«2 қазан күнін қазақ ғарышкерлері күні» ретінде жариялау туралы ҰСЫНЫС

1.Қазақстан Республикасының  Үкіметі 

2.Қазақстан  Республикасының  Парламентінің   қос  палатасы  Сенат пен   Мәжіліс26124ке

  «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік   халықтық қозғалысы  екінші  мәрте

     «2 қазан күнін қазақ ғарышкерлері күні»  ретінде жариялау туралы ҰСЫНЫС  білдіреді. 1991 жылдың 2 қазаны  Қазақстан  тарихындағы  ұмытылмас  Ұлы  күн  болып  саналады.  Сол 1991 жылғы  2 қазанда жер кіндігі – Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМ-13» зымыранымен алғашқы қазақ,  ұлтымыздың   Ұлы  перзенті,  мақтанышы   Тоқтар  Оңғарбайұлы  Әубәкіров ғарышқа аттанып, халқымыздың,   туған  еліміздің   абыройын асқақтатып,   мәртебесін   өсірді.  

Соның      нәтижесінде,   Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдері арасындағы ғарышты  тұңғыш   игерген мемлекет атанды.  Ал,   Тоқтар  Әубәкіров  1 миллиард  700 миллион   мұсылманның  ішінен   шыққан     бірінші   ғарышкер! Бұл дегеніңіз үлкен жетістік, ұлтымыздың Ұлы жеңісі болып есептеледі!

   Бұл күннің    аса маңыздылығын  ескере  отырып, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік  халықтық   қозғалысы  2 қазан күнін қазақ ғарышкерлері күні ретінде жариялау туралы 2016 жылдың    тамыз   айында  бес адресатқа  ұсыныс   білдірген  болатын. 07Өкінішке  орай,   біз көңіл  жықпас,  шығарып  салма   жауаптар   алдық.   Сол   жауаптарды   жариялап  отырмыз .  Бір  сөзбен тоқ етерін  айтқанда  келген жауаптарға   көңіліміз  толмады. Әсіресе,  ҚР ИДМ «Аэроғарыш» комитеті төрағасының  71c87b27db8b3f1dacece43c5b06880e_resize_w_600_h_315міндетін  атқарушы Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов деген     азаматтан  келген   сылдыр  сөз,  құлдық  санадағы  үшбу хатқа  реніш  білдіреміз.  Ол,  қазақ   ғарыш   күнін  белгілеп, босқа   әуре  болмайық,  басқалардан   ерекшеленбейік   дейді.  Біздің  жауабымыз: бұл    сұрақта  біз  ерекшеленбегенде  кім  ерекшеленеді.  Адамзаттың   ғарышты  игеруі      қасиетті  қазақтың   жері «Байқоңырдан»  басталды.

       Қазақ ғарышкерлері күні деп жариялауға ұсыныс жасалынып отырған атаулы дата, ғарыш саласындағы еліміздің асқақ мәртебесін жаһан елдері алдында көтерген күнмен тең. Қазақ елі өз ғарышкерлерін әр кез құрметтейді, олардың батырға тән қаһармандық үлгісін мақтан тұтады. Бұл күнді қазақ ғарышының ерлікке пара-пар күні деп есептейміз. Жер бетінде перзенті ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар. Солардың ішінде Ұлыбритания, Австрия, Ресей елдерінде ғарышкелер күні белгіленіп, ұлттық мереке ретінде кеңінен аталынып өтеді.1444819112c4qg9

 Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Қазақстан  Республикасының  Парламентінің   қос  палатасы  Сенат пен   Мәжіліс «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының «2 қазан күнін қазақ ғарышкерлері күні»  ретінде жариялау туралы  ұлағатты ұсынысын қолдайды деп кәміл сенеміз. Біз  одан   ұтпасақ,  ұтылмаймыз. Бұл   дата   болашақ  ұрпақ   үшін  керек.

Құрметпен,
құрамында мыңдаған азаматтар бар
«Ұлы Дала Қырандары» республикалық
қоғамдық әлеуметтік – мәдени,  халықтық
қозғалысының  тең төрағалары:
Марат Нәбиев
Сәдібек Түгелbf2d96c31b243d41dc25ae2e5a233261_l

Сондай-ақ, оқыңыз

Құрбан айт қабыл болсын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Құрбан …