасы. Айбек алып күштің арынын байқатса, Мұхит әдіс-амалдың түр-түрін көрсетіп бақты. Ақыры екі бүк, бір жартылай жеңіспен бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды Мұхит әкетті. Екінші орынға арналған 500 мың теңге Айбектің қалтасында. Жекпе-жек сарайында өткен күрес аяқталысымен жұрт Меновное атшабарында өтіп жатқан ат ойындарына қарай ағылды. Бұл аста көкпардың жүлдесіне де темір көлік тігіліпті. Оны ақтық сында тарбағатайлықтарды ұтқан көкпектіліктер тақымдарына басты. Үшінші орынға тігілген жүлдені Ұланды ұпаймен ұтқан өскемендіктер алды. Екінші орын Тарбағатай көкпаршылары иеленді.

Ал аударыспақ бәсекесі негізінен ұландықтар мен жармалықтардың арасында өтті.

Шарада комментатор болған ҚР «Ұлттық ат спорты» федерациясының президенті, Ұлан ауданының құрметті азаматы Сәдібек Түгел ағамыз жалынды сөздерімен, алаңда асаулармен алысқан жігіттердің де делебесін қоздырарлықтай репортаж жасағанда жиналған қалың жұрт атойлап, аңсары ауа түсті. 60, 70, 80, 90 келі салмақтың бәрінің ақтық айқасына осы екі ауданның азаматтары шықты. Барлығында ұлан ауданы азаматтарының мерейі үстем болды. Ал абсолютті салмақтағы айқаста Тарбағатай азаматымен тартысқа шыққан тағы бір ұландық азамат Ермек Жәкішев өзінің ептілігімен ел ықыласына бөленді. Бұл жарыстың бір өзгешелігі көкпар мен аударыспақта салым салып, жеңіске жеткен ойыншыларға жекелеген азаматтар қалталарынан жүлде тағайындап, сыйлық жасап отырды. Ұлттық өнеріміздің өркендеуіне бұл да бір игі бастама екен деп түйдік. Айтыс пен бәйге десе тамырында қаны туламайтын қазақ аз ба?! Атшабарда жиналған жұрттың делебесін қоздырып, 21 саңлақ шаң көрсетті.

Мерекенің ең қызулы сәті аламан бәйге болды. 25 шақырымды бағындыру үшін жүйріктер атшабарды 10 айналуы керек болды. Алдыңғы 4-5 айналымда көрермендер іштен тынып, әр жүйрікті қалт жібермей бақылап отырды. Басқалардан қара үзіп шыққан үш ат соңғы аттарды басып озды. Тек алтыншы айналымда екінші лектегі тобын жазбай жүрген қатардан суырылып бір ат шықты. Ел назары сонда. Бұл кезде алдыдағы үштіктің біреуі жарыс жолынан шығып, екі ат жарты айналымға алыс кеткен. Мынаның шабысы алты айналымды артқа тастаған атқа ұқсамайды. Бейне жарыс жолына жаңа шыққан жылқыдай, тың. Тоғызыншы айналымда екінші аттан озғанымен ақырғы айналымда бірінші атты басып озуға үлгірмеді. Әттең шабандоз аттың басын кеш жіберді десіп сан соқты жұрт. Бұл екінші орын алған Катонқарағай ауданның жүйрігі болатын. Біріншіболып Семей қаласының жүйрігі мәреден өтіп, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды әкетті. Үшінші болып мәре сызығын Ұлан ауданы, Алмасай ауылының жүйрігі кесіп өтті.Ұлттық ойынның қызығына тоймаған жұр, атшабармен осылай  қимай-қимай қоштасты,-деді.

Ұлт рухын серпілтіп, ұрпақ санасын жаңғыртатын мерейі үстем шара

 

Бұдан бөлек шара шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда тарихшы ғалымдар Кетбұқа мен Төлегетай тағлымдарын таразылаған баяндамалар жасады. Қайрат Мусиннің жетекшілігіндегі «Батыр бабамыз – Қабанбай» қоғамдық қоры қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының маңыздысы болған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өткен осы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еді. Шарада Қабдеш Жұмаділов, Жекен Қалиев, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулетов, Жүрсін Ерман сияқты халық сүйіктілерінен бөлек, алыс-жақын шетелдер мен еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ел игілері қатысып отырған конференция жұмысын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Бауыржан Ердембеков және аймақ басшысының орынбасары Жақсылық Омардың кіріспе сөздерімен ашылды.

Құттықтауын «Қадірлі наймандар! Құрметті Төлегентай мен Кетбұғаның ұрпақтары! Қымбатты бауырларым!» деп бастаған Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтың жалынды сөзі жиналған қауымға жақты. Әсерлі сөз басы салмақты ойлармен жалғасып, халықтың құлақ құрышын қандырды

– Біз бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аяында, өзіміздің ұлы бабаларымыз – Төлегетай бабамыз бен Кетбұғаның рухына тағзым етіп, соларды еске алу үшін жиналып отырмыз. Өскемендегі жиынның маңызы сонда. Өйткені, осы екі бабамыз қазақ хандығымен тікелей байланысты. Қазақ хандығы құрылған кезде, әз-Жәнібек пен Керейдің тұсында Төлегетай бабамыз бар. Жасы 70-тен асқан, ұлғайған, рух көсемі – найманнан. Керей ханның оң тізесін басқан уәзірлерінің бірі, ақсақал арыстанның бірі. Кетбұға Төлегетай бабамыздан 50-70 жыл бұрын жасаған адам, Шыңғысханның замандасы, көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, – деп жиынның негізгі тақырыбына тоқтала кетіп, – Қазақ хандығының 550 жылдығын биыл тойлағанымыз дұрыс болды. Өйткені бұның алдында алып-қашпа нешетүрлі әңгіме болды ғой. Тұшқары пікірлер. Егер биыл осыны атап өтпесек, елдігімізге, тәуелсіздігімізге сын болар еді. Жаңағы сырттай тон пішіп жүрген алып-қашпа әңгімеге жақсы қайтарылған жауап болды, – деп ашығын айтты.

ҚР дипломаты Жекен Қалиевтің, «Бабамыз батыр Қабанбай» қоғамдық қорының жетекшісі Қайрат Мусиндердің құттықтау сөздерінен соң, Советхан Игібаев, Жақып Мырзаханов, Ахмет Шадыман, Иманғазы Нұрахметұлы, Кенжал Балкенұлы, Камал Адрахмановтардың баяндамалары оқылып, ұсынылған қарар бірауыздан қабылданды. Пленарлық мәжіліс соңы «Елдік пен ерлікті жырлаймын» кітабының тұсаукесері рәсімімен аяқталды. Айта кетейік, 550 жылдық мерейтойды тойлату аясында «Батыр бабамыз Қабанбай» қоры үздік дастан байқауын жариялап, оған 36 жұмыс жіберілген болатын. Осы Кетбұқа мен Төлегетай бабаларымыз жайлы Қайрат Мусиннің қолдауымен  «Ерлік пен елдікті жырлаймыз» атты кең көлемді жыр жинағы жарық көрді. Дәл сол күні тұсауы кесілген бұл кітапқа сайыскерлердің 25 дастаны енгізіліп,  байқау қорытындысы осы жерде таныстырылды.

Бұл іс-шара жөнінен ұйымдастырушы Қайрат ағамыз:

-Кешегі барымызды бағалатпай, жоғымызды түгендетпей, санамызды саязда, тілімізді тізгінде ұстаған қатаң жүйе ыдырап, «Тәуелсіздік» атты киелі ұғыммен қуана қауышқанымызға да ширек ғасырға жуық болып қалыпты. Осы азғана, аз да болса сан ғасырдың жүгін арқалап үлгерген күрделі кезеңде бір кезде айтуға болмаған, айтқызбаған көптеген ақтаңдақтардың, құпияларын ашып, замана шаңының астында көміліп жатқан талай асылдарымыз бен алтындарымызды жарыққа шығардық. Сөйтіп, қатаң қарауылға алынып, ел-жұртынан қол үзіп қалған небір айтулы тарихтарды халқымен қауыштырдық.

Сол арқа сүйер ардақтыларымыз, медет, тұтар мақтандарымыз, тарихта есімдері қатар аталатын Кетбұқа мен Төлегетайдай бабалардың рухын ұлықтап, арыстарымызға құран бағыштап қана қоймай, бүгінгі күнде межесіне жетіп дәріптелмей жатқан бабаларымызды жырға қоспай кетудің еш жөні жоқ. Күллі Найманның мақтанышы, түп атасы ретінде бұл екеуінің тарихта алар орындары ерекше.

Өзіміздің өрбіген тамырымыз, өнген топырағымыз болғандықтан, Төлегетай атамызды, Кетбұқа бабамызды жырға қосып, халық арасында кең көлемде насихаттау мақсатында республика көлеміндегі қаламы қуатты, қиялы ұшқыр, зерделі де зиялы ақындар қауымына осы тақырыпта дастан жазуға үндеу тастап, республикалық мүшәйраға шақырған болатынбыз. Баба рухы сөз болған жерде шын ақын қол қусырып отыра алар ма, жан-жақтан бар өнерін салып, тілдің майын, сөздің нәрін төгіп, ақтарыла көсілген жыр дүлдүлдерінің тапсырыстары жаңбырша жауды. Межелі уақытқа дейін сайыс қоржынына 35 поэма мен көлемді толғау түсіп, бұл еңбектер құрамында семейлік жыр сүлейлері Тыныштықбек Әбдікәрімов, Мұратбек Оспанов, өскемендік ақындардың аға буын өкілі Әлібек Қаңтарбаев пен қазіргі кезде Күршімде тұрып жатқан белгілі ақын Хасен Зәкәрия бар беделді қазылар алқасының қатаң сұрыпталуынан өтті. Қазылар алқасының төрағасы, қазақтың аймүйіз ақындарының бірі Жүрсін Ерманның жетекшілігімен аталған еңбектер екінші мәрте түсіп, барынша әділ бағаларын алды.

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады»,-дегендей, бәйгеге қанша жүйрік қосылса да, мәреге жарысқан аттың барлығының бірдей жете бермейтіні белгілі. Солайша, тағайындалған жүлделер өз иелерін тапты. Қазылар алқасының шешімі бойынша аяқ алыстары жақсы деп танылған ақындардың шығармалары топтастырылып, жинақ етіп шығарылды. Кетбұқа мен Төлегетай бабаларымыз жайлы кең көлемді жыр жинағы болып танылған бұл туынды осы бабаларымызға арналған ескерткіш ретінде құнды,-дейді.

Аталмыш республикалық мүшәйрада Қазақстанның барлық өңірінен майталман ақын-жазушылар қатысты. Мүшәйрада Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман ағамыздың өзі төрелік етті. Жүрсін ағамыз осы айтулы шара жайында былай деп пікірін білдірген еді.

– Ертедегі шығыс шайырларының жыр мейрамы болып әдебиет тарихында енген мүшәйралар қазақ топырағында қайта жаңғырту үстінде. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері дәстүрімізге дендеп енген бұл үрдіс талай ақынның қаламына жел бітіріп, шығармашылық иелерін елеңдетумен келеді. Жыл сайын әртүрлі себептермен әлденеше мүшәйра жарияланып, өлеңнің абыройын биіктетіп жатыр. Төлегетай мен Кетбұқа бабалардың рухын ұлықтауға арналған бұл сөз жарысына аз ғана уақтты 35 туынды келіп түсті. Әсіресе Бас жүлдеге даусыз ие болған «Кетбұқаның соңғы күйі» атты лирикалық поэма қазылар алқасының көңілінен шығып, барлығын тамсантты.  Кетбұқаның трагедиялық тағдыры көркемдік шешімін таба білген. Осы мүшәйраның жеңімпазы жезқазғандық ақын Ғазиз Ештановтың поэмасын қазақ поэзиясының соңғы жылдардағы айтулы олжасы деп айтсақ артық айтпағаным. Ақын Ғазиз:

Қаза тапты бір

қауымның көсемі,

Сұмдықты естіп күңіренді дос елі.

Тіршіліктен тыншу таппай жүретін

Кетбұқаның қалауы да осы еді.

…Қаза тапты бір қауымның көсемі!

 

Бізге жеткен ескі әңгіме кешегі:

Кетбұқаны ер еді дер көшелі.

Жөн білген жұрт Кетбұқа мен қобызды,

Бір қабірге қатар қойды деседі.

 

Маң ғасырлар тарих көшін сүйретті,

Алмасты ұрпақ заманға сай күйге епті.

Өкініш сол:

Кетбұқа мен қобыздың,

Өзегінде біз білмейтін күй кетті.

 

Беу, дүние-ай, тартар сыйы – мың бір сын,

Мың бір сында кім жадырап, кім күлсін?

Тіріқалсашерге толы солкүйін

«Сағындым!» депатармаеді, кімбілсін?

 

Бірдәуіргесөзжүргізген би еді,

ТудыАлтайда, қалдыШамдасүйегі.

ЕкіөлкеніжалғапжатқанҚұсжолы,

«Сағындым!» депаталатынкүйеді.

 

Қырық бөлек қылсадағы етімді,

Қалың Найман берілмеуге бекінді.

Жау жебесі жауды аспаннан,

Жебе емес,

Сұм ажалдың түкіріг секілді!

 

Ғайып болды ғажайып шақ, ғазал үн,

Күң бола ма құшам деген ажарлым?

Самсаған жау суылдатты қылышын,

Қылыш емес,

Күрек тісі ажалдың!- деп шайқас суретін көркем образбен өрнектесе бірінші орынға ие болған Қарағанды облысынан келген Кенжебай Ахметов «Іңірде» дастанында:

«Тағына  оралтсам деп,-деп,-Найман елін»,-

Сақадай қаруыңды сайлап едің.

«Қалың ел бас имесін басқаға!»-деп,

Бәйгеге өз басыңды байлап едің!…-деп жырлаған еді.

Сондай-ақ талантты шығыстың ақын қыздарының бірі Райысова Бақытжанның «Қобыз рухты Кетбұға» атты терең мағыналы дастаны көптің көңілінен шықты. Бес бөлімнен тұратын кең толғаулы дастанда:

Кетбұға, абыз, әулием,

Жан бердің солай құрбанға,

Құландай ақсап қайғымен

Күйлерің жетті бұл маңға.

Күйіңді сенің сақтаған,

Өгіз Оғыздың иесі,

Атыңды даудан ақтаған

Қасиетті жердің киесі.

«Сақ бол» деп кеттің, таза арың,

Шырылдап ұшты торғай жыр.

Мәңгілік Ел боп қазағың

Қобыз Рухыңмен қорғай жүр,-деп жырлады.

Қалай дегенмен де жалпы  ас та,той да өте шығады. Белгі болып кейінгіге қалатын осындай рухани олжалар қазақ руханиятын байта түсетініне дау болмаса керек.

Ендеше, Найман Төлегетай мен Кетбұқа бабалар рухына арналған республикалық мүшәйра көздеген мақсатына жетті деген сөз,-деп өз бағасын берген еді.

Конференция соңында осы шара аясында ұйымдастырылған «Үздік поэма-дастандар» байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды. Мүшайрада бас жүлдеге лайықты деп танылды. Жүлдесі де осал емес, Ғазиз ақын «Лада Гранта» автокөлігін тақымға басты.

Ғазиз Ештанаев, ақын, байқау жеңімпазы:

Топты жұртқа сөз өткізген би еді, туды Алтайда, қалды шамда сүйегі. Екі өлкені қосып жатқан құс жол – Кетбұғаның ең ақырғы күйі еді, деп аяқталады поэма. Өскемен қаласында үлкен бір тарихи оқиға болып жатыр. Бір ұлттың, рудың  батырын ғана дәріптеу деп ұқпау керек, бұл жалпы қазақтық рухты дәріптеп жатқан іс-шара деп ойлаймын,-деген еді.

Бабалар рухына арналған Республикалық мүшәйра қорытындысында Бас жүлдеге – Ғазиз Ештанаев ие болса, I орын – Кенжебай Ахметовке; II орын – Бақытжан Райысоваға; III орын – Батырбек Мырзабековке берілді. Мүшәйраның ынталандыру сыйлықтарын ақындар Төлеген Жанғалиев пен Мұрат Тастағанов еншіледі.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Сол сара жолды ұрпақ біздер жалғасытырып, көк туымыздың астына жұдырықтай жиналып, бүгінгі алты алашқа хабар таратып. Ағайынға сауын айтып, кең көлемде насихаттап, жасаған шарамыздың ешқандай артықшылығы жоқ деп білемін. Бұл тарихи шараны атап өту, ел абыройын асқақтататын, ұлт рухын серпілтетін, ұрпақ санасын жаңғыртатын мерейі үстем мереке болды деп білемін. Бұл облыс қана емес, бүкіл республика ауқымындағы көзі қарақты, құлағы түрік ағайынды елеңдеткен дүбірлі мерекенің басы-қасында жүргеніме қуаныштымын және өзімнің осы айтулы жиынды ұйымдастырушылардың көшін бастағанымды мақтан тұтамын, – дей келе Қайрат ағамыз ең алдымен, батыр бабаларымыздың рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу, жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында өткізілгенін айтып өтті.

Бұл үрдіс бүгінде осындай Қайрат Мусин сынды азаматтарымыздың арқасында жалғасын тауып, қалтарыста қалған ел қорғаған баба батырларымызды кеңінен насихаттауға себепкер болуының  өзі зор мәртебе, бүгінгі ұрпаққа мол тағылым.

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгінгі осындай шаралардан бастау алып, тәуелсіз елдің болашағы жастарымызға аға буын біздердің берер өнегеміз, ісімізбен үлгі көрсетіп, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл шараның тамыры тереңде деп білеміз.

Қазақ хандығы дәуірі қазақ тарихының бір кезеңі. Ұлт тарихының бастауы бұдан да тереңде жатқаны бәрімізге белгілі. Бабалар аманатын егемен елімізде орындап жүрген ержүрек Қайраттай асыл азаматтарымыз қаншама. Осындай игі шаралардың арқасында алты алаштың бірлігі мен берекесі жарасқан азаматтармен таныс біліс боп жатырмыз. Батыр бабаларымызды ұлықтаған жарқын көрінісі болды.

Міне енді шығыста  бабалардың рухына арналып үлкен шара ұйымдастырылып мүшәйра өткізіліп, ақындар жинағы басылып шықты. Осындай игі шара ұйымдастырып, бабаларды ардақтаған осы іске қолдау көрсеткен ақ ниетті Қайрат Маратұлы сынды аза­маттарға ел риза­шылығын білдіруде. Ұлы бабалар рухына адал ниетпен тағзым етіп, бабалар рухын ұлықтаған ұлы шара шығыстағы шың басындағы Қайраттай асыл азаматтың қайраттылығы деп білеміз.

Осындай үлкен шара өткізудісіздің азаматтық  парызыңызды орындау деп түсінген жөн ғой? – деп сұрадық біз.

– Әлбетте, төл тарихымызды түгендеп, ата-бабамызды қадірлеп, тарихын танытып, абыройын асыру – меценаттық шаруа ғана емес, перзенттік парыз. Шамаң келсе, шарапатыңды мұқтаждардың барлығына тигізгенге не жетсін?! Бізде, байқасаңыз, қазір демеушілік, меценаттық дегеннің өзі басқаша түсінік тудырып кетті. Атын шығару, танымалдылығын арттыру, мандат пен мансапқа қол жеткізу жолы деп қабылдайтындар қаптады. Бұл менің ата-бабаларымыздың рухын асқақтатып, орындаған парызым деп қабылдаймын,-деді.

Ия, шығыстағы осынау дүбірлі және думанды, тәлімді және тәрбиелік сипаттағы аста Найман ұлысының әр тараптан келген өрен-жарандары, сондай-ақ, сыйлы меймандарымыз сөз сөйлеп, асты жыл сайын ұйымдастырудағы мақсат – тек Найман ұлысының мүддесі үшін емес, қазақ мемлекетінің негізі – қастерлі ұлты­мыздың ауызбірлігін, ынтымағын, ұлттық қасиеттерге адалдығын көрсету екендігі бір­неше мәрте қайталанды. Мұндай ізгілікті әрі игілікті шара жалғаса бе­руі маңызды, оған әрқашан мән беру керек.

Бір сөзбен айтқанда қазақ хандығының 550 жылдығы Шығыс Қазақстанда да ерекше серпінмен мерекеленді. Осы шараның төрағасы Қайрат Мусиннің пәрменімен Бабалар рухына арналып ұйымдастырылған айтулы іс-шараның дүркіреп өткені ел мерейін тасытты.

Шығыс өңірде дүрілдеп өткен талай Ұлы тойларына да Қайрат Маратұлы демеушілік етіп, сауапты іс тындырғаны мәлім. Әлгінде айтқанымыздай, атымтай азамат талай жанға шапан жауып, тақымына темір тұлпар мінгізіп құрмет көрсеткен азаматтың азаматының ғана қолынан келетін іс жасаған азамат.

Ұлт болуы үшін ұрпағымыздың білімді болғанын қалаймын

 

– Ия, атқарылған игілікті істеріңізде баршылық екен, Қайрат аға сіздің қандай арманыңыз бар?

– Адам баласындаармандегенкөпқой. Бірі – орындалса, екіншісікөкейдетұрады. Аллағашүкір, осы күнгедейіналдымақойғанмақсаттарымажетіпкелемін. Кейде сүрінесің, кейде қадамдайсың. Адам баласының қолынан бәрі келеді. Тек талпыныс пен қажырлы еңбек қажет. Кейде көпшілік көшеде кездесіп қалғанда  аман-саулық сұрап жатып: “Үнемі жұмыстарыңызбен жүгіріп жүресіз шаршамайсыз ба?” – дейді. Жоқ, қайта осылай еңбектеніп жүргенімнен рухани ләззат аламын. Кәсібіңді жетілдіріп, ел үшін қызмет атқаруда күні-түні жұмыс істеу қажет. Арман деген елге бір пайдаң тисе соның өзі орындалған арман деп түсінемін.

Шабысқа салатын атты да баптайды, арысқа түсетін алыпты да баптайды. Ал менің шапағатшыларым болған жаны жайсаң жандар жанымнан қолдаған халқым табылды деп ақтарылды ағамыз.

-Көп көтерген жүк жеңіл, менен келер қайыр, елдің абыройын асырып данқын көтеріп мерейін үстем еткенім. Тағлымы мол тартымды өмірімнің осы бір белестері бүгінгі жастарды отансүйгіштікке деген қызығушылығын арттырып серпін тастар деп ойлаймын. Осындай сәтте осы шығыста туып-өскен азамат ретінде қоғамдық істерден тысқары қала алмадым. Қолымнан келгенше елге көмектесуге тырыстым. Сондықтан да болар, халық  үнемі мені қолдайды. Қолымнан келгенше біраз іске атсалыстым. Бар болса, бөлісуге дайын тұрамын. Бұл бәлкім, менің бала күннен ата-анамның бойыма сіңірген тәрбиесінен болар. Бұл әрбір адамның мүмкіншілігіне қарай жасайтын азаматтық парызы деп есептеймін,-деді.

– Өсіп келе жатқан жас ұрпақ кімді үлгі тұтуы керек деп ойлайсыз?

 

– Енді ол әркімнің ой-өрісіне байланысты. Әркім өз биігінде армандайды. Ұяда не көргенін кім біледі. Мен ұлтымыздың сапа­лы ұлт болуы үшін әр баламыздың білімді болғанын қалаймын. «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» болмағы тағы бел­гілі. Сондықтан олар тәрбиелі, елін сат­пайтын ержүрек, бабаларымыздай жерін қорғайтын намысты батыр болса. ХХІ ғасырда адам бесаспап болуы керек. Әр саладан хабардар болуы шарт. Өзі білімді, өзі тәрбиелі, өзі отаншыл, намысты болса қандай керемет. Мен сондай ұрпақтың өсіп келе жатқанына сенемін. Қазіргі жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Бірақ бәрі керемет деп те айта алмаймын. Кері тәрбиенің жетегінде кетіп жатқандар да жоқ емес. Әрқайсымыз қазақ үшін бір нәрсе жасай алсақ, жаман болмаспыз. Үлгі-өнегенің алды осы болса, біздің мақсатымыз орындала береді.

«Тұлпар­дың да тұлпары бар, қазанаты бір бөлек, жігіттің де жігіт бар, азаматы бір бөлек»

 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Өйткені қамқорлық жасаған адамның сауапты ісі де көп болады. Жан-жағына ізгілік нұрын сепкендер әрдайым халықтың ыстық ықыласына бөленеді. Байламды сөзді бекер айтып отырған жоқпыз. Біз мұның мәнісін Қайрат ағамызбен әңгіме барысында айқын аңғардық.

Ұлан ауданының түлегі Қайрат Мусин кіндік қаны тамған өңірге қайырымдылық жасап қана қоймай, облыс көлемінде мәдени, спорт, өнер саласына да демеушілік жасап келеді. Бір ғана мысал. Қазір ол басқаратын «КМ» компаниялар тобына 12 фирма енеді. Мұның ішінде ЖШС «Дина» орталық базары, «Полисертико», «Заңғар» сауда үйі, «Рекламный Дайджест» ЖШС басқа да фирмаларда бір жарым мың адам еңбек етеді. «Рекламный Дайджест» баспа үйінде 30-ға жуық газеттер мен журналдар, әдеби кітаптар айына бір миллион данамен басылуда. Ол ол ма, қайырымды азамат осыдан 8-9 жыл бұрын Жаңа Қанай ауылында өз қаржысына мектеп салып берді. Сағыр ауылы маңында ұзындығы 25 метрлік көпір, Таврия ауылы маңында су құбырын іске қосты, «Дулығалы» көлінің маңында 700 орындық шипажай құрылысы да Қайраттың арқасында пайдалануға берілді. Айыртау ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, Макеев ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пунктті жерлестеріне сатып әперді.

Ауған соғысының ардагері, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған, 2009 жылы кәсіп­керліктің әлеуметтік жауапкершілігі үшін «Парыз 2009» Президент сыйлығының иегері, Еуропа бизнес ассамблеясының «Виктория Ханшайымы» орденін тағу құрметіне ие болған Қайрат Маратұлы Мусин  400 орындық еңселі мешітті жерлестеріне сыйға тартты. Қайрат ағамыз бұрындары да мәдениет пен өнер, спортқа қыруар қаржы құятын. Енді, міне, құны 200 миллион теңгеден асатын мешітті салып берді. Басқалар да  Қайрат сияқты қайырымды азаматтардан үлгі алып жатса, нұр үстіне нұр. «Ақсұңқар жемін шашып жейді» дейді данагөй қариялар. Соңғы 15 жылдың ішінде Қайратқа қарасты компаниялар миллиондаған теңге қаржыны қайырымдылық шараларға жұмсапты. Мәселен, бір ғана Айыртау ауылындағы мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына 514 мың, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Рамазан Елібаевтың жарнама ролигіне 3000 АҚШ доллары мөлшерінде көмек жасады. «Жылдың үздік спортшысы» атағына жыл сайын ақшалай сыйлық беріп келеді. Жетім балалар мен тұрмысы нашар жандар да Қайраттың қайырымды жан екенін біліп одан үнемі көмек сұрайды. Өз кезегінде Қайрат Мусин жаны жабырқау жандарға қолғабыс жасаудан тартынбайды. Мекеменің қарамағындағы Құрылысшылар мәдениет сарайында жастар спортпен шұғылданады. Қайраттың алғашқы жұбайы марқұм Әния Жамбылқызы Кенді Алтайда кәсіпкерлікпен шұғылданған қазақ қыздарының бірі еді. Өкінішке орай, осыдан бірнеше жыл бұрын Әния дүниеден озды. Қайрат Мусин жыл сайын жұбайын еске алу құрметіне орай кәсіпкерлер арасында облыстық спартакиада өткізіп келеді. Спартакиаданың мақсаты – бос уақытты тиімді пайдаланып, спорт пен еңбекті егіз дамыту. Осы жолы да оған қатысушылар биік көрсеткіштерге қол жеткізді. Спартакиада бағдарламасы спорт­тың төрт түрін қамтыды: олар – үстел теннисі, шах­мат, волейбол және көңілді старттар. Дене тәрбиесі мен спортты дамытып отырған, бос уақытта­рын көңілді әрі мәнді өткізуге бет бұрған, оған жанашырлық жасап, қаржылай демеуші болған Қайрат Му­син тәрізді азаматтардың бұл игі ісін қалай мақтаса да тұрарлық­тай. Жеңімпаз командаларға автокөлік, басқа да бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Облыс  орталығының  солтүстік  жағында  кезінде  Сталиннің  өзі  салғызған, 60  жылдық  тарихы  бар  құрылысшылардың  Мәдениет  сарайы  бар.  Аумағы  4  мың  шаршы  метр.  Нарықтың  өтпелі  шағында  тарихи  маңызы  бар  ғимарат  иесіз  қалды. Тозығы  жеткен,   ішінің  де, сыртының да  қабырғалары  қақырап  түсе  бастаған  Мәдениет  сарайын  көргендерарзанға  сатып  алғанды  былай  қойып,  ат-тондарын  ала  қашты.

Бұл  кезде  іскер  азамат  Қайрат  Маратұлы  кәсіпкерлігін  ширатып, компанияға  қарасты  фирмалардың  саны  жетеуге  жетіп,  ондағы  жұмысшылардың  саны  бес  жүзден  асып  кеткен.  Ал  осыншама  адам  бос  уақыттарын қалай  өткізбек?  Кезінде  спортпен  мықтап  шұғылданған,  бокстан  спорт  шеберлігіне  кандидат,  жоғары  оқу  орындары  арасындағы  бокстан  өткен  спартакиадада  екі  рет  топжарған  Қайрат  Мусин  көп  ойланып  жатпастан  кезінде  ғимаратты  тиынға  сатып  алған  азаматтан  Мәдениет  сарайын  кері қайтарып  алды. Миллиондаған  теңгеге  сарайды жөндеп,  волейбол,  баскетбол,  басқа  да  алаңдарды  жабдықтады. Жұмысшылар  бос  уақыттарын  осында  өткізетін  болды.

Сондай-ақ Өскемендегі Сәтпаев даңғылындағы көпқабатты үйдің тұрғындарына спорт алаңын тұрғызуға ат салысқан. Игі істің бастамашылары бұл істі жүзеге асыруға мемлекеттен бір тиын сұрамаған. Алаңның құрылысына кәсіпкерлер де аянып қалмапты. Бүгінде көпқабатты үйдің тұрғындары жаңадан салынған спорт алаңында мәре-сәре болып жүр. Балалар асыға күткен футбол көгалында доп қуып, қыста коньки теуіп жүр. Бұл жайында Қайрат ағамыз:

– Бұқаралық спортты дамыту жолында осы жердің тұрғындары мен кәсіпкерлері өте үлкен жұмыс атқарды. Соған біз де қол ұшымызды бердік. Осылайша бұрын арам шөп басып жататын жер әдемі шағын спорт алаңына айналды. Бұл игі іске бірінші кезекте балалар разы болды,-дейді.

Қайрат Маратұлы кезінде спортпен шұғылданған, бокстан облыс чемпионы, Азиада ойындары шырағын ұстаушылардың бірі.

Қайрат Маратұлы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауда атсалысып талай игі шараларға демеушілік жасап келе жатқан асыл азамат. Өнер, мәдениет болмасын өз септігін тигізіп, қолдаушысы болып жанашыры болған шаралары да баршылық. Солардың бірі 2015 жылы 20 шілдеде Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Асқақта қазақ айбары, желбіре жеңіс байрағы» атты республикалық айтыс өтті. Аталмыш айтысқа еліміздің түкпір – түкпірінен суырып салма бес жұп қатысып, бақ сынасты. Айтыс өте қызықты әрі тартымды өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қайрат Маратұлы  тек іскер адам ретінде ғана емес туған жерінің перзенті ретінде жоқ-жітік адамдарға, оқушыларға, «Қайырымдылық» айлығында қарияларға, көмектесуді назардан тыс қалдырған емес. Ауыл өміріндегі мәдени, қоғамдық іс-шараларға үнемі демеушілік жасап отыратын көрінеді. Ұлан ұлағат бесігі, ұлтымыздың ұлы тарихы тұнған, киелі мекен. Сондықтан, «Мен қазақпын» деген азаматтардың осы өлкені өркендетуге үлес қосуы – абыройлы да, ардақты борыш. Бұл – тарихымызды ұмытпауға, ұлтымызды ұлықтауға қосқан үлес, бабалар рухына тағзым ету. Қарамағындағы адамдардың кейбір көзге ұрып тұрған кемшіліктеріне кешіріммен қарап, айналасындағыларға қол ұшын созған Қайраттың адамгершілік қасиетін айқын көрсетеді. Алла азаматты тіл-көзден сақтасын, – дейді ауыл ақсақалдарының қай-қайсысымен әңгімелесе қалсаң.

Ия, «Халыққа ұнаған адам, Аллаға да ұнайды» дейді дана халқымыз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын…» деген. Қайрат ағамыз өзінің осындай істерімен ұлтжандылығын айғақтап, Ұландай ұлағат ұясына жанашырлығын көрсетіп жүрген абзал азамат. Оның асар асуы, шығар биігі әлі алда.

Қазақ даналығында «Тұлпар­дың да тұлпары бар, қазанаты бір бөлек, жігіттің де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деген аталы сөз жайсаң азаматтарға, жақсы адам­дарға қаратып айтылған ғой. Өмірдің әртүрлі ағыстары адам­ды шыңдап, алға жетелей түседі. Кеудесінде адамдық сезім, сана­сында сәуле қалыптасқан адам­дардың абырой биігіне көтеріліп, елдің ықыласына, айналасының алғысына бөленетіні шындық. Кісілік  келбеті жоғары  адамдар көп болған сайын, елдік  қасиет  те тамырын тереңге жая  түседі.  Өзін сыйлағанды өзгелер де  құрметтейді. Бірақ ол үшін сыйлататын дәрежеге  жету  міндет. Бүгінде бізге үлгі  болып жеткен сауапты істердің бәрі –  сол  заманнан көшкен ғибраты мол  құндылықтар.  Сондай  құндылықтарды өз  бойына сіңіріп,  оны  болашақ ұрпақтарға тасымалдап, алға сүйреп келе  жатқан  азаматтардың бірі.

Ол – кеңестік дәуірде  ер жетіп, білімі  мен  білігін тиянақтап, өзінің таным-түйсігімен, уақыт талабын сергек  сезіну қабілетімен жастайынан ел  қамын ойлау ісіне  араласқан қайраткер. Қандай  қызмет  жүктелсе де, қабілет-қарымын жоғары  деңгейде танытып, өзіне сеніп тапсырылған саланы жетістіктерге жетелеп  кететін жігерлі жұмыстары елдің  есінде.Өмірдің ағысы адамды әр тарапқа тартады. Бірақ адамның сенімі мен ойына алған мұраты алға жетелей береді. Ол қызметіне адал, қарапайым тұлға.

Әрдайым қазақы қалпын сақтаған, ұлтымыздың ұлы құндылықтарын қадірлей білетін әділ, ақиқатшыл азаматтың әрбір жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш. Қашанда абырой биігінен көрінген, тірлігіне тындырымды Қайрат Мусин кейіннен өзінің жан-жақ­ты қарым-қабілеті мен білікті­лігінің арқасында биік белестерден көрінді.

Ерінбей еңбек етіп, қызметіне адал болған адамның шықпайтын биігі, аспайтын асуы болмайды. Өзінің осындай ерекше қабілеттерінің арқасында елдік мүддені бірінші орынға қойған азамат. Алған білім, қа­лып­тасқан қажыр-қайрат пен ұлттық сезім оны биіктерге жетелеп келеді.

Біз сөз еткен Қайрат Маратұлы – осындай зор қазақ. Жаңа заманға бет алған Қазақ керуенінің жүгі аумаса екен дейтін халықшыл ұл. Әзірше тек руханиятқа, ұлттық спортқа дем берген көп көмегінің бір жібін ғана тарқаттық, ал оның көпшілік ел біле бермейтін азаматтығы мен дала көңіл дарқандығы талай сөздің басын қосар үлкен әңгіме. Атымтай-пейіл азаматтарға арнап айтқан халқымыздың «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі» деген керемет мәтелімен түйіндей келе «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады» деген нақыл да Қайраттай асыл азаматқа лайық-ақ десек артық айтпағаным болар. Азаматтар – елдің тірегі, қорғаушысы, қамқоры. Сондықтан қай заманда да әр өңірдің маңдайына біткен біртуар, абзал азаматтары болады. Ол азаматтар болмысынан халқының, елінің, жерінің қамын өте ерте ойлаған жандар. Осындай елім деп шын жүрегімен елжіреген азаматтар ел мүддесін шешпейінше, ел, жер көктемейді.

Міне, осындай біз білетін: «Мен істедім дегенше, мың істеді десейші, ер істеді дегенше ел істеді десейші» деген қағидатты берік ұстанған, мақтағанды құлқы сүймейтін, сіңірген еңбегін міндетсінбейтін, аянбай ел үшін еңбек етіп жүрген Шығыс Қазақстан өңірінің азаматы, ірі тұлға, кәсіпкер – Мусин Қайрат Маратұлы айтуға тұрарлық өзіндік бір тұлға. Қандай істі қолға алса да, ол іс өзінің мол жемісін беруде. Тарихты тұлға жасайды. Болаттай марқасқа азаматы, тұлғасы бар елдiң шығар тауы ғана емес, шығар шоқысы да биiк болатынына көзiмiз жеттi. Көрген-бiлгендi санамызға тоқып, жақсы әсермен шығыстағы асыл азаматпен қош айтыстық.

Ия, қажымас қайраты мен туған жерге деген сүйспеншілігін, перзенттік борышын адал атқарған еңбегін шынайы бағалап, елінің жарқын болашағы үшін өлшеусіз еңбек сіңірген бұл азаматқа қандай құрмет көрсетсек те лайық.

Қорыта айтқанда, алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, өзіне, отбасына ғана емес, қоғамға да пайда келтіріп отырған әңгімеміздің бас кейіпкерін мақтан тұтуға әбден болады. «Еңбек пен бақыт егіз» демекші, адал еңбегі арқылы талай асуларды бағындырып, замандастарына үлгі болып отыр. Жүрегі отан деп соққан іскер ағамызға еңбегіңіз жана берсін! Елге жасаған жақсылығыңыз еселеніп қайтатыны анық!- демекпіз.

 

– Мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет!

 

  1. «Биікке шықсаң, көзің  ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады», — деп тегінен айтпаған ата-бабаларымыз. 

Жақсы  адам  алтын кітаппен  тең.  Өйткені  сол  кітаппен  сусындаған басқалар өз өмірлеріне өнеге  алады.  Өмір  жолы өзгелерге өнеге  тұтуға тұрарлық нағыз отаншыл тұлға, қайраткер-азамат. Жанытаза, адамгершілігімол, жүрек-құмырасы  жауhарға  толыҚайрат Маратұлына ізгіліктілейміз!

 Дидар НҰРЖІГІТ.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …