РИО – 2016 Әділбек – біз саған сенеміз!

Дүйсенбек Қозбақов

Жастар орталығының маманы Маңғыстау ауданы.

Бүгін Шетпедегі орталық алаңы мен Жастар орталығының алдында Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығының ұйымдастыруымен «Әділбек, біз саған сенеміз» атты жастар флэш мобы өткізілді.

Флэш мобқа Маңғыстау техникалық колледжінің студент жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, Еріктілер тобының белсенділері қатынасты.

Флэш мобтың мақсаты – жерлесіміз Рио 2016 олимпиадасының қатысушысы Әділбек Ниязымбетовтің жартылай финалына шығуан орай  қолдау көрсету,  аудан жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру,  бір сөзбен айтқанда жастардың үмітіне   жігер қосып жерлестермізді жеңіс тұғыранын көрінуге тілектестік білдіру.

«Флэш моб бүгін барлық әлеуемттік желілерге тараталып, жастар тарапынан қолдау танытылды. Олимпиада біткенше қолымызға алтын түскенше осындай бағыттағы шараларды жиі қолға алуды жоспарлап отырмыз» дейді Ерітклер тобының жетекшісі Лаззат Алхамқызы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды. 2018  жылдың 3-ші ақпаны күні …