Ауыл тұрғындарына түсіндірілді

Бүгін Маңғыстау ауданына қарасты Жыңғылды ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуді аудандық орталық аурухан әкімшлігі мен «Шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Жиынға ауданның бас дәрігері Жанар Нұрлыбаева мен «Шаңырақ» қоғамдық қорының директоры Рысгүл Игілікова және ауыл әкмідігінің мамандары мен тұрғындары қатынасты.

Алғашқы сөзді қор басшысы Рысгүл Әлмішқызы алып қордың бүгінгі тыныс  тіршлігімен таныстырды. Р.Игілікова: «Бүгінгі таңда азаматтық қоғам институты өте қарқынды жұмыс жасауда. Осы ретте біздің қор биылғы жылы аудандық ішкі саясат бөлімінен және де  облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік  мемлекеттік тапсырысы аясында көптеген іс шараларды қолға алды. Соның бірі ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуды алдын алу мен бақылауды ұйымдастыру.Бүгін сіздермен кездесудің мақсаты да сол еді» деді.

Бұдан соң аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жанар Сайынқызы сөз алып, 2018 жылдан бастағалы тұрған міндетті әлеуметтік сақтандыру  жайында ойын ортаға салды. Ж.Сайынқызы: «Ел үкіметінің 2016-2020 жылдарға арналған Денсаулық бағдарламасын жүзеге асыру жүйесі биылдан бастап жұмысын бастады. Аталмыш бағдарламада бес басым бағыттың  жұмысын ұтымды ұйымдастыру біздерге жүктеліп отыр. Оның ішінде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру,ауылдағы амбулаторияның жұмысын  дамытумен жүйелендіру, аэромобильді медициналық көмекті ұйымдастыру секілді ауылдықтарға маңызды мәселелер бар. Енді осы шаруалырды кезең кезеңімен жүрегізуді қолға алып отырмыз.» деді.

Жиында ауылдықтар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын  алды.

 

Қалдыгүл  Мақсатқызы

Аудандық СӨСҚО (ЗОЖ)  маманы
Маңғыстау ауданы.                        

Сондай-ақ, оқыңыз

Құрбан айт қабыл болсын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Құрбан …