2016 жылдың 23 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне байланысты «Алматы» ауданында орналасқан №33 «Алтын дән» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі С.А.Аршкенова мен музыка жетекшісі Ж.А.Ка ракулованың ұйымдастыруымен тәрбиешілер арасында «Елім менің!» атты интеллектуалдық сайыс өтті.Балабақша меңгерушісі А.Е.Кенесова барлық педагогтарды Тілдер мерекесімен құттықтады.
Сайыста көптеген қазақ тілінің ұмытылып бара жатқан көне сөздері айтылды. Сайыс өте қызықты да тартысты өтті. Әрдайым балабақшадағы жас мамандар осындай сайыстарға құлшына қатысатын болса, болашақ елімізді тәрбиелейтін мықты тәрбиешілер шығатыны сөзсіз. Қазақ тілі асқақтай берсін! Әрбір мекемеде өз қызметкерлерінің арасында осындай сайыстар өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашағымыз екенін ұмытпайық ағайын!
Қазақ тілі мұғалімі С.А.Аршкенова