Бұл күндері еліміздің талантты әншісі Қарақат Әбілдинаның шығармашылық еңбегіне 10 жыл толып отыр. Ол аз мерзімде ғажайып дауысымен, кәсіби шеберлігімен қазақ ән өнерінің айтулы жұлдызына айналды. Қалың халық Қарақатты құрмет тұтады, мақтан етеді. Әрдайым оның жеке концертін тосып, теледидардан, радиодан ән салғанын асыға тосады, күтеді. Өйткені ол жүзден – жүйрік мыңнан тұлпар шыққан дарын иесі.
Толығырақ оқу»Ай мұрағаты: Қараша 2009
Құлагер мәңгілік тұғырына мінді!
2009 жылдың қараша айының 27 жұлдызында, Ұлы Даланың даңқты тұлпары Құлагерге арналған ескерткіш салынып бітті. Бұл ел өміріндегі айтулы оқиға болып саналады. Себебі, Құлагер ескерткішін бүкіл халық тосып жүрген болатын. Ескерткіш «Астана-Көкшетау» автобанының бойында орналасқан. Мүсіннің ұзындығы – 8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5 жарым тонна, таза мыстан құйылған. Жалпы ұзындығы 11 метр.
Толығырақ оқу»Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, журналист, жазушы, академик Сәдібек Түгелмен сұхбат
«Түгел» баспасөз клубы өткізген Баспасөз конференциясында және қазақ радиосында сіздің аузыңыздан «Астана қаһармандары» «Первопроходцы Астаны» жоба бойынша жинақ жасауды қолға алып жатқандығыңыз елге белгілі болды. Сонда бұл бағдарламаның мақсаты неде? Астана қаласының негізін салушы, іргетасын қалаған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – журналистермен болған бір кездесуінде: «Бұл күнде Астана – халқымыздың мақтанышына, ұлтымызды дүние жүзіне танытатын сәулетті қаланың біріне айналып отыр. Қаланы әлемдік деңгейге жеткізуге үлес қосқан адамдар …
Толығырақ оқу»
Түгел Медиа