Спорт – достықтың жаршысы

Тәуелсіз Қазақстанның онтоғыз жылдық тарихы көптеген жақсы дәстүрлерді алып келді. Осы дәстүрлердің ішінде – спорт, оның ішінде ұлттық спорт ойындары маңызды орын алады. Спорт-елдерді бірлікке бастайды, достық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді және адамдардың денсаулығының кепілі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында: «Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз» деп көрегендікпен алдымызға мақсат қойған еді. Ел басшымыздың бұл тапсырмасына сәйкес, облысымызда, спорт шараларын бүкіл халықтық іске айналдыруға, халықтық спорт ойындарымен аймақтың түкпір-түкпіріндегі барлық елді мекендерді қамтып, барлық халықты тарту, олардың денешынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға, спорттық нысандардың материалдық базасын нығайтып, олардың әрбір елді мекендерде болуына және бұқаралық спортқа жетекшілік жасайтын кадрлерді даярлауға баса назар аударылуда. Соның ішінде, бір кездері ұмыт бола бастаған, қазақ халқының атадан мирас болып қалған, дүниежүзін таң қалтырып жүрген, тамаша ұлттық спортты дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Шығыс Қазақстанның ежелден: шаңғы, хоккей, жеңіл атлеттикадағы қомақты табыстарымен аты шықса, бүгінде оған қазақ күресі, ат спорт ойындары мен басқа да спорт түрлері қосылды. Облыстағы 3000-ға жуық спорттық нысандарда, 1300 –дей спорт ұжымдары жұмыс істейді. Бұларда спортпен 175 мың балалар және 100 мыңға жуық ересек адамдар тұрақты айналысады. Облыс әкімдігі спорт саласын дамытуға екі миллиардқа жуық қаржы бөліп келеді. Спорт кешендерінің де саны жыл сайын артып келеді. Болашақта, облысымызда, спорттағы жеңістердің көп болуына, халқымыздың салауатты және денсаулығы мықты болуына қажетті алғышарттың барлығы жасалып, даңғыл жол салынды. Облысымызда, Қазақстанның ғана емес, Азия, Әлем чемпионаттары да үлкен ұйымшылдықпен, табысты өтіп келеді. Алда спорттағы табыстарымыздың зор болатындығына сеімдімін.
Әдеби –танымдық балалар арасында ұлттық спортты насхаттауға арналған «Құлыным» журналы, балаларымыздың, олардың ата-аналарының ең сүйіп оқитын басылымы, болашақ – батыр, патриот, ұлтжанды, салауатты ұрпақ тәрбилеуде үлкен табыстарға жетуіне тілектеспін!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев.

Сондай-ақ, оқыңыз

Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды. 2018  жылдың 3-ші ақпаны күні …