Ата жұртым, Ұланым!

Ата жұртым, Ұланым!

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев
Ән жазуға ат салысыңыз

Жұртымның орны Ертіс жағасында,
Аумағы Қалба таудың арасында.
Бұл жерде жақсы, жайсаң өмір сүрет.
Көп сыр бар тарихы, болмысында.

Қайырмасы:

Ата жұртым, Ұланым!
Атамекен, тұрағым,
Жерұйығым, жұмағым,
Отау құрған отаным!

Жұртымның ауыл, аймақ, қаласында,
Кие бар таулар, сулар, даласында.
Бұл жерде жақсы, жайсаң өмір сүрет.
Зор рух бар ұлы, қызы, ұлысында.

Қайырмасы

Жұртымның елі, халқы, отбасында,
Бейбіт тілек, ізгі ниет батасында.
Бұл жерде жақсы, жайсаң өмір сүрет.
Бақ дарып, қыдыр қонған о басында.

Қайырмасы

Астана – 2013 жыл – 20 желтоқсан

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚОС ТАҒДЫР

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,  Серік АЛЛАЖАРҰЛЫ.  (Деректі әңгіме) Өз үйінде бақытты адам ғана – шын …