Құлагер мәңгілік тұғырына мінді!

Құлагер мәңгілік тұғырына мінді!2009 жылдың қараша айының 27 жұлдызында, Ұлы Даланың даңқты тұлпары Құлагерге арналған ескерткіш салынып бітті. Бұл ел өміріндегі айтулы оқиға болып саналады. Себебі, Құлагер ескерткішін бүкіл халық тосып жүрген болатын. Ескерткіш «Астана-Көкшетау» автобанының бойында орналасқан. Мүсіннің ұзындығы – 8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5 жарым тонна, таза мыстан құйылған. Жалпы ұзындығы 11 метр.
– Ескерткіш салудың идеясының авторы, әрі ұйымдастырушысы Сәдібек Түгелдің айтуынша, «Құлагер монументінің ұлт үшін, ұрпақ үшін мәні де, маңызы да өте зор. Өйткені, Құлагерді тұғырына міндіру арқылы зұлымдыққа тойтарыс берілді, ізгілік баянды етілді.»
Халық ұзақ тосқан киелі ескерткіштің салтанатты ашылуы 2010 жылдың мамыр айында өткізіледі. Бағдарламада: 50 шақырымдық «Құлагер-Аламан» бәйгесі, 11 шақырымға құнан бәйге, 9-шақырымға Жорға жарыс, Көкпар, Қыз қуу, Теңге алу, Сайыс ойындары бар. Монументті салуға еліміздің көптеген атымтай жомарт, мырза азаматтары көмектесті. Соның ішінде ерекше атап өтеріміз – Ақмола облысының әкімі Рау Альберт Павлович.
Сонымен халқым, сүйінші Құлагерге мәңгілік ескерткіш орнатылды. Келіңіздер, көріңіздер, тамашалаңыздыр.

Журналист Аягүл Садуақас
8 (7172) 28 26 05

Сондай-ақ, оқыңыз

Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды. 2018  жылдың 3-ші ақпаны күні …