Сабақ тақырыбы: «Допты оң және сол қолмен алып жүргізу»

Астана қаласы

№ 51 мектеп-гимназиясы

Дене шынықтыру мұғалімі: Еңсебаев Омар Сапарғалиұлы

Сыныбы: 6

Пәні: Дене тәрбиесі

Сабақтың мақсаты: Баскетбол добы

  1. Білімділік: Шымырлығын, шапшаңдығын, спортқа деген икемділігін дамыту.
  2. Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмірге, тәртіпке тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құралдар: Баскетбол добы, ысқырық.

Сабақтың өтілетін орны: Спорт залы

Сабақ барысы

Дайындық бөлімі:

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу.

– Жаңа сабақты түсіндіру.

-Жүру: әр түрлі әдістермен.

-Жүгіру: әр түрлі әдістермен.

-Әр түрлі әдістермен дене шынықтыру жаттығулары.

Әдістемелік ескертпелер: Оқушылардың спорттық киіміне мән беру.

Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Негізгі бөлім /25 мин/ Баскетбол добын оң және сол қолмен алып жүру. Оң қолдан сол қолға допты ауыстыру. Допты жерге соғып жүру және жүгіру кезіндегі дененің іс әрекеті. Допты оң қолмен және сол қолмен кезекпен соғып жүгіру.

Әдістемелік ескертпелер: Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалау.

Қорытынды бөлім

  • Сабақты қорытындылау
  • Баға қою

Оқушылардың еңбегін бағалау

Сондай-ақ, оқыңыз

The Plan of the English Lesson

Ақмола облысы,  Көкшетау қаласы, №21 ОМ, Ағылшын тілі мұғалімі, Жетепова Жанна Рамазановна.   The Plan …