«Ән арқау» әуелетті

Тәуелсздіктің 25 жылдығына арналды

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдыға қарсаңында  аудан орталығы Шетпедегі балалар өнер мектбінде   Маңғыстау аудандық жастар ресурстық  орталығының және «Өрлеу» мемлекеттік  кәсіпорнының ұйымдастыруымен  дәстүрлі  «Ән арқау» атты жас орындаушылардың аудандық ән байқауы өтті. Байқауға ауданның әр түкпірінен он беске жуық жас орындаушылар қатынасты. Шараның басты мақсаты – жергілікті сазгерлердің шығармаларын насихаттау, патриоттық сезімді күшейту, ән өнеріне деген  махаббатын нығайту, жас ұрпақты патриоттық бағытта  тәрбиелеу, сондай ақ жас орындаушыларға қолдау таныту болып табылады. Биылғы  өткізілген байқауда  белгілі сазгер, балалар ақыны, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Көмек Ыбыраевтың шығармашылығына арналды.Көмек Ыбыраев өлкеге танымал тұлға. 200 ге жуық әнмен 100 ге жуық күйлердің авторы. Бүгінгі байқауға  қатысушылар байқау шарты бойынша   екі әніменкелді. Біріншісі міндетті түрде Көмек Ыбыраевтың әні, ал екіншісі патриоттық ән болуы керек.  Байқауға дәстүрлі ән немесе эстрадалық әндер қатыстырылды.

Байқаудың шымылдығын Жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев пен «Өрлеу» МКК директоры Маржан Дуланова  құттықтау сөзбен ашты. Маржан Дуланова: «Бүгінгі өткізліп отырған патриоттық шара қатарынан үшінші жыл өткізіліп отыр. Жастар байқауға белсенді әрі жүйелі қатысып келеді. Бізді қуантатыны сол болмақ. Барлығыңызды тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.» деді.

Құрамында ҚР Мәдениет қайраткері,  әнші Әбіл Жұмағалиев бастаған бір топ өнер майталмандары әділқазлық етті.  Әділқазылар алдымен  байқауда қатысушы  өнерпаздың дауысына, киіміне, ән айту стиліне  назар аударды. Үш  сағатқа созылған байқау тартысты да тартымды өтті. «Әлемде талай жүйрік бар, әліне қарай шабатын»  демекші  байқау соңында  бас жүлде яғни К.Ыбыраев  атындағы аранйы сыйлықты Шетпелік БерекетЖұмаливеатындағы орта мектептің жоғары сынып оқушысы, жас өнерпаз Әбдиева Сақи иеленді. Жүлдегерге ұйымдастырушылар атынан 25.000 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал екінші орынды Ұштаған ауылынан Белгібаева Жадыра оған 15.000 мың теңге, ал жүлделі  үшінші орынды Тұшықұдық Сұңғат Ізғали  місе тұтып оған 10.000 теңгенің сертфикаты берілді.

Шара соңында кеш иесі Көмек Ыбыраев сөз алып : «Бүгінгі шара жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Мен осы күнге дейін 200 ге жуық ән жаздым. Бүгін соның 10 ға жуығы орындалды. «Ақын оқырманы болмас жетім болар, сазгер  орындаушысы болмаса  жетім болар» демекші менің де орындаушыларым табылып әні әлемінде қалықтап жүрсе маған одан артық бақыт болмас дер едім. Болашағына үлкен үміт күттіретін жастарды көріп көңілім бір серпіліп қалды. Артымыздан еріп келе жатқан өнерпаз жастардың көбеюі мен үшін зор байлық.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.» деді

Шарада жеңімпаздарға қаржылай және заттай сыйлықтар берілсе, сондай ақ барлық байқауға қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Лаззат Алхамқызы.

Аудандық жастар саясаты

орталығының маманы.

Маңғыстау ауданы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды. 2018  жылдың 3-ші ақпаны күні …