Асыл азаматты еске алуға арналған турнир

Қазан айының 26 күні Көкжыра ауылында волейболдан мектеп оқушылар ұлдар, қыздар арасында полиция полковнигі марқұм Дәлелхан Сабуровты еске алуға арналған аудандық турнирдің финалдық ойындары өткізілді.

Қазан айының 13-14 күндері Ақжар, Көкжыра ауылдарында өткізілген аймақтық іріктеу жарыстарына аудан мектептерінен 46 команда қатысып, ұлдар арасында сайыста Абай, Сейфулин (Сәтбаев), Тоғас батыр, Ақмектеп, Чкалов, Би-Боранбай мектептері, қыздар арасында Абай, Сейфулин (Сәтбаев), Сейфулин (Жаналық), Өкпеті, Би-Боранбай, Байтұрсынов мектептерінің командалары жақсы ойын көрсетіп ақтық сынға 12 команда жолдама жеңіп алды, 26 қазан Көкжыра ауылында өзара кездесіп жүлделі орындар үшін сайысты.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Е.Текешов, Қоғам қайраткері, «Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық қозғалысының төрағасы, ҚР Ұлттық ат спорты Федерациясының Президенті Сәдібек Түгел, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстың филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков, облыстық туризм дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ә.Дөнбаев, облыстық білім беру басқармасының бастығы М.Ахметова, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  басқарма бастығы Т.Жұмағұлов, самбодан Әлем Чемпиондары халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жерлестеріміз Құнсафин Қайрат, Мәзбаев Мақсаттар қатысты.

Жас волейболшылар арасындағы аса тартысты өткен кездесулер нәтижесінде ұлдар арасында Абай орта мектебінің командасы І-орынға ие болса, ІІ-ІІІ-орындарға Сейфулин (Сәтбаев), Ақмектеп мектептерінің командалары ие болды, қыздар арасында І-орынға Өкпеті мектебі, ІІ-орынға Абай орта мектебі, ІІІ-орынға Сейфулин (Сатбаев) мектебінің командалары ие болды.

Жүлделі орынға ие болған барлық командаларға арнаулы медаль, грамоталар, кубок және спорттық киімдер тапсырылып, қосымша демеушілер тарапынан ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Атап айтқанда турнир жеңімпаздары атанған Абай, Өкпеті мектептерінің командаларына белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры, ауданның құрметті азаматы Самат Тыштыбаев 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырса, ІІ-ІІІ-ІV-орын алған командаларға тиісінше демеушілер тарапынан 50мың, 30мың, 20мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ турнирдің «Үздік ойыншылары» деп танылған 6-ойыншыға және жеңімпаз командалардың бапкерлеріне облыстық білім беру басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова ханым ақшалай, заттай сыйлықтар тапсырса, Дәлелхан Сабуровтың сыныптас достары жүлделі орын алған командаларға ескерткіш сыйлықтар тапсырды.

Жарыс жоғары деңгейде өткізіліп, алдағы жылдарда бұл турнирді облыстық деңгейде өткізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы С.Омарғазин

Сондай-ақ, оқыңыз

Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды. 2018  жылдың 3-ші ақпаны күні …