- Біріншіден, туғанынан еліне адал, әділ, патриот, шыншыл, отанын, ұлтын, жерін, халқын шексіз сүйетін, мемлекеттің бөтен бір тиынын да алмайтын, ал, барлық жемқорлықты иттің етінен жек көретін, сол жолда басын бәйгеге тігіп, әр саладағы жемқорлармен аяусыз күресіп жүрген қазақты НАҒЫЗ АЗАМАТ деп айтуға болады.
- Екіншіден, туған ОТАНЫ үшін НАҒЫЗ АЗАМАТ ұлттың тілінде еркін сөйлеп, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақтайтын кісі болуға тиісті.
- Үшіншіден, туған ОТАНЫ үшін НАҒЫЗ АЗАМАТ АР-ОЖДАНДЫ жоғары ұстайтын өте намысшыл жігіт болуы шарт. Ол қарындастарының, қазақтың қыздарының намысын қорғауға тиісті. Сол жолда қажет болса басын өлімге қыйуға тиісті.
- Төртіншіден, туған ОТАНЫ үшін НАҒЫЗ АЗАМАТ «пара беру мен алу арқылы «кресломания» ауруына шалдыққан» сатқын қазақтардың мойынын бұрап алып, тәубелеріне келтіруі керек.
- Бесіншіден, туған ОТАНЫ үшін НАҒЫЗ АЗАМАТ «біз бір командамыз» деген желеумен бандылық жолға түсіп, тапа тал түсте тендерлердің, бюджеттің , қазынаның қаражатын, қарапайым халықтың ақшаларын жейтін басшылардың шенеуніктердің, мемлекет қызметкерлерінің быт-шытын шығарулары қажет.
- Алтыншыдан, туған ОТАНЫ үшін НАҒЫЗ АЗАМАТ қызмет бабын шебер пайдаланып, коррупциялық жолмен халықтың , мемлекеттің ақшасын жымқырып ұрлық жасайтын өзінің әкесін, өзінің шешесін, өзінің әйелін, өзінің ағасын, өзінің інісін, өзінің апайы мен қарындасын, өзінің қайнағасы мен балдыздарын, өзінің жақын достарын, өзінің балаларының теріс іс-әрекеттерін бетіне басып, мойындаттырып, ішкен,-жегендерін желкелерінен шығарып, мемлекетке қайта қайтарып, болашақта қазынаны тонауға, бюджеттің, мемлекеттің қаражатын қымқыруға тосқауыл қоюға тиісті.
- Жетіншіден, туған ОТАНЫ үшін НАҒЫЗ АЗАМАТ әділетсіз тұрғыдағы әкесінің, шешесінің, ағайын-туыс, дос-жарандарының көмегімен, қолдауымен болатын жоғары мемлекеттік қызметінің өсуіне өзі үзілді-кесілді қарсылық көретуі тиісті. Ол орынға одан тәжірибесі мол, білімі мен біліктілігі жоғары, бірақ әке-көкелері жоқ қарапайым адамдардың балалары келуі қажет. Сәдібек Түгел