Ұлы дала – ұлттық рух!

Осындай  атпен  2015 жылдың 20  тамызы күні  Шығыс Қазақстан облысы  Ұлан ауданының орталығы  Қасым Қайсенов кентінде танымал қоғам қайраткері, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық  қоғамдық  әлеуметтік-мәдени  қозғалысының  лидері,  ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының  президенті, белгілі жазушы-журналист,  ҚР еңбек сіңірген  қайраткері,  Шығыс Қазақстан облысы және Ұлан ауданының құрметті азаматы Сәдібек  Түгелмен оқырмандардың кездесуі  жоғары  деңгейде   өткізілді. 500 орындық  аудандық мәдениет  үйінде ине шаншар орын  болмады. Жерлестерін   қадір тұтатын  ағайындар тек   Ұлан ауданынан ғана емес, облыстың басқада  аймақтарынан ат басын тіреп келіп, мерекелік  іс- шараға белсене  қатысты.   Үш жарым сағатқа созылған есепті кездесу барысында   жазушыға   23  сұрақ  қойылды.  Олардың барлығына  Сәдібек  аға  Түгел  көкейіндегі  өз ойын ашық айта алатын әдетімен  қиын сұрақтардан  жалтармай, толық жауап  қайтарып, сауал қоюшылардың    көңілінен  шықты.  Шынында сұрақтар да  әртүрлі болды.  Теңгенің құнсыздануынан бастап, қазіргі  жастар тәрбиесі  де  тілге тиек етілді.  Қаламгер Сәдібек  Түгел 17 кітаптың авторы, 7 республикалық  журналдардың бас редакторы  және жүздеген   публистикалық  мақала, очерктер жазған азамат. Ол  елімізде  «Қазанат» ұғымын қалыптастырған кісі. Сәдібек аға  Аллатағала берген саналы  ғұмырында  отыз жылдай  мерзімде , «Ұлы Дала-Ұлттық Рух» деген атпен  Ұлы Дала  құндылықтарын барынша мол зерттеп, ел игілігіне   жаратып келе жатыр. Мысалы:  ұлттық ат ойындары,  ұлттық спорт түрлерінің бір жүйеге келуі,  «Ұлттық ат спорты Федерациясының» құрылуы, «Ұлттық Спорт түрлері  Қауымдастығының»   ашылуы, «Ұлы Дала Тұлпары-Құлагер» ескерткіші,  қазіргі кездегі  «Ұлы Дала  Даңқы»-«Музей Славы Великой  Степи» мұражайын салуды  қолға алуы, «Ұлы Дала Қырандары»  халықтық қозғалысының өмірге келуі, «Бірлігі мықты ел озады» Акциясының  өтуі және  де ағаның  бастауымен басқада  игілікті , рухты көтеретін  мәдени шаралардың  көптеп  өтулері  соның нақты дәлелі  бола алады. Бір сөзбен түйіндегенде, ағамыз елдің  шексіз құрметіне бөленді. Ұландық кәсіпкер Қайрат Мусин иығына  шапан жауып,  бағалы сыйлық тапсырса,  Тарбағатайлық  қырандар ағамызға  темір тұлпар  мінгізді. Рашидбек Мұхамеджанов бастаған  ақсақалдар қауымы  ақ баталарын берді. Талантты айтыскер ақын  Аслан  Ғафуров  пен  ақын  Мұрат Тастағановтар  жырдан шашу  шашты. «Бескөл» ансамблі өнер көрсетті. Ағамыздың да  халықтың да мерейі  бұл күні  үстем болды. Той-тойға  ұлассын!

Асхат Асылғазин.
Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов  кенті.
23  тамыз 2015 жыл.

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚОС ТАҒДЫР

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,  Серік АЛЛАЖАРҰЛЫ.  (Деректі әңгіме) Өз үйінде бақытты адам ғана – шын …