Жағымды жаңалық. Жаңа кітаптар жарыққа шықты.

Олар: 1. «Астана хикаялары», 2. «Абегілік-асыл өнер», 3. «Астана – журналистикасының шежіресі», 4. «Ұлт және Азамат», 5. «Қазанат қаным, жылқы жаным!», 6. «Додада топты жарған Азаматым!» деп аталады.

1. Бірінші кітап: «Астана хикаялары» – деп аталады.

Авторы – Сәдібек Түгел.

«Фолиант» баспаханасынан  басылып шықты.

Тиражы -2000 дана.

Бұл кітап жаңа Елордамыз-Астана қаласына арналған. Астана қаласының тыныс-тіршілігі көркем тілмен шебер  баяндалады. Автор алғашқы астаналықтардың бірі ретінде  жаңа Астананың басы-қасында   тарихи  оқиғалардың  нақ ортасында  болды.

 

 

2.Екінші кітап: «Додада топты жарған Азаматым!» – деп аталады.

Кітаптың авторы – Қайникамал Түгел келіні .

Кітаптың жанры – деректі повесть.

Кітап Астана қаласындағы «Start» баспаханасында  басылды.

Бұл еңбек  Қайникамал Түгел келінінің  алғашқы  шығармасы. Кітап  ұлттық құндылықтарымыздың танымал  ұлықтаушысы, Ұлы Дала мәдениетінің зерттеушісі, белгілі қоғам қайраткері, жазушы-журналист  Сәдібек Түгел ағамыздың   туған ұлтына адал қызмет істеудегі ерен еңбектеріне және  алпыс жылдық мерейтойына  арналады. Сәдібек аға   елімізде бірінші болып астындағы   мініп жүрген көлігін, мүлкін  ломбардқа салып дала дүлділі Құлагерге  керемет ескерткіш тұрғызған тұлға. Қазіргі қазақ қоғамындағы  қалыптасқан  әр-түрлі жағдайларға  байланысты  өзінің азаматтық ой-пікірлерін   жариялықпен  ашық, айқын  айта алатын,   ұстанымы  берік азамат. Қазақ  Елі оны сол  үшін зор құрмет тұтады. Кітап көпшілікке арналған.

Кітап авторы Қайникамал Түгел келіні туралы анықтама: Қайникамал Сәлетайқызы Түгел келіні 1956 жылдың  алтыншы маусымы күні  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының  Саржыра  аулында   дүниеге келген.  Мамандығы әдіскер –тігінші.Ел Егемендігін алғаннан бері  кәсіпкерлікпен  айналысады. Ері Сәдібек Түгелмен  екі бала тәрбиелеп- өсіріп, бес немере  сүйіп отырған абзал ана

 

3.Үшінші кітап: «Атбегілік – асыл  өнер» – деп аталады.

Авторы – Сәдібек Түгел аға.

Кітап «Start» баспаханасында  басылды.

Сәдібек аға  Түгелге атбегілік өнері  ата қанымен, әке тәрбиесімен қонған.Ол бала жастан ат жалын тартып мініп, өршіл мінезімен, өткір тілімен, алғыр ойымен, Аллатағала берген дарынымен  ұлттық ат ойындарын, ұлттық спорт түрлерін   дамытуға  ерекше  мол үлес қосып  жүрген азамат. Оны  қалың халық жақсы біледі. Сәдібек ағаның тікелей белсенді  қатысуымен  ат, көкпар, тағы басқа да ойындардың алғашқы ережелері дайындалынып, іс жүзіне асырылды. Ағаның басшылығымен  республикадағы  ең үлкен ат жарыстары, чемпионаттары  жоғары деңгейде  өткізілді. Ат спортының  білгірі Сәдібек Түгел жылқы  шаруашылығы мен  ат спортына арналған  бірнеші  тамаша кітаптардың авторы.  Ол елімізде Қазанат ұғымын қалыптастырған бірден-бір  азамат.Бұл кітап  атбегілерге  және қалың оқырмандараға арналған.

 

4-ші кітап: «Астана журналистикасының шежіресі» – деп аталады.

Авторы – Сәдібек Түгел.

Кітап «Start» баспаханасында  басылды.

Сәдібек Түгел – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы. Ол жаңа елорда баспасөзінің негізін қалаған, іргетасын көтерген есімі елімізге кеңінен танымал қаламгер-журналист азамат. Оның идеясымен «Астана қаласының халықаралық баспасөз орталығы» ұйымдастырылынып, мыңнан астам баспасөз конференциялары мен брифингтері өткізілді. Сәдібек Түгел «Өмірден  ерте өткен Елордалық  дарынды қаламгер-журналистерді еске алу кешін», еліміздің ең көрікті жерлерін аралайтын баспасөз саяхаттарын ұйымдастырушы. Сәдібек Түгел Астана қаласына арналған жеті кітаптың авторы.  Бұл кітап та  қалың оқырмандар қауымына арналған.

5-ші кітап: «Қазанат қаным, жылқы жаным!» – деп аталады.

Авторы: Исхан  Қайрат Жәлелұлы.

Кітап Алматы қаласындағы «Нұр-принт» баспаханасында  басылып жарыққа шықты. Аты айтып тұрғандай  бұл шығарма қазанаттарға, тұлпарларға арналған.

 

6-шы кітап «ҰЛТ және АЗАМАТ» – деп аталады.

Авторы- Жолдыбай Базаров.

Бұл кітап атақты «Фолиант» баспаханасында басылды. Бұл  шығарма  ұлттық құндылықтарымызды  ұлықтауға, Ұлы Дала мәдениетін  жаңғыртуға,  жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге арналады.

Кітаптардың жолы оң болсын! Оқырмандары көп болсын!

 

Асхат Асылғазин. Астана қаласы.

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚОС ТАҒДЫР

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,  Серік АЛЛАЖАРҰЛЫ.  (Деректі әңгіме) Өз үйінде бақытты адам ғана – шын …