Шығармашылық

«Ала бұқа ма келіп, сүйкеніп тұрған»

Сәдібек Түгел Әңгіме. Бұл қызықты оқиға он тоғызыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бірінің жаз айында төр жайлауда төрт түлік малын бағып, мамыражай өмір сүріп жатқан Шаймардан деген болыс байдың ауылында орын алған. Бай биылғы жылы болыс болуының арқасында өзені мен суы мол, шөбі шүйгін жер жұмағы саналатын «Қайыңды бұлақтың» басына бар жүгін түйелерге артып көшіп келді. Дөңестің үстіне он екі қанат киіз үйін тікті. Оған өзінен отыз жас кіші, екі бала …

Толығырақ оқу»

«Жамбас» айғырдың ерліктері туралы хикая

Сәдібек Түгел. Әңгіме. /Болған оқиғаның ізімен/ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынан шыққан «Жамбас» атты айғырға қатысты әңгімілерді елге барған сайын құлағым әр жерден шалып-қалып жүрді. Сабақты ине сәтімен деген, бүгін, 2015 жылдың қазан айының 19 күні айтулы аттың иесі Әлібек Оспанбаевпен «Қасым Қайсенов» кентіндегі қарындасым Салтанат пен күйеу балам Мақсұттың еңселі үйінде осы тақырыпты тілге тиек етіп отырмыз. Әлібек саған қояр алғашқы сұрағым: «Неге, бұл айғырға «Жамбас» деген ат қойдыңдар?». …

Толығырақ оқу»

Николай

СӘДІБЕК ТҮГЕЛ  ПОВЕСТЬ «НИКОЛАЙ» – «Жол алыс. Малдарды жеткізетін жерге дейін 1200 шақырымдай жүру қажет. Сондықтан, ертең таңғы бестен қалмай Ұлан ауданының бұрын «Точка», қазір «Баяш Өтепов» болып аталатын ауылының жанындағы базада болыңыз. Астанаға баратын малдарымыз сол жерден тиеледі – деп «Камаздың» иесі әрі жүргізушісі Петров Николай Григорьевич атты өскемендік азаматқа жақсылап айтып, түсіндірген болатынмын. Жолға шығуға алаңдағанымнан болар, күндегіден ерте ояндым. Далаға шығып, беті қолымды суық суға жудым. Алма …

Толығырақ оқу»

«Қазының» иісі

СӘДІБЕК ТҮГЕЛ «Қазының» иісі.  ӘҢГІМЕ Мыңдаған, миллиондаған көрермендеріне тартымды хабарлар ұсына алатын мәскеулік телеарналардан ұзын бойлы, жарқын жүзді, ақ шашты, Ресей Думасының құқықтық қауіпсіздікті қорғау комитетінің төрағасы, танымал мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Әбдіәліұлы Васильевты көрген сайын есіме инженер Виноградов Александр Иванович түседі. Өйткені олардың өмірбаяндары өте ұқсас. Екеуінің де әкелері қазақ, шешелері орыс қызы. Жастайынан әкеден айырылып, орыстардың ішінде өсіп, бүкіл мінез құлықтарымен, болмыстарымен орысқа сіңісті болып кеткен. Бірақ …

Толығырақ оқу»

Бақытсыз қазақ қыздары. Олар кімдер?

Сәдібек Түгел, жазушы. Әңгіме «Бақытсыз қазақ қыздары. Олар кімдер?» 2015 жылдың қараша айының 30 күні сағат тілі тура 11.00-ді көрсеткенде «Өскемен – Алматы» қалаларының арасына жүретін «Тұлпар-Тальго» жүрдек поезд екінші теміржол вокзалына келіп тоқтады. Нөмірі он екінші вагонның алдынан мені, көп жылдан бері ізетті іні болып жүрген, кездескен сайын «Алматыға келгенде бауырыңызды аттап кетпеңіз аға, оның үстіне мен бұл қаланы бес саусағымдай білем» деп жар салатын Төлубай қарсы алды.

Толығырақ оқу»