«Астананың Үлкен Кубогі» атты ардагерлер арасындағы халықаралық жарысы

2016 жылдың 1-2 желтоқсаны күндері Астана қаласы «Зодиак» бильярд клубында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне арналған бильярд спорт түрінен «Астананың Үлкен Кубогі» атты ардагерлер арасындағы халықаралық жарысы өтті. Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын  кеңінен насихаттау, жаңа Елордамыз – Астана қаласының абыройын асқақтату, жастарға үлгі көрсету, бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Атаулы турнирге Қырғызстан Республикасының командасы, Ресей мемлекетінің командасы, Астана қаласының «Астана қырандары» командасы, Өскемен қаласының «Асау Ертіс» командасы, ОҚО «13 аймақ» командасы, Алматы қаласынан «Алатау» және «Алматы түні» командалары және «Көкшетау» командасы қатысты. Екі күнге созылған «Астананың Үлкен  Кубогі»   үшін   жарысы  өте  тартысты   әрі  қызықты   өтті. Халықаралық турнирді  «Астана   қырандары» командасы,  «Ұлы  Дала Қырандары»  республикалық   қоғамдық   әлеуметтік,  мәдени  және  спорттық   қозғалысы,  Астана   қаласының    әкімдігі,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті,   Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы,  Астана қаласының спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды.

Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  күніне  арналған   бильярдтан  ардагерлер   арасындағы  халықаралық  «Астананың   Үлкен  Кубогі»-атты   жарысты Әлем  әртісі,  Еңбек Ері,  профессор   Мусаходжаева Айман  Қожахметқызы басқаратын   Өнер  академиясының    скрипкашылар   ансамблінің    өнерінің ашылуымен  басталды. Бұдан әрі   Қазақстан  Республикасы   Мәдениет   және   спорт  министрлігі  спорт  және     дене  шынықтыру   істері     комитетінің  төрағасы   Қанағатов Елсияр Баймұхаметұлы турнирге қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Күнімен шын жүректен құттықтап, тастаяқ шеберлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар турнирдің қатысушыларды Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  күніне  арналған   бильярдтан  ардагерлер   арасындағы  халықаралық  «Астананың   Үлкен  Кубогі»-атты   жарыстың       ұйымдастыру   комитетінің  төрағасы Сәдібек   Түгел құттықтады.

Салтанатты ашылу рәсімінде қадірлі  қонағымыз,  қазақ  халқының   үлкен  досы,  Қырғызстан   Жазушылар  Одағының  төрағасы,    Қырғызстанның    халық   ақыны,    Мемлекеттік   сыйлықтың  иегері,  атақты  бильярдшы   Акбар  байке   Рысқұлов ағамыз, ШҚО «Асау Ертіс» командасының капитаны Серік Ақтанов, Алматы қаласы «Алатау» командасының капитаны Нұртілеу Иманғалиев, Шымкент қаласының «13 аймақ» командасының капитаны Нұрлан Айымбетов, туринирдің Бас төрешісі, бильярд спорты бойынша жоғары санатты төреші Ерболат Жұмағұлов және осы турнирдің ұйымдастыруи комитетінің төрағасы Қайрат Мирашев сөз сөйледі. Екі күнге созылған турнирге 80-нен астам бильярдшылар қатысты.

Командалық   есепте  1 орынды Астана қаласының «Астана қырандары» командасы 2 орынды Алматы қаласының «Алатау» командасы, Алматы қаласының «Алматы түні» командасы  иеленді. Ал турнирдің жеңімпазы болып 1 орынды Астана қаласының «Астана қырандары» командасының ойыншысы Мақсұт Иржанов иеленді. 2 орын – Пинигин Владимир (Астана қаласының «Астана қырандары» командасы), 3 орын – Ли Вадим (Астана қаласының «Астана қырандары» командасы) және Мусинов Сайлаубек (ШҚО «Асау Ертіс» командасы).

Сондай-ақ, оқыңыз

Ситуация по заболеваемости ВИЧ-инфекцией в г.Астане

Заболеваемость ВИЧ в Астане в последние годы не снижается.В 2017г. официально выявлено 235 новых ВИЧ-инфицированных …