22  қыркүек тілдер күніне орай

Ана тілім – ардағым

Бүгін осындай тақырыпта 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының тілдер күніне орай  Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Шетпедегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің акт залында патриоттық жиын  өтті. Бұл шараның  мақсаты – Қазақстан халықтарының  тілдерін сыйлауға шақыру, ана тіліміздің  мемлекеттік тіл қазақ тілін кеңінен насихаттау негізінде  қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту болып табылады.

Шараға тіл жанашырлары еңбек ардегері,көп жылдар мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған Қуантқан Исаев, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бөлім басшысы Бердіхан Қуанбаев және мектеп басшысы Сейітжан Сафиев, жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев  және   мектептің ұстаздары мен   оқушылары, ауылдың  белсенді жастары қатынасты.

Шарада Қ.Исаев  кәзіргі таңдағы жастардың ана тілімізді бұрмалап сөйлеп, керексіз жаргондарды пайдаланып жүргендігін тілге тиек етті. «Әрбір жас ана тілдің қадірін түсіну керек, ол мемлекеттік басты құралы сондықтан да елдің мерейі ана тілдің мерейі екендігін түсіну әрбіреуімізге парыз»деді Қ.Исеав.

Бұдан соң Б.Қуанбаев сөз алып кәзіргі әскердегі өмірде ана тілдің беделін сөз етті. Б.Қуанбаев: «Бүгінгі күні бұйрықтар мен пәрмендердің барлығы ана тілде. Сондықтан бұрынғы кеңес өкіметінің сарқыншағы жоқ» деп кесіп айтты.

    Шарада украин ұлтының өкілі Елена Лоставецкая ақын Сабыр Адайдың «Ұлы Абайға» атты өлеңді нақышына келтіре оқыды.  Е.Лоставецкаяның бұл өнеріне жиналған қауым риза болды.

          Шара барысында мектеп оқушылар тілді құрметтеу мақсатында патриоттық өлеңдер мен әндер айтты.

Шара соңында өткенжылғы Ұлытаудағы Елбасының сұхбатындағы тіл туралы айтқан ойлары көпшілікке ұсынылды. Шара соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің тілдер жөніндегі маман Жанна Исатаева бөлім басшысының Алғыс хатын  тіл мамандарына табыстаса, орталық басшысы А.Қонарбаев  шараға белсенді ат салысқан орта мектептің оқушылары мен қонақтарды   марапаттады.

 

Алдаш Шоңай

 

Маңғыстау ауданы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Целиноград-озат аудан!

Ауданға 90 жыл толады 1928-2018 Желтоқсан айының соңғы күндерінде бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы …