Құрбан айт қабыл болсын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз!

Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Халқымыз бұл мейрамға айрықша дайындалып, көпшілікпен ерекше атап өтеді. Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, берекеге бастайтын мейірім мен кешірімге үндейтін ұлық мейрам. Құрбан шалу адамды шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа, адалдық пен сертке беріктікке шақырады.
Айт күнгі ізгі ниетіңізді Алла тағала қабыл етсін. Еліміздің мерейі үстем, берекесі мен бірлігі бекем болсын!

Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, игі де ізгі қызметіңізге жеміс, отбасыңызға баянды бақыт, жұмыстарыңызға береке тілейміз!

 

«Түгел медиа» холдингі

Сондай-ақ, оқыңыз

Астана   мені  баурап  алды!

                         Елордамыздың  20  жылдығына   арналады.  Алғашқы   астаналықтардың   бірі,   жаңа   Елорданың    тұңғыш  баспасөз  хатшысы,  танымал   қоғам  …