Целиноградтықтар Ата заңы күнін ерекше атап өтті

Целиноград ауданы, Ақмол  ауылында 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.Бұл күні айбыны асқақ Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелді. Салтанатты шарада барша жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлы Ата заңымыздың тарихи мән-маңызы туралы айта келіп, елімізде Тәуел­сіздігімізді жа­риялаған кезден бері атқары­лып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге және аудандағы атқарылған нақты қадамдарға тоқталып,  бүгiнде бүкiл әлемнiң назары мен таңданысына бөленген елiмiздiң биік жетiстiктерi Ата заңымыздың абыройлы шарапатында екендігін және Елбасының ерен еңбегін ерекше атап өтті.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге орай және ауданның әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Аудан тұрғындары да Конституция күніне ерекше құрмет білдіріп, мерекеге орайластырылған барлық іс шараға аса белсенділікпен қатысты. Атаулы шараға ауданның құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  белгілі қаламгер жазушы, қоғам қайраткері, Сәдібек Түгел ағамыз  да қатысты.

Әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алып, толыққанды мемлекет болып танылуымызда Ата Заңы­мыздың еліміздің арайлы азаттығмыздың айнымас айғағы, жар­қын болашағымыздың бұл­жы­мас бағдары екені, ол елдігіміздің ал­тын арқауы, толағай табыста­ры­мыз­дың бастау қайнары болып сана­латындығын атап өтті.
Конституция күніне арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әндер орындалып, мың бұрала билеген бишілердің өнері жиналған қауымды тәнті етті.

Сондай-ақ, оқыңыз

Құрбан айт қабыл болсын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Құрбан …