Шығармашылық

«Қастандық»

Сәдібек Түгел Әңгіме.           Ерейментауға  жетпей, «Астана- Павлодар-Өскемен» тас жолының бойында жол апатына  ұшыраған  мемлекеттік  нөмірі Z 700 RCM  автокөлігімді «Эскалаторға» тиеп   елорданың  Шәкәрім  Құдайбердіұлы атындағы  көшеде  орналасқан «Тойота  қызмет көрсету» орталығына жөндеуге  өткізгеніме   екі  күн  болғанды. Ұялы  телефоныма  менеджер Алмас  телефон соқты.

Толығырақ оқу»

«Биік тауға шықсаңыз, аттарды көздей салыңыз, аға?!»

Сәдібек Түгел. Әңгіме. Жүріс-тұрыстары мен іс – әрекеттері, айтқан сөздері аңыз әңгімеге айналып, үйден-үйге, елден-елге тарап жататын, халықтың құрметіне бөленіп, көз алдында жүретін айрықша жаратылған адамдар болады. Сондай, өткен, 20 ғасырдың елуінші және алпысыншы жылдарындағы қазақ ауылдарының еркелері мен серкелері, басты батырлары  әрине, фронтовик-майдангерлер мен колхоз бастықтары еді.

Толығырақ оқу»

Кешке қарай қаз жеп, қымыз ішіп жату керек

Мен, осындай қорытындыға өз өмірінде тоғыз әйел алып, одан 33 ұл, 20 қыз көрген Ұлы атамыз Сатый батыр Жәйілмісұлының өмірбаяны мен тарихын зерттегенімде көзім жетті. Сатый атамыз қазақ әскерінің шешуші шайқастарда жоңғарларды ойсырата жеңіп, тас-талқанын шығарып жерімізді жаулардан тазартқан кезеңде өмір сүрген, жүрек жұтқан батыр, жекпе-жектерде бір жеңілмеген, аты аңызға айналған ұлт перзенті. Ол кісі туралы мына әңгіме ел арасында кең таралған.

Толығырақ оқу»

«Заправщик немесе «Мен ретсіз келіп қалғаным жоқ па?!»

Сәдібек Түгел. Әңгіме. Бензинді тек бір жерден құю әбден әдетке айналғаны қашан. Сонау, 2006 жылы «Қазанат» кітабым үшін мені, достарыммен туыстарым осы «Джипқа» мінгізді. Содан бері, Жұбанов пен Абай көшелерінің қиылысындағы «Вегаға» барамын, сол станциядан «А-92» маркалы бензинге бакты лүпілдетіп  толтырып алып, сүйікті қалам Астанадағы бітпейтін сансыз шаруаларды орындауға кірісіп кетемін.

Толығырақ оқу»

Жаралы көгершін мен тойынған тарғыл мысықтың айқасы.

  Әңгіме Сәдібек Түгел Кезекті шығармашылық шаруаларыма байланысты 2015 жылдың қазан айының 29 күні таңертеңгі рейспен Астана қаласынан Өскеменге ұшып келдім. Алдын ала келісім бойынша, кикбокстан әлемнің бес дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедігі спорт шебері бауырымыз Асқар Можановтың «Надал» атты қонақ үйінің үшінші қабатындағы бөлмеге орналастым. Жол сумкаларымды қойып, сыртқы киімдерімді шкафка іліп, қалыптасқан әдет бойынша таза ауа кірсін деген ниетпен төр бөлменің үлкен терезесін айқара аштым.

Толығырақ оқу»