Барлық Ақпарат Құралдарының басшыларына!
Сіздерді 2016 жылдың 12-ші қаңтары күні сағат 15:00 де Алматы қаласының «Қазақ концерті» үйінде болатын «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫҢ МЕКЕНІ» атты патриоттық мәдени іс-шараға қатысуға шақырамыз. Бұл шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына, Алматы қаласының 1000 жылдығына, «Ұлы көштің» 25 жылдығына және «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалыстың 5 жылдығына арналады.
Ұйымдастырушылары: Алматы қаласының әкімдігі мен «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы.
Құрметпен,
«Ұлы Дала Қырандары» Қозғалысының тең төрағасы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел
Байланыс телефон: Айдын Егеубаев:87015536948. 87479267251.