Аудан әкіміне алғыс айтамыз

Ақмола  облысы   Целиноград  ауданының  орталығы    Ақмол  селосына   келген   сайын  орталық  алаңдағы  халқымыздың Ұлы   перзенттері,  жаужүрек  батырлары,   ел  мақтаныштары   Рақымжан   Қошқарбаев  пен  Талғат  Бигелдинов    ағаларға  орнатылған  ескерткіштің  жанына  келіп кетемін. Қос батырдың    граниттен  салынған   монументтері    орталық  алаңға  сән  беріп,    жастарды   ерлікке,   батырлыққа,   батылдыққа,   отансүйгіштікке  тәрбиелеп  тұр.

Айтар  жоқ,   аудан  халқы  осы  монументтерді  салудың  инициаторы,  халыққа  жақын    ауданның әкімі  Тәткеев  Малғаждар Саттарұлына   әрқашан  риза. Батырларға  құрмет   жасау  дегеніміз,  өз  тарихымызды   қастерлеу,  елді  сыйлау  деп  түсінеміз. Оның   әсіресе    жас  жеткіншектер  үшін маңызы   өте  зор. Халықтың  құрметіне бөленген, іскер   әкімге  зор   алғыс  айтып, жаңа   жетістіктер  мен   жеңістер   тілейміз!

 

Сәдібек  Түгел, ҚР Жазушылар  Одағының   мүшесі, ҚР  Гуманитарлық  Ғылымдар  Академиясының Академигі, «Отаутүскен» ауылы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Жолдауға қолдау

Астана қаласында  күн сайын әр мекемеде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы …