«Бүгінгі патриот  – Ертеңгі депутат»

Бүгін осындай тақырыппен аудандық жастар ресрстық  орталығы мен аудандық мәслихат депутаттарының  бірлескен жобасы аудан орталығындағы Маңғыстау техникалық колледжінде патриоттық  кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – жастар мен депуттардың арасында байланыс орнату,  жастарды толғандырып жүрген мәселелерді тыңдау, олармен еркін  сұхбаттасу болып табылады.

Жастармен кездесуге Маңғыстау  аудандық мәслихатының ең жас  депутаты Абат Жұмалиев келді. Жас депутат колледждегі студент жастармен   ұстаздар қауымымен кездесіп, пікір алмасты.  Жиынды жастар орталығыңың басшысы А.Қонарбаев ашып жүрігізіп отырды. Жиында колледж директоры Ұ.Сарбалаев  сөз алып: «мұндай шара  өткен жылы бастау алып биыл жалғасын тауып жатырғандығы біз үшін қуанышты жағдай» деді.

Бұдан соң А.Жұмалиев өзінің өмір жолымен еңбек жолын таныстырды. Шара еркінформатта өткен соң  жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын тастап, мектепаралық төбелестерді алдын алу жолдарын, мектептің спорттық құралдармен жабдықталуына ықпал етуін сұрады.

Колледждің студенттері тарапынан қойылған ұсыныстары мен сауалдарына нақты әрі тұшымды жауап берген Абат Жаулыұлы жастардың ұсыныстары аудан әкімінің іс қимыл жоспарында тұрғандығын ескертіп, шынымен жастардың бұлы өзектімәселлеер казіріг мемлекет тарапынан қолдау тауып, биылығы жылы ауыл кәсіпкерінің қолдауымен Ескі Шетпе елді мекенінен спорт кешенінің салынып жатырғандығын қаперге беріп, ұсыныстардыы қолдайтындығын айтып өтті.

«Кездесудің соңы мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта барлық ауылдарға барып ауыл  жастарымен   аймақтық депутаттардың өзара  кездесуін жоспарлап отырмыз. Бұл дегеніңіз ашық азаматтық қоғамның бір көрінісі болмақ. Сондай ақ Елбасының «Нұрлы жол» жолдауын жастар арасында жан  жақты насихаттауға оң ықпалын тигізетін болады.аудандық жастар саясаты ортлағыныңбұл бастамасы басқалар үшін үлгі болмақ. Бұл ретте орталық басшысы Аллаберген Қонарбаевқа депутаттар атынан мың алғыс айтқым келеді.» дейді аудандық мәслихат хатшысы Абзал Сарбалаев мырза.

 

 

Әлия Сейтназарова

Аудандық жастар

орталығының бас маманы

 

Маңғыстау ауданы.                      

Сондай-ақ, оқыңыз

Құрбан айт қабыл болсын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Құрбан …