Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

10 қазан күні – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай   Шетпедегі  білім беру ұйымдары мен Жастар орталығында  ауыл тұрғындарымен кездесулер  өткізілді. Кездесуді аудандық орталық аурухананың әкімшілігі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы  ұйымдастырды.

Кездесу алдымен «Балбөбек» балабақшасы мен «Балдырған» балабақшасындағы тәрбиешілермен өткізлді. Жиынға аудандық орталық емхананың психологтары Саягүл Дәулеткерейқызы мен Алмагүл Айладыровалар қатынасып, психологиялық тренингтер өткізіп,  дәрістер оқыды. Тәрбиешілер бала мен ата ана арасындағы байлыныс пен қарым- қатынастар жайында өз ойларын ортаға салды. 

Бұдан соң кезедсу одан әрі Жастар орталығында жалғасын тапты. Бұл кездесуге деемхана психологтары мен Ерікті жастар  және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатынасты.

Шарада Саягүл Дәулеткерейқызы : «Казіргі таңда психологиялық ауытқулары көбейіп  бара жатқан  адамдар аз емес. Оның себебі алдымен әлеуметтік экономикалық күйзеліске ұшрауында болып отыр. Казіргітаңда көпшілік несие үй мәселесі секілді күрделі проблемалардан көз ашпай отыр. Сондықтан биылғы жылы қолға алынған ос атаулы күнді бізде ескерусіз қалдырмауды жөн санадық.» деді.

Жастар орталығында өткен жиында «Жас Отан» ЖҰҚ мүшесі Марат Ерниязов сөз алып, казіргі таңдағы психолог мамандығыңың мәртебесі жоғары екендігін алға тартты.

Жиын барысында жастар өздерін мазалаған сауалдарын қойып,ұсыныстарын ортаға салды.  Шара соңында жастармен тренингтер өтіп, деректі фильм көрсетілді.

 

Аллаберген Қонарбаев

           Маңғыстау ауданы.                        

Сондай-ақ, оқыңыз

«Туған жердің болашағы туралы менің арманым»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Зайкенова Зарема Туған …