«Қазанат»

Қазақ көкпаршылары Түркиядан жеңіспен оралды

Қазақ көкпаршылары Түркиядан жеңіспен оралды

Біздің көкпар командасы шетелден абыроймен оралғанын ести сала, Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Ұлттық ат ойындарының  негізін қалаушылардың бірі, ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті Сәдібек Түгелмен кездесуге асықтық.

Толығырақ оқу»

Теңге ілуден рекорд жасаған жігіт!

Халқымыздың ықылым заманынан келе жатқан ұлттық ойыны Теңге ілу – көбіне қыз ұзату, сүндет тойларында ойналған. Бұл ойында жігіттің атқа мықтылығы, денесін игеріп алған ептілігі, икемділігі сынға салынады. Шүберекке түйілген күмісті сәйгүлік мінген жігіттер жүз елу метр жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен орамалды іліп әкетуге тиіс. Іркіліп тоқтауға, не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Қазіргі жарыс ережесіне сай жігіттің ептілігімен қатар шауып өткен уақыты да есептеледі. Біздің дәуірімізге дейінгі 300 …

Толығырақ оқу»

«Қазанат» атшабарындағы қазанаттар жарысы

Биыл екінші  жыл қатарынан 8 шілде күні  атақты атбегі,  Қазақстан Республикасы «Ұлттық ат спорты түрлері» федерациясының Вице-Президенті Мұстафаев Мұстафа Рамазанұлы Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің туған күніне, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының күніне арналған «Ұлттық ат спорты түрлерінен Еуразия Кубогіне» арналған, «Қазанат» ипподромында дүлдүл жылқылар -қазанаттардың жарысын өткізді.

Толығырақ оқу»

Елбасы атындағы дүбірлі дода

Астанадағы «Ақбозат» ат спорты кешенінде 29-30 маусымда Астана қаласы күніне арналған ат спортының кедергіден секіру түрінен жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Кубогі болып өтті.

Толығырақ оқу»