«Ясауитану» халықаралық білім байқауы

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының базасында «Ясауитану» халықаралық білім байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметт ерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, жас буынды елдік санаға баулу,

Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныту, тарихи мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.
Аталып отырған байқаудың облыстық кезеңіне 22 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 4, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4) ие болды. 22-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында өтетін байқаудың халықаралық кезеңіне 4 оқушы жолдама алды.

Сондай-ақ, оқыңыз

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуда рөлдік ойындардың маңызы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …